Магнит өрісі.
2. Мақсаты: Магнит өрісінің физикалық мағынасын түсіндіру.
Дәріс жоспары:
1.Магнит өрісін сипаттайтын шамалар.
2.Ағза ұлпаларының магниттік қасиеттері және магниттік биологияның физикалық негізі.
3.Ағза ұлпаларына магнит өрісінің тигізетін физиологиялық және емдік әсері.
3. Дәріс тезистері:
1. Магнит өрісінің индукция векторы деп шамасы Ампер заңынан ∆F=BI∆L B=∆F/I∆L ал бағыты өрістің кез келген нүктесінде орналастырған солтүстік полюсті көрсететін магниттік стрелканың бағытымен сәйкес келетін векторды айтады. Бұл шама заттардағы магнит өрісін сипаттау үшін қолданылады.
2. Қоршаған ортадағы магнит өрісін сипаттау үшін магнит өрісінің кернеулігі деген шама енгізіледі. H=Bμ μ- магниттік тұрақты.Мұның шамасы өрісті тудырып тұрған өткізгіштің формасына және одан өтетін токтың шамасына байланысты болады, ал бағыты “В” индукция векторының бағытына сәйкес келеді.
3. Магнит өрісінің ағыны деп берілген ауданды қиып өтетін индукция векторының жиынын айтады. Ф=ВScos(α). Мұндағы “α“ — бетке тұрғызылған нормаль мен магнит өрісі арасындағы бұрыш.
Сыртқы магнит өрісінің әсері заттарға өзіндік магнит өрісі бар элементтер мен құрылымдар арқылы беріледі. Заттардың өзіндік магнит өрісі, магнит моменті арқылы сипатталады. М=χН Мұндағы χ — заттың магниттік алғырлығы деп аталады.
Заттар магниттік алғырлығына қарай мынандай түрге бөлінеді:
1. Диамагнеттиктер деп-сыртқы магнит өрісінің әсерін әлсіретіп магниттік қасиеті бар заттарды айтады. Себебі өзіндік магнит өрісінің бағыты сыртқы магнит өрісінің бағытына қарама-қарсы бағытталады.
2. Парамагнетиктер деп-сыртқы магнит өрісінің әсерін күшейтетін магниттік қасиеттері бар заттарды айтады. Себебі өзіндік магнит өрісінің бағыты сыртқы магнит өрісінің бағытымен бағыттас.
3.Ферромагнетиктер бұлардың қасиеті парамагнетиктер сияқты.
Биологиялық ұлпалардың құрамында магниттік қасиеті жағынан пара және диамагниттікке жататын органикалық қосылыстар бар. Бірақ олардың магниттік энергиясы ағзаның жылулық энергиясынан аз болады.
Ағзаның құрамына енетін қасиеттері анизатропты макромолекулалары бар бұлардың магниттік энергиясы ағзаның жылулық энергиясынан көп болады. Сондықтан магнит өрісі биологиялық белсенді макромолекулалардың концентрациясын және бағытын өзгерте алады.
Бұларға жататындар: ферменттер, нуклейн қышқылдары, күрделі протеидтер.
Магнит өрісінің әсері ағза ұлпаларына бос радикалдар бөліне жүретін химиялық реакциялар арқылы беріледі. Бос радикалдардың магнит алғырлығы “χ” кез келген жасанды парамагнитіктерден, диамагнитіктерден артық болады.
Магнит өрісінің әсерінен ағза ұлпаларында жүретін биохимиялық реакциялардың жылдамдығы өзгереді. Яғни магнит өрісінің ағза ұлпаларына тигізетін әсерін зерттейтін биологияның бөлімін магниттік биология деп атайды.
Магнит өрісінің ағза мүшелеріне тигізетін әсері:
1. Магнит өрісі мидың шартты рефлекторлық қызметін өзгеріске түсіреді.
2. Жұлын, оның сұр заты магнит өрісінің әсеріне өте сезімтал болып келеді.
3.Магнит өрісінің әсері жүрек және қан айналу жүйесін өзгеріске түсіреді. Өзгеріс әрі жүрек тарапынан, әрі қанның гемодинамикасы жағынанда байқалады. Яғни жүректің соғуы жақсарады, қанның ішкі айналуы толық қамтамасыз етіледі.
4. Магнит өрісінің әсері эпитальді қабаттың өткізгіштік қабілетін жақсартады. Емдеуден кейін ісіктің, қабынудың ағзаға таралу мүмкіндігі артады.
5. Магнит өрісінің әсерін жарақаттану, зақымдалу олардың қалдықтарын жою үшін қолданылады.
6. Магнит өрісінің әсерінен қанның ұйығыштық қабілеті артады.
7. ЭТТЖ (СОЭ) эритроцидтің тұнбаға түсу жылдамдығы магнит өрісі әсерінен кез келген адамның қанында баяулайды. Яғни қанның құрамындағы эритроцидтің саны көбейеді және гемоглобиннің құрамы жақсарады. Бұл сүйек кеміктерінің қызметінің жақсарғандығын көрсетеді.
8. Магнит өрісінің әсері лимфа жүйелерінің қызметін жақсартады. Емдеуден кейін шеткі бездердің қанмен қамтамассыз етілуі жақсарады. Яғни олардағы лимфойттық жасушалардың саны артады.
9. Магнит өрісінің әсерімен қимыл-тірек аппараттарының, бұлшық еттің қызметін қалпына келтіруге болады.
10. Магнит өрісінің әсерін ер адамдардың жыныс мүшелерінің қызметін жақсарту үшін қолданылады.
4. Иллюстрациялы материалдар: Презентация, слайдтар.
5. Әдебиет:
1. Көшенов Б. Медициналық биофизика: оқулық – Алматы, 2008 ж.
2. Көшенов Б.Медициналық биофизикадан зертханалық жұмыстар: оқу-әдістемелік құрал.-2 бас.,өңделіп толықтырылған.- .-Алматы: Эверо, 2010
3. Сәтбаева Х.К., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы. Алматы.: Дәуір, 2005 – 663 бет.
4. Канкожа М.К. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. Алматы, 2004. – 78 бет.
Арызханов Б. Биологиялық физика, Алматы, 1990.
5. Әдіқасова ,-А.Ә. жалпы физика курсының семестрлік тапсырмалары:оқу құралы .-Алматы: Эверо, 2009.-112 бет
6. Физикалық тәжірбиелер ; жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған құрал. – Алматы: Рауан ,1993.
7. Ү.А. Байзак, Қ.Ж. Құдабаев «Медициналық биофизика және медициналық техника бойынша лабораториялық практикум»
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
1. Заттардың магниттік жағдайы немен сипатталады? 2. Биологиялық жүйелерге магнит өрісінің әсері қалай таралады? 3. Ағза ұлпаларының магниттік қасиеттері немен ерекшелінеді? 4.Ағзаның қандай бөлігі магнит өрісінің әсеріне өте сезімтал болып келеді?