Мүлікті сақтандыру. Азаматты-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру.

Мүлікті сақтандыру. Азаматты-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру.
Мүлікті сақтандырудың экономикалық және қаржылық қалыптасуы.
Мүлікті сақтандырудың негізгі түрлері, тарифтері.
Мүліктік сақтандыру бойынша негізгі шарттары және төлемді ұйымдастыру.
Бұрын 1995-1997 жылдары келіп түскен сақтандыру жарналары мен жасалған сақтандыру төлемдерінің көлемі бойынша компания Қазақстанның ірі сақтандыру мекемелерінің үштігіне кіріп, ал 1998 жылы барлық бәсекелестерін озып жетекші компания болды. (Қосымша №7)
2000 жылы шыққан «Сақтандыру қызметі туралы» Заң мен сол жылы қаращадағы Президент Жарлығымен бекітілген «Қазастан Республикасында сақтандыруды дамытудың 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың нақты құралы болатын және жақсы жұмыс істейтін ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастырудың мақсаты көзделген. 2002 жылдың соңымен 2003 жылдың басында өмірді сақтандыру саласында 5-10 сақтандыру ұйымы жұмыс істеді, сондай-ақ 2-3мамандандырылған қайта сақтандыру ұйымы құрйылуы тиіс.
Сонымен қатар сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын жалпы капиталдандыру 2000 жылдың бас кезімен салыстырғанды 2003 жылдың басында 2,3 млрд теңгеден 5-7млрд. теңгеге дейін, жыл ішінде жиналатын сақтандыру сыйлық ақысының көлемі ішкі жалпы өнімге қатынасы бойынша шамамен – 0,3%-дан, 0,8-1,2%-ға дейін, соның ішінде өмірді сақтандыру бойынша 0,002 %-дан, 0,2-0,5%-ға дейін өсуі мүмкін.
Ұлттық Банктің 2002-2004 жылдарға арналған ақша-несие саясаттың негізгі бағыттарында «сақтандыру нарығында жағдайдың жақсы болып жатқаны» айтылған. Мұның дәлелі ретінде 2001 жылы қыркүйек айының соңында сақтандыру ұймдарының жиынтық меншік капиталы жыл басынан бері 30,1%-ға 4,9млрд. теңгеге дейін (33,3млн. доллар), ал сақтандыру ұйымдарының ішінде «Қазақше,тсақтандыру» ЖАҚ-ң жиынтық активтері (қайта сақтандырушылардың активті үлесін қоспағанда) 1 079,8 млн. теңгеге дейін, ал жалпы активтерінің (ақша құралдары, депозиттер, құнды қағаздар) жоғары жойылу құны 656,7млн. теңге (60,8%—ға) тұрады. (Қосымша №8).
Өткен жылдың аяғында республикада сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясы бар 38 сақтандыру компаниялары болды, оның ішінде екеуі мемлекеттің қатысуымен, бесеуі шетелдік қатысуымен құрылған және біреуі өмірді сақтандыру қызметімен айналысады.
Көптеген сақтандыру ұйымдарының капиталдандырылуының төмен деңгейі ірі тәуекелдіктерді сақтандыруға мүмкіндік бермейді. Мұндай жағдайдан шығудың бір амалы қайта сақтандыру жүйесін пайдалану болып табылады. Отандық қайта сақтандыру нарығы әлі дәрмексіз күйде. Сондықтан сақтандыру ұйымдары Батыстың сақтандыру компанияларының қызметін пайдалануға мәжбүр. Осының салдарынан сақтандыру төлемдері түсімі көлемінің артуы шетелге берілген сақтандыру төлемдерінің өсуімен қабат жүруде. Сөйтіп қыруар қаржы шетелге кетіп жатыр. Қазақстандық сақтандырушылар тәуекелді Бтаыста сақтандыра отырып, мүмкін болатын шығындарды өтеу кепілдігін осылайша қамтамасыз етуде.
Алдағы кезде сақтандыру компаниясының дамыту бағыттарында міндетті сақтандыру түрлерін дамыту жөніндегі жұмыстар жалғастырылмақ. Сонымен бірге сақтандырушыға сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беру қорын құру да көзделінеді. Бұл сақтандыру жүйесіне деген сенімді күшейтуге қызмет етеді.
2003 жылдың басына қарай «Қазақшетсақтандыру» Шетелдік сақтандыру ЖАҚ-ның қоржынында сақтандырудың ерікті мүлікті сақтандыру, ерікті жеке және міндетті түрлерінің үлесі өте жоғары болды. (Қосымша №9)
Сақтандыру қызметінің субъектілері сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары. Ал, сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) – сақтандыру шарттарын жасау және орындау қызметін уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлға. Сақтандыру ұйымы немесе сақтандыру компаниялары сақтандыру қызметінен басқа қызметтің мынадай түрлерін:
уәкілетті мемлекеттік органның нормативік құықтық актілерінде көзделген тәртіппен инвестициялық қызметі;
тиісті жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатым сомасы шегінде өзінің сақтандырушыларына қарыз беруді;
сақтандыру ұйымдары өз қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатуды;
сақтандыру қызметіне байланысты мәселелер бойынша когнсультациялық қызмет көрсетуді;
сақтандыру саласында мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыру мен жүргізуді;
сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалы болуды;
Сонымен қатар, осы аталған қызметтерді жүзеге асыруға құқылы.
Жалпы, сақтандыру компанияларының дамуы айналып келгенде сақтандыру қызметіне төлем жасауға қабілетті сұраныстың болуымен және халықтың ауқатын көтеру деңгейімен байланысты. Ал, бұл жағынан ілгерулер болып жатыр. Соған қарап сақтандыру нарығының дамуы қарқынды бола түсуде.
Сақтандыру – мемлекеттің әлеуметтік саласының бірқатар проблемаларын шешуге және экономикаға инвестиция салуға жәрдемдеседі. Сақтандыру компаниялары ел экономикасына нақты ішкі инвестициялар бола алады, «Қазақшетсақтандыру» ЖАҚ-ның Қазақстанның сақтандыру нарығындағы үлес салмағы 11-12% болды. (Қосымша№10)
Дәріс бойынша қорытынды сұрақтар:
Заңды және жеке тұлғалардың мүліктерін сақтандырудың ерекшеліктері.
Мүлікті сақтандыру түрлерінің даму перспективалары.
Регрессивтік талап.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *