Сақтандыру рыногы.
Сақтандыру рыногының құрылымы.
Сақтандыру делдалдары. Сақтандыру рыногы тұрпатының мінездемелері.
Сақтандыру қызметі ерекше тауар ретінде.
Сақтандыру қызметіне сұраныс пен ұсыныстың көлемдеріне қарай ішкі, сыртқыжәне халықаралық сақтандыру нарықтарын бөлуге болады.
Ішкі сақтандыру нарығы – нақты сақтандырушыларды қанағаттандыруға бағытталған сақтандыру қызметіне тікелей сұранысы бар жергілікті нарық.
Сыртқы сақтандыру нарығы – ішкі нарық шеңберінде орналасқан және осы аймақтан тыс жерлердегі аралас сақтандыру компанияларына да бейімделген нарықты айтады.
Әлемдік сақтандыру нарығы деп – дүние жүзілік шаруашылық аумағындағы сақтандыру қызметіне сұраныс пен ұсыныстың мәнін түсіну керек.
Сақтандыру нарығында ұсынылатын тауар-сақтандыру қызметі. Ол қызмет шарт негізі мен заң негізінде жеке және заңды тұлғаға ұсынылады. Сақтандыру қызметін сату – сатып алу актісі сақтандыру келісім – шартымен бекітіледі және де сақтандыру полисін сақтандырушыға тапсырады. Сақтандыру түрлерінің тізімі сақтандыру нарығының ассортименті деп аталады.
Қазіргі уақытта сақтандырудың әлемдік тәжірбиесінде екі бағыт күшейген:
Сақтандырушылардың қызметін мамандандыру;
Сақтандырушылар қызметінің әмбебап сипатта болуы;
Біріншісі, қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты, яғни бұл процесс сақтандыру ісінде объективтік қажеттілікке айналады.
Сақтандыру нарығы күрделі көп факторлы динамикалық жүйеге жатады, яғни әрдайым өзара әсер етуші және өзара тәуекелді жеке құрамдас бөліктердің біртұтас топқа бірігуі. Сақтандыру өнімдері, тарфтер жүйесі, сақтандырушылардың клиенттерімен өзара жұмыс жасау инфрақұрлымы және т.б. сақтандыру қызметтері саласында өзара әсер етуші құрамдас бөліктерге жатады. Бұл жүйе сыртқы байланыстар арқылы өзін қоршаған ортамен тығыз, өзара жұмыс жасайды. Осылай жүйе мен ортаны ажыратып қарау, таза шартты әдістемелік тәсілге жатады. Сонымен, сақтандыру нарығы- ішкі жүйе мен сыртқы ортаның диалектикалық бірлігі болып табылады.
Ішкі жүйені толығымен сақтандырушы басқарады. Сыртқы жүйе немесе сыртқы орта жеке элементтерден тұрады және осы элементтерге сақтандырушы басқарушылық әсерін тигізеді. Сыртқы орта ішкі жүйені қоршап, оны шектеп отырады.
Ішкі жүйеге басқарылатын айналымдар сақтандыру компанияларының нарықтық жүйесінің ядросын құрайтындықтан енеді. Ең негізгі айналымдар мыналар: сақтандыру өнімдері, сақтандыру полистерін сатуды ұйымдастыру және сұранысты қалыптастыру жүйесі, тарифтердің оңтайлы жүйесі және сақтандырушының жеке инфрақұрылымы. Тиімді коммерциялық жұмыс жүргізе алатын мамандардың болуы, сақтандыру нарығы саласы үшін маңызы өте зор. Осы факторлардың барлығының жиынтығы нарықтағы сақтандыру компанияларының саясатын, оның бет-бейнесін айқындайды. Осы көрсетілген факторлардың ішінен сақтандыру компаниясының бас менеджері тиімді жолды таңдап алуға міндетті. Ең негізгі басқарылатын факторға сақтандыру өнімдері жатады.
Тарифтердің икемді жүйесі сақтандырушы басқаратын ішкі нарықтық жүйенің негізгі құраушысы болып табылады. Сақтандырушы компанияларының басшыларының мақсаты-бағытталған тариф саясатын жасап, оны нарықтың шарттарына сәйкес қолдануы тиіс, яғни олар нарықтағы бағаны, жеіңлдіктерді анықтап береді.
Нарықтың сыртқы қоршаған ортасы-ішкі нарық жүесін қоршап тұрған және оған әсерін тигізетін өзара әрекет жасаушы өзінің нарықтық коммерциялық жұмысын қоршаған сыртқы орта жағдайларында жоспарлап жүргізеді.
Нарық – тұйықталған жүйе, сондықтан да оны қоршаған әлемдік жүйеде сақтандыру нарығы шексіз. Сақтандыру қызметтеріне нарықтық сұраныс сыртқы ортаның басты элементтерінің бірі, оған сақтандырушының нарықтық коммерциялық қызметінің негізгі күш-қуаты бағытталған.
Сақтандырушының шешім қабылдауы келесі экономикалық және психологиялық алғы шапрттарға негізделеді:
адам әрқашанда аз қаржы жұмсап, өзінің сақтық мүдделерін жоғары деңгейде қанағаттандыруға ұмтылады және жұмсаса бұрын, ол ең алдымен шарттағы осындай іс-әрекеттерді қамтитын қағидаларды оқып танысады.
Сақтандырушы әрқашанда тиімді жағын қарастырады, өте жақсы вариантты таба алмағаннан кейін, адам өз тілегі мен оны қанағаттандыру мүмкіндіктерінің арасындағы тиімді тепе-теңдікті тауып, келісімге келеді.
Сақтандыру компаниясының техникалық деңгей факторындағы нарықтың сыртқы ортасына – компьютерлік техникамен жабдықталуы, телефакстың болуын және электрондық байланыс каналдарының болуы жатады.
Дәріс бойынша қорытынды сұрақтар:
Сақтандыру қызметінің бағасы.
Сақтандыру қызметіне әсер етуші факторлар.
Қазақстанның сақтандыру рыногының қазіргі жағдайы.
Қазақстан Республикасында сақтандыру рыногын дамыту мәселелері.