Сақтандырудың жіктемесі.
Сақтандыру жіктемесінің қажеттілігі.
Сақтандыру жіктемесінің негізі.
Қауіп түрі және сақтандыру объектісі бойынша жіктеме: салалары, қосалқы салалары және түрлері.
Кооперативтік сақтандыру- мемлекеттік емес ұйымдастыру түрі. Ресейде кооперативтік сақтандыру 1918 жылы қызметін бастады. Осы жылы «Бүкілресейлік Кооперативтік Сақтандыру Одағы» құрылды. Кооперативтік сақтандырудың қайта өрлеуі 1988 жылы Кооперация туралы Заңның қабылдануына байланысты болды.
Дәрігерлік сақтандыру – сақтандыру қызметінің ерекше ұйымдық түрі. Негізінен бұл денсаулықты қорғауда халықтың мүдделерін әлеуметтік қорғау түрі ретінде қолданылады. Дәрігерлік сақтандырудың субъектілері ретінде азаматтар, сақтандырушы, сақтандырушы дәрігерлік ұйым, дәрігерлік мекеме қызмет жасайды. Сақтандыру объектідері сақтандырудың экономикалық мүдделерімен барлық белгілерінің материалдық иесі болып табылады. Нарықтық экономиканың қалыптасы сатысында объектілерінің сипаттамасына қарап сақтандырудың негізгі 4 саласын ажыратады:
мүліктік сақтандыру.
жеке сақтандыру.
жауапкершілікті сақтандыру
Экономикалық қауіп-қатерден сақтандыру.
Мұндай жіктеу сақтандыруға жататын объектісіне адамның өмірі, десаулығы, еңбекке қабілетті адам жататын сала. Жеке сақтандыру өмірді сақтандыру, бақытсыз жағдайлардан сақтандыру болып бөлінеді және қауіп-қатер, сақтандыру полисі арқылы қарыз беру туралы жағдайларын қамтиды.
Мүлікті сақтандыру – құқықтық қатынас объектісі ретінде әртүрлі мүлік болатын сақтандыру саласына жатады. Оның экономикалық міндеті – сақтандырылған жағдай туғанда болған шығынның орнын толтыру. Сақтандырушының меншігіне жататын мүлікпен қоса, оның иесіне мен оның сақтандырылуына жауап беретін басқа да жеке және заңды тұлғалар бола алады.
Жауапкершілікті сақтандыруды объекті орыныда сақтандырушының белгілі бір іс-әрекеті салдарынан зиян шегуі мүмкін үшінші (жеке және заңды) тұлғалар алдындағы жауапкершілік тұрады. Сақтандыру қызметін бағалауының жалпы міндеттерін шешкенімен, сақтандыруды жүнргізуге мүмкіндік беретін азаматтардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың нақты сақтық мүдделерін ажырата алмайды. Осы нақты мүдделерді ажырату үшін сақтандыру түрлері мен сала бөлімдері айқындалды. Мүлікті сақтандыру сақтандырушылардың әлеуметтік топтары мен меншік түрлеріне қарай сала бөлімдеріне бөлінеді. Осы белгісі бойынша шаруашылық жүргізушілердің субъектілерінің мүлкін ажыратады:
мемлекеттік;
жеке;
жалға берілетін;
жеке меншік құқығындағы жеке азаматтардың мүліктері;
Жауапкершілікті сақтандыруда мынадай сала бөлімдері ажыратылады:
қарызды сақтандыру;
азаматтық жауапкершілікті сақтандыру;
Экономикалық қауіп-қатерден сақтандыру 2 салаға бөлінеді: тура және қосымша зияндардан төленетін қатерді сақтандыру. Тура зияндарға пайданы толық ала алмау, қондырғының тұрып қалуынан болған шығындарға байқамай жіберілген пайда, кәсіпорының банкроттыққа ұшырауы және т.б. жатады.
Мүлікті сақтандырудың жіктелуі ерекшелігі өзара иерархиялық байланысы жоқ қауіптерді ажырату болып табылады:
өрттен мүлікті сақтандыру;
ауылшаруашылық егістерін құрғақшылық пен басқа да табиғат апаттарынан сақтандыру;
жануарларды жаппай қырылудан және еріксіз союдан сақтандыру;
көлік құралдарын апаттан, алын қашудан және т.б. қауіптерден сақтандыру;
Меншік мемлекет иелігінен алынуы мемлекетті халықшаруашылығына әкімшілік басшылық ету мүмкіндігінен айырады. Осындай жағдайда сақтандыру зиянның орнын толтырудың жалғыз тиімді және мүмкін тәсілі болып отыр.
Инвестицияны, сыртқы сауданы және т.б. объектілерді мемлекетаралық қатынастарда қорғау тек сақтандыру қызметінің көмегімен жүзеге асырылады. Сақтандыру қызметтері тәуекелдік, ескертушілік, жинақтаушылық және бақылау функциясы болып бөлінеді.
Ескертушілік қызметі – сақтандыру резервтерінің қаражат арқылы сақтандыру тәуекелділігін азайтуға бағытталған, өрт пен кездейсоқ оқиғалармен күресу шараларын алдын-ала ескерілуін жоспарлау және қаржыландырумен байланысты.
Сақтандырудың жинақтаушылық функциясы – ең алдымен өмірді, ұзақ мерзімге сақтандыру арқылы іске асырылады. Өмірді сақтандыруда сақтандыру категориясы шын мәнінде қаражат жинақтауына қарай несие қатынастарына жатады.
Бақылау функциясы – сақтандыру резервінің арнайы қалыптасыуын сақтандырушының сақтандыру тәртібін орындайтын және жалпы алғанда сақтандыру опрцияларының дұрыс жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Дәріс бойынша қорытынды сұрақтар:
Қазақстан Республикасының сақтандыру жіктемесі: салалары, сыныптары, түрлері.
Сақтандыру жүргізудің нысандары және әдістері.