Сақтандыру курсына кіріспе.
Сақтандыру курсының маңызы.
Сақтандыру қатынастарының объектілері мен субъектілері.
Сақтандыру пәнінің басқа экономикалық пәндермен өзара байланысы.
Сақтандырудың түп-тамыры ежелгі ғасырлар қойнацында жатыр. Б.ғ.д. ІІІ-ші мыңжылдықта вавилондықтарды теңіз шаруашылығында қарыз беру жүйесі болған, осы жүйеге сай іс зиян шегіп тоқтап қалған жағдайда қарыз қайтарылмайтын болған.
Б.ғ.д. 916 жылы жалпы орта мәнін алу жүйесі енгізілген. Бұл жүйе қазіргі сақтандыру тарифтеріне сәйкес келеді.
1584 жылы қабылданған теңіз жүктерін сақатндыру тәртібі жүктерді тасып жеткізу үшін 5% ақшалай сыйлық төлеуді қарастырған. 16 ғасырдың аяғында Англияда теңіз тасымалдарын сақтандыру 1601 жылы Парламент Актісімен бекітілді, ол саудагерлер арасындағы сақтандыру жағдайларына қатысты «Акт» деп аталады. Ұзақ уақыт бойы сақтандыру бизнесі сауда оперциясының бөлігі ретінде өмір сүріп келеді.
1584 жылы сақтандыру полисінде үш сақтандырушы қол қойған, олардың бірі жарты міндетті мойнына алса, екінші жартысын қалған екеуі бөліп алған.
18 ғасырда сауда көлемінің ұлғаюы алғашқы кәсіби сақтандырушылардың шығуына әкелді. Өрттен сақтандырудың элементар түрлері орта ғасырда дамыды. Англияда 30 жылдың ішінде бірнеше тәртіпсіз компаниялар мен бірлескен қоғамдар құрылды. Олар халықтан ақша жинаумен ғана айналысып, нақты жұмыс жасаған жоқ. Сақтандыру ісіндегі ең маңызды оқиға 1797 жылы Орталық Еуропадағы селден қорғану жөніндегі бірлескен сақтандыру компаниясының құрылуы болды. Өмірді сақтандырумен айналысқан алғашқы компания 1706 жылы құрылған. «Достық қоғам» болды.
Ресейде 18 ғасырдың аяғына дейін отандық сақтандыру ұйымдары болған жоқ, тек шетелдік сақтандыру қоғамдарының қызметі пайдаланылады. Сөйтіп көп қаржы шетелге кетіп қалып, Ресей экономикасына зиянын тигізді.
1786 жылы Ресейде мемлекеттік сақтандыру монополиясы бекітілді. Сақтандыру экспедициясы өрттен құрылыстарды сақтандыру, оның құнының 75% көлемінде жүргізілді. Төлемдер жылына сақтандыру соммасының 1,5% құрады.
1827 жылы жеке сақтандыру кәсіпорындары пайда болды. 1846 жылы «Саламандра» акционерлік сақтандыру қоғамы құрылды, ол елдің жекелеген аймақтарындағы құрылыстарды сақтандыру құқына ие болды.
1835 жылы Ресейде жеке сақтандыру ұйымдастырылып «Өмір» жеке акционерлік сақтандыру қоғамы құрылды.
1875 жылы алғашқы үстемдік етуші бірлестік сақтандыру синдикаты ұйымдастырылды. Бұл синдикат 1918 жылға дейін қызмет жасады.
1864 жылы алғашқы өзара сақтандыру қоғамдары пайда болды. 1885 жылы Ресейде шетелдік сақтандыру қоғамдарына қызмет жасауға тыйым салынып тасталды. Шетел капиталының сақтандыру ісіндегі үлесі 1890 жылы 24% жетті. Шетелдік сақтандыру қоғамдары ішкі істер министрлігі тарапынан мемлекеттік бақылауға алынды.
1913 жылы Ресейдің барлық сақтандыру мекемелерінде 21 млрд. Сомның мүлкі сақтандырылды, мұндағы акционерлік сақтандыру қоғамының үлесі-65%; жергілікті қоғамдардыкі-15%; өзара қалалық қоғамдардыкі-8% болды. Орыс акционерлік сақтандыру қоғамдары 1913 жылы 129 млн. Сақтық төлемдерді жинаса, шетелдіктер-12 млн.сом, өзара қоғамдар-14 млн.сом жинады. Сақтандыру қоғамдарының қаржылық ресурстарына ірі инвестициялардың көзіне айналды. Олар мемлекеттік қарыздар мен акцияларға жұмсалынды.
Дәріс бойынша қорытынды сұрақтар:
Қаржы-несие қатынастары жүйесіндегі сақтандыру.
Нарықтық экономика жағдайындағы сақтандырудың рөлі мен мәні.