«Дәріханада негізгі заттарды есепке алу»
2. Мақсаты: Студенттерді дәріханада негізгі заттарды есепке алу дағдыларымен таныстыру.
3. Дәріс тезистері:
Қазақстан Республикасының кабинетінің қаулысы бойынша бағасы 600 теңгеден артық заттардың барлығы негізгі заттарға жатады. Дәріхана мекемелерінде бұларға: дәріхана мекен-жайы, ішіндегі бұйымдар, құрал-жабдықтар, есептеу техникалары, өндіріс, шаруашылық құралдары, қозғалыс автокөліктері және т.б. 600-теңгеден артық тұратын заттар жатады негізгі заттарды.
Бухгалтерлік есепке алу жұмыстарын, жақсы ұйымдастыру үшін осы заттарды классификациялап төмендегідей бірнеше топтарға бөледі: — (по принадлежности) меншіктілігіне қарай жекеменшік және арендаға алынған:
(по видам) түрлеріне қарай – мекен жай және құрылыс, машиналар және құрал жабдықтар, өндіріс және шаруашылық құралдары, қозғалыс автокөліктері, көп жылғы көгергіш өсімдіктер (талдар) және т.б.
(по использованию) қолдануына байланысты – қолданып (жатқан) жүрген, қорда тұрғындар, қолданылмайтындар (ескірген, кейбір заттары жетіспейтін және т.б.), арендаға берілгендер;
өндіріске қатысуына байланысты — өндірістік және өндірістік емес.
2. Негізгі заттарды есепке алудың атқаратын міндеттері:
— негізгі заттардың (наличие) бар-жоқтығын, қозғалысын және сақталуын бақылау;
— есепке алу құжаттарына негізгі заттардың ескеру аударымдарын және амортизациялық қорын бекітілген мөлшерлермен сәйкес дұрыс (көрсетілуін) бақылау;
— негізгі заттардың өз-ара ішкі (перемещение) қозғалыстарын қадағалау;
— негізгі заттардың сатылуынан түскен табыстар мен амортизациялық (отчисление) пайдалануын бақылау.
Дәріханаға түскен негізгі заттар, осы заттарды жіберген мекемелердің (поставщиктер) счеттары мен накладнойлары арқылы немесе жоғарғы мекеменің сол заттарды жасағаны және қолдануға берілгені туралы акт арқылы есепке алынып қабылданады (оприходуют). Түскен негізгі заттарды ОС-1 формалы (акт примеки-передачи) қабылдап-тапсыру актісіне тіркеп бухгалтерияға өткіздіреді. Ал бухгалтерияда бұл негізгі заттарды есепке алу инвентарлық карточкаларын толтырады.
4. Иллюстрациялы материалдар: слайд түріндегі презентация
5. Әдебиет:
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
1. Дәріханадағы негізгі заттар дегеніміз не?
2. Негізгі заттардың атқаратын міндеттері қандай?
1. Тақырыбы «Материалды құнды заттарды есепке алу»
2. Мақсаты: студенттерді материалды құнды заттарды есепке алу дағдыларымен таныстыру
3. Дәріс тезистері:
Негізгі заттарды екі себептермен есептеп шығаруға болады: 1) әбден тозығы жеткен кезде; 2) жоғары мекеменің бұйрығы (распоряжению) бойынша бір мекемеден екінші мекемеге заттарды берген кезде, яғни бір мекеменің балансына берген жағдайда.
Бұларды есептен шығару үшін арнайы комиссия ұйымдастырылады. Олар заттардың тозығын анықтау үшін арнайы нұсқаудың талаптарына сүйене отырып жұмыс істейді. Егерде комиссия мүшелері заттарды жарамсыз деп (списать еткенде) ұйғарғанда N4-ОС формалы актісін жазады, ал бір мекемеден екінші мекемеге берген кезде N1-ОС формалы қабылдау беру (приемки-передачи) актісін толтырады. Заттарды жарамсыз болғанда және басқа мекемеге берген кездерде оларды шығыс ретінде есептен шығарып тастайдыда осы жайында N13-ОС формалы «тұрған жерінде немесе қолдануына байланысты негізгі заттардың инвентарлық тізімі» деген жерде белгілеп қояды.
Дәріханадағы бағасы аз және тез тозатын заттарға бағасы 600 теңгеден кем заттар жатады. Олар: штанглас комплектілері арнайы және санитарлық киімдер және т.б. заттар.
Бағасы аз заттар N2-MБ формалы, «бағасы аз және тез тозатын заттарды есепке алу» карточкасы арқылы есепке алынады. Арнайы және санитарлық киімдер (халаттар мен қалпақтар) N7-MБ формалы арнайы және санитарлық киімдерді алу және қайтарып беруді есепке алу ведомостарында есепке алынады. Бұл ведомоста күні, қызметкердің аты-жөні, қызметі, берілген заттар, олардың саны, берілген мерзімі, алғанын дәлелдейтін қойылған қолы және қайтарылғаны туралы белгілері көрсетіледі.
Әрбір берілген заттарға дәріхананың нөмері, жылы мен айы көрсетілген штамп басылады. Қызметкерлер жұмыстан шығып кеткен жағдайда алған заттарының барлығын материалдық жауапкершілігі бар қызметкерлерге тапсыруы керек.
Бұл заттарды есептен шығару үшін комиссия толтырып жазуы керек.
Тұрғындарды қабылданған дәрілік шөптер N 4-АП формалы қабылдау квитанциясын толтыру арқылы қабылданады. Олар – дана болып жазылады. Сатып алынған дәрілік шөптер жоғарғы мекеменің рұқсатымен N 19-АП формалы акт арқылы тауарға айлық белгіленген баға арқылы сатылады.
Сапасы нашар немесе бұзылған дәрілік шөптреді жоғарғы мекемелердің рұқсаты бойынша есептен шығарып, жойып тастау керек.
Басқа да құнды заттарға жататындар: отын (ағаш, көмір, жанар май), құрылыс материалдары, қосымша бөлшектер (запчасти) және т.б. осы көрсетілген заттардың қозғалысы дәріханада N 25-АП формасында есеп беру журналында көрсетіледі. Осы құнды заттар аттарына (найменование), сандарына және бағаларына қарай N 17-M формалы материалдарды қоймалық есепке алу карточкасы және N 20-M формалы (оборотный) обороттық ведомостар арқылы дәріханада есепке алынып тұрады.
4. Иллюстрациялы материалдар: слайд түріндегі презентация
5. Әдебиет:
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
1. Материалды құндылықтар дегеніміз не?
2. Негізгі заттарды қандай себептермен есептен шығаруға болады?