Еңбек ақы қорын және еңбек көрсеткіштерін жоспарлау

«Еңбек ақы қорын және еңбек көрсеткіштерін жоспарлау»

Мақсаты: студенттерді еңбек ақы қорын және еңбек көрсеткіштерін жоспарлаумен таныстыру

Дәріс тезистері:
Еңбек ақы еңбек міндеттемелеріне орындаудағы жұмысшыға белгіленген сыйы.
Әрбір қызметкерлердің ақысы, атқарылған жұмыстың мөлшеріне, сапасына байланысты жұмыс беруші тағайындайды және максимальды шектеумен шектелмейді.
Екі түрлі еңбек ақысын ажыратады:
Негізгі еңбек ақы-жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытында яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне премия мерекелік күндер, түнгі уақытысы, қосымша жұмыстар, қалыпты еңбек жағдайынан ауытқуымен байланысты қосымша ақы үшін негізгі еңбек ақы төленеді.
Қосымша еңбек ақы – еңбек ету заңдарынан сәйкес шарттарда қаралып белгіленген жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыста, қызметте болмаған уақытында төленетін төлемдер жатады. Оларға:
жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер;
мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарының атқарғаны үшін төленетін төлемдер;
жас сәбилі аналарға берілетін демалысқа, баланы тамақтандыру үшін берілетін үзілістерге төленетін төлемдер;
жас өспірімдердің қысқартылған жұмыс уақытына төлемдер;
кінәсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытында төленетін төлемдер.
Кәсіпорындарда еңбек ақы үш түрлі элементте анықталады: тарифті жүйе, еңбекті нормалау (тарифсіз жүйе), еңбек ақы формалары бойынша.
Тарифті жүйенің көмегімен жұмыстың барлық түрі күрделігіне және көп еңбек сіңіруді қажет есетіндігіне қарай топтастырылады және жұмысшы қызметкерлерді мамандық дәрежесіне қарай тариф бойынша әртүрлі еңбек ақы мөлшері белгіленеді. Тарифте мамандықтар бойынша өндірістің қай саласында болммасын негізгі әрбір түріне жұмыстың күрделілігімен қаншалықты еңбек етуіне керекті ұқыптылық пен жауапкершілікке қарай берілген көрсетіледі. Әртүрлі разрядтағы жұмыс пен жұмысшылардың еңбек ақысыының тепе теңдігін көрсету, бір сағат немесе бір күндік ақысының көлемін көрсететін тарифтік сетка арқылы тарифтік жүйенің тарифтік ставкасын енгізеді.
Тарифтік ставка (оклад) – қызметкерлердің жұысы уақытысында қалыпты (белгілі бір) жұмысты орындаудағы белгіленген төлем ақы.
Тарифтік сетка – бұл разряд теңдігінің шкаласы және оған енгізілген коэффициенті.
Тарифсіз жүйе – қызметкерлердің орындаған жұмысының нәтижесіне қарай еңбек ақысын ббелгілейді. Тарифсіз жүйе келесі белгілермен анықталады. Жұмысшы еңбек ақы деңгейімен еңбекақы фонды арасындағы байланыс жұмыстың ұжымдық нәтижелерін есептеу (бұл жағдайда тарифсіз жүйе еңбек ақы ұжым бойынша төлеу қаласына жатады), әрбір жұмысшыға тұрақты (тұрақты коэффициенттерді) оның квалификацияялық деңгейімен жұмысшының еңбек әрекетіне, енгізілген жалпы нәтижелерінің еңбек кірісін жүйелі түрде анықтап кіргізіледі. Әрбір жұмысшыға әрекетінің нәтижелеріне еңбектің қатысу коэффициентін жүргізеді. Ол жұмысшының квалификациялық деңгейін бағалауға қосымша мүмкіндік береді. Тарифсіз түрге: «Еңбек ақының тарифсіз жүйесі», еңбек ақының комиссиялық жүйесі кіші кәсіпорындарда еңбек ақыны ұйымдастыру жүйесі жатады.
Тарифтік және тарифсіз жүйелік еңбек ақысы 2 түрге бөлінеді:
уақытысымен – ақы жасалған жұмыс уақытысымен, қызметкер квалификациясымен және еңбек жағдайы жасауына қарай;
кесімді – бұл ақы өндірілген зат сапасына, көлемміне, жұмыс күрделігіне, еңбек жағдайына қарай.
Кесімді еңбекақы түріне:
тікелей кесімді – бір бағалы еңбек ақы;
сыйлықты кесімді – еңбек ақыдан бөлек, нақты жұмыс көрсеткіштеріне жету үшін еңбек ақы көлемінде сы ақы беру.
Белсенді кесімді нақты еңбек –
Уақытылы еңбек ақы түріне:
қарапайым – еңбек ақысы жұмыс уақытысының санына байланысты;
сыйлықты – қызметкерлерге тек белгілі еңбек ақы ғаға емес, сыйлық ақыда төленеді.

4. Иллюстрациялы материалдар: слайд түріндегі презентация

5. Әдебиет:

6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
Қосымша еңбек ақы дегеніміз не?
Кесімді еңбекақы түрі.
Уақытылы еңбекақы түрі.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *