«Дәріханадағы тауарлар қорын және оларды жоспарлау»
Мақсаты: студенттерді дәріханадағы тауарлар қоры мен оларды жоспарлаумен таныстыру
Дәріс тезистері:
Жалпы, дәріхананың шаруашылық заттары негізгі және айналымдағы заттар болып екі топқа бөлінеді. Негізгі заттарға бағасы 600 теңгеден жоғары заттар, яғни дәріхана ғимараты, құрылыс, қолдануы жылдам бір жылдан асатын құрал-жабдықтар жатады. Айналымдағы заттарға тауарлы-ақша заттары және басқа да заттар жатады. Қолданылуы белсенді заттарға құндылықтарға жатқызуға болады. Бағасы аз және төмен тозатын заттарға бағасы 600 тенгеден төмен болатын және қолдану мерзімі 1 жылғы дейінгі заттарды жатқызуға болады, яғни көмекші заттар, ббарлық түрдегі ыдыстар (М. Характера). Егер д.х-ның шаруашылық заттары 100% деп алар болсақ, оның 20%-ін негізгі, ал массасы (85%) тауарлар болып, табылады. Тауарлар қоры реализация көлемін тауарлармен және тұрғындарды дәрі-дәрмектер, басқа да дәріхана ассортиментіндегі заттармен қамтуға қажет базаны құрайды.
Минимальды тауар қоры мен белсенді қолданылатын құндылықтарды ұйымдастыруға қажетті заттар, дәріханаға меншікті немесе заемді айналым заттары түрінде пайдалануға беріледі. Тауарлар қоры қолдануына қарай ағымдық қажеттілік, маусымдық және мақсаттық тауарлар қоры болып жіктеледі. Ағымдық тауарлар қоры жыл бойында кәдімгі реализацияны қамтамасыз ету мақсатында толықтырылып отырылады.
Маусымдық тауарлар қоры жылдық белгілі периодында, шалғайда орналасқан дәріхханаларда құрылады. (М: минералды сулар, дәрілік шикізаттар және т.б.).
Белгілі бір мақсатқа арналған тауарлар қоры денсаулық сақтаудың арнайы міндетін орындау үшін ұйымдастырылады:
Эпидемиямен күрес, тұрғындарға жаппай вакцинация жүргізу;
Тауарлар қорын сақталу орнына байланысты жіктеуге болады:
қоймадағы тауарлар қоры;
дәріхана желісіндегі тауар қоры;
жолдағы тауар қоры.
Тауарлар қорының мөлшеріне әсер ететін факторлар:
реализация көлемі (сбыта);
д.х тауарларының ассортименті;
тауарлармен қамту жүйесінің, ұйымдастырылды;
жеткізудің жиілігі мен комплектілігі (поставка);
д.х. қоймасынан қашықтығы және т.б.
Норматив бойынша күндік тауарлар қоры неғұрлымжоғары болса, тауарлар қорының сомасы (бағасы) да соғұрлым жоғары болады. Дәріхана тауарлар қоры ассортиментінің жарамды мерзімі, қолданылуы, пайдалану жиілігі бойынша әртүрлі болды, тауарлар қорына елеулі әсерін тигізеді. М. Вакунилар сирек қолданылады, бірақ дәріханада бұл заттың қоры шеткілікті болуы керек. Тауарлармен қамту жүйесін ұйымдастырудың нәтижесінде, дәріханаға тауарлардың бір бөлігі жеткізуші зауыттардан, ал бір бөлігі қоймаларддан жеткізіледі.
Дәріхананың жеткізушілерден шалғайға орналасуы, тауарлар қорының мөлшеріне кері әсерін тигізеді.
Дәріханалардағы оптимальды тауар қоры қандай болуы қажет:
Қор, дәріхананың үздіксіз жұмыс жасауына және тұрғындардың дәрілік заттарға сұранысын қанағаттандыруға жеткілікті болуы қажет. Дәріхана тауарлар қоры ассортиментінің қажетті мөлшерінің болмауы, жұмыс уақытын рационалсыз жоғалтуға әкеледі. Ал тауарлар қоры көбейіп кеткенде, материалды құндылықтардың активті бөлігі азайып, тауар айналымы төмендеййді, сақтауға, анализ жүргізуге, буып-түюге тауарлардың аз мөлшері жұмсалады. (айналым шығындары өседі).
Тауар айналғыштығы деп тауардың айналу жылдамдығын айтамыз.
Тауар айналғыштығына әсер ететін факторлар:
тауарларды жолда болу уақытын азайту;
тауарларды қабылдауды жылдамдату, оларды сақтауды рационалды ұйымдастыру;
дәрігерлерді дәрі-дәрмектер туралы мәліметтермен хабардар ету;
тауарлардың қажетті ассортименті және т.б.
4. Иллюстрациялы материалдар: слайд түріндегі презентация
5. Әдебиет:
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
Жалпы дәріхананың шаруашылық заттары қандай топтарға бөлінеді?
Дәріханалардағы оптимальды тауар қоры қандай болуы қажет?