Дәрілік препараттарға деген баға айналымының негізі

«Дәрілік препараттарға деген бағаайналымының негізі»

Мақсаты: студенттерді экономикада баға және бағаайналымының негізімен таныстыру.

Дәріс тезистері:
Баға сұраныс және ұсыныс сияқты маңызды экономикалық категориялардың бірі болып саналады. Бағаның бағалы емес факторлардың өсуіне қарамастан маңызды элемент болып қала береді. Ол тұтынушының сол тауарды сатып алу шешіміне әсер етеді, ал дәріхана үшін табыс әкелу көзі болып саналады.
Баға және бағаайналымы сауда орындарындағы экономиканың шешуші элементтерінің бірі болып табылады. Баға – күрделі экономикалық категория. Түгелдей қоғам, экономиканың дамуындағы барлық негізгі мәселелер тікелей осыған байланысты. Бұлар – тауардың өндірісі мен реализациясы, құнының, құрылымының жоспарлануы, қолданылуы мен таралуы.
Баға барлық тауарлы-ақшалы қатынастарды қалыптастырады. Жалпылама түсіндірер болсақ, баға – тауардың ақшалай көрсетілген құны. Кезегінше, тауар құны оны өндірудегі еңбек шығыны қатысында құрылады.
Бөлшек баға – бұл соңғы тауар бағасы, яғни тұтынушылардың сол тауарға төлеген ақшасы.
Дәрілік препараттардың бағаайналымының құрылымында қолданылады:
мекеменің еркін босату бағасы;
еркін көтерме (босату) бағасы;
еркін көтерме бағасы;
дәрілік препараттарға деген еркін бөлшек бағасы;
бағалық саясат;.
Бағаайналымының мақсаты. Бағаайналымы жүйесіне қатысатын факторлар.
Фармацевтикалық ұйымдардағы бағалық саясат мақсаты ориентирдің 3 тобын бөліп қарастырады:
тауарайналым
табыс
конкуренттер (бәсекелестік)
Тауар айналымының негізгі мақсаты абсолютті көрсеткіштер түрінде де көрсетілуі мүмкін (мыс, табиғи бірліктігі, тауарайналымының өсуі) сол сияқты салыстырмалы көрсеткіштерде де (мыс, өсім темпінің артуы, базар үлесі). Тауар айналымының мақсаты ағынды (қысқа мерзімді) бола алады, және стратегиялы (ұзақ мерзімді) бола алады. Олар ұйым мақсаттарымен тікелей байланысты болуы шарт.
Бағалық стратегия және бағаайналым әдістері. Стратегия сөзі іс-қимылды орындау өнері деп түсіндіріледі. Бағалық стратегия – бағаайналым жолындағы нұсқаулық шешімдердің қабылдануы.
Дәрілік препараттарға бөлшектік баға құрылғанда дәріханада 2 методикалық әдісті ұсынады:
дайын дәрілік препараттарға бағаайналым
дәріханада дайындалған дәрілік препараттарға бағаайналым.

4. Иллюстрациялы материалдар: слайд түріндегі презентация

5.Әдебиет:

6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
Баға – экономикалық категория ретінде. Бағалық саясаттағы реализацияның сатылары.
Бағаайналымының мақсаты мен факторлары.
Бағалық стратегия және бағаайналым әдістері.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *