Қазақстан Республикасындағы меншіктік қатынастардың қайта құрылуы

Қазақстан Республикасындағы меншіктік қатынастардың қайта құрылуы

Бұрынғы КСРО кезінде қоғамдық меншік біртіндеп дамып және өндірістің барлық өмірлік маңызды фактор¬ларын қамти отырып, қоғамда меншік формаларының ауысуына әкелді. Меншік қатынастарындағы революция¬лық өзгерістер тек бұрынғы КСРО-да ғана емес, сонымен қатар нарықтық жүйесі құрылған көптеген дамыған елдер¬де де болды. Егер ТМД елдерінде меншіктік қатынастар «нарыққа оралу» принципі бойынша дамыса, ал батыста меншікті қоғамдастыру процесі тұрақты жүріп жатты. Мысалы, АҚШ-та 10 млн-ға жуық адам толық немесе жартылай жұмысшы ұжымдарына жататын кәсіпорындарда жұмыс істейді.
Әлемде қазір меншіктік қатынастардың өзгеруі жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу негізінде өтуде. Меншікті мемлекет иелігінен алу экономикалық реформаны жүргізу кезеңінде пайда болып, «Отандық өндіріс» термині деген түсінікпен экономикалық категорияға кірді. Барлық басқа елдерде мемлекеттік меншікті қайта құру процесі жекешелендіру деп аталады.
Мемлекет иелігінен алу — бұл мемлекетті экономи¬ка¬лық өмірді жоспарлау жөніндегі қамқорлығы мен жауап¬кершілігінен босату және тікелей шаруашылық басқару қызметінен босату болып табылады.
Мемлекет иелігінен алудың негізгі принципі — бұл еріктілік, еңбек ұжымдары мен жекелеген азаматтардың экономикалық қызығушылығы, жариялылық, мемлекет пен халықтың қызығушылықтарын сақтау. Барлық осы шаралар ұйымдастырылу, басқару және жұмысшылардың материал¬дық қызығушылығын тудыру негізінде еңбек өнімділігінің өсуіне әсер етуі керек.
Мемлекет иелігінен алудың бір бағыты — ол жеке¬шелен¬діру. Жекешелендіру — бұл ақысыз тапсыру, сату, акцио¬нерлеу, жеке тұлғаларға және тұлғалар топтарына жалға беру, т.б. жолымен монополистік мемлекеттік меншікті бөлшектеу. Жекешелендіру нәтижесінде мемлекет бұрынғы өзінің меншік объектілерін иелену, билеу және басқару құқығын жоғалтады.
Жекешелендіруді кейде әлемді жаулап алатын тын¬ыш революция деп те атайды. Негізінде, қазір, бұл процеске түрлі әлеуметтік экономикалық қатынастардағы әлемнің 50-ден астам елдері қатысады. Осы қайта құруларға ұмтылу¬шы¬лық әлемде, әсіресе 1981 жылдан бастап күшейді және қазір олар меншіктің жаңа қатынастарын құрудың өзекті процесі ретіндегі даудың кез-келген деңгейі мен идеологиялық бағыттарынан тәуелсіз барлық елдерде жүргізіледі.
Жекешелендірудің негізгі себебіне тәртіп бойынша мемлекеттік кәсіп¬орындар ұлттық байлықты жұмсаушы болып табылатын, бюджеттік дағдарыстар әсерінен болған қаржы тапшылығы жатады.
Жекешелендірудің басты мәселесі — экономиканың жеке секторында тауарлар мен қызметтер өндірісінің басым бөлігі орталықтанатын институционалдық өзгерістерді қамтамасыз ету. Мақсаты — мәжбүрлі мемлекеттік тапсыр¬ма¬ны қысқарту, тауарлардың нарықта еркін сатылуын кеңейту, бағаны бейтараптандыру, тауар өндірушілердің бәсекелестігі мен олардың экономикалық жауапкершілігін қамтамасыз ету. Алайда, осының барлығы экономикалық және заңды нормативтер негізінде мемлекетті реттеушілік қызметтен босатуды білдірмейді. Жекешеленген кәсіп¬орын¬дардың барлық жеке және заңды иелері тек эконо¬ми¬калық және заңды борыштарды атқаруға, яғни олардың сақталуына, көбеюіне, меншік объектілерінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен қатар нарықтық жүйе инфрақұрылымын құруға келісті. Алайда түрлі ел¬дердегі жекешелендірудің нақты қадамы түрлі нәтижелер берді.
Реформаны өт¬кі¬зу¬дің қажеттілігіне мемлекет халықты сендіру, нарыққа қызығушылық қатынас¬тарына тәрбиелеу үшін барлығын істеуі керек еді. Осының барлығына уақыт керек еді, ал ол болған жоқ.
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бойынша ҚР бағдарламасы үш кезеңде жүргізілді:
жаппай жекешелендіру;
шағын жекешелендіру;
дербес жобалар бойынша жекешелендіру.
Жаппай жекешелендіру 1992 жылдан басталды. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді 3 кезеңде 31 мың кәсіпорындарда жүргізу болжанды. Бірінші кезеңде (1992-93 жж.) шағын жекешелендірудің 50% объектілерін жекешелендіру болжанған.
Екінші кезең (1994-95 жж.) орта және ірі кәсіпорындарды жекешелендіру. Алайда, 1992-93 жж. жекешелендіру нәтижелері бойынша тиімсіз, ақысыз жіберілетін объекті¬лер саясатынан оларды өткізуге 1994-95 жылдарға ауысты. Осы уақыт ішінде әр түрлі көлемдегі 20 мыңнан аса кәсіп¬орын¬дар жекешелендірілді. Жекешелендірудің дербес жобасы бойынша үшінші кезеңі әлі жалғасуда.
Қазір осы қабылданған заңдарға кәсіпкерліктің барлық формаларын қорғауға арналған заң актілерін қабылдау қажет, яғни тек меншіктің барлық формаларының теңдік декларациясы ғана емес, сонымен қатар даму және жеке меншікті заңдық және қаржылай қолдау қажет. Әлемде мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру нәтижесінде меншіктік қатынастар аралас экономикалық жүйені құру мен нарықтық қатынастарға көшу жағына қарай дамуда деп сенімділікпен айтуға болады. Мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру нәтижесінде қазір ҚР-да меншіктің жаңа қатынастары пайда болды. Олар:
— жеке мүлікті — жеке тұлға ретінде кәсіпкер иеленеді;
— ұжымдық тұлғалар тобы мен ұжымдар мүлкінің иелері (заңды тұлға ретіндегі жалдық және халық¬тық кәсіпорындар, қоғамдық шаруашы¬лық¬тардың формасы);
— мемлекеттік — меншік пен оның халқының меншігін үкімет басқарады.
Республика заңымен жеке және заңды тұлғалар мүлкін біріктіру негізінде меншіктің аралас формаларын құруға болады. Қазір әлемде меншікті мемлекет иелігінен алып, жекешелендіру нәтижесінде меншіктің жаңа қатынастарына көшу дамуда деп айтуға болады.
Республикадағы аралас экономикалық жүйе моделі (үлгісі) мемлекетке пайданың шексіз қорын алуға мүмкіндік бермегендіктен, «әлеуметтік нарықтық экономика» түріне көшуде. Өндірістің меншік иелерінің осы принципті бұзуы қоғамдық шиеленіске, әлеуметтік жағдайды нашарлатуға, үкіметке сенімді жоғалтуға, көп ұлттық меншікті мемлекет иелігінен алу жағдайы қоғамдық қорғанысты әлсіретуге әкелуі мүмкін.
Республикада жүргізілетін реформалардың мақсаты — мемлекет экономикалық субъект болмай, бөлу қатынастары¬ның монополиясын жүзеге асырмайтын, меншіктің барлық объектілерін бақыламайтын нарықтық принципке бағдарланған меншіктік қатынастарды құру.
Әлемдік тәжірибе негізінде республикада жүргі¬зі¬лген реформалардың нәтижелері, негізінен келесі әдістермен іске асырылған:
нарықты бейтараптандыру;
— аралас кәсіпорындарды құру үшін жағдайлар жасап, оларды дамыту;
бәсекелестік ортаны қалыптастыру;
— мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру жолымен меншікті мемлекет иелігінен алу.
Реформа кезінде Қазақстан нарықты бейтараптандырудың жоғарғы дәрежесі мен экономиканың ашықтығына жетті, жеке меншік жалпылық сипатқа ие болды. Бірақ жүргізілген жекешелендіру еңбек өнімділігі мен құндылықтардың күрт төмендеуіне әкелді.
Сонымен, ҚР-да жүргізілетін экономикалық реформаның негізіне мыналар жатады:
1. Шаруашылық субъектілеріне меншік формасының ерікті және сапалы түрлерін таңдауға мүмкіндік беру. Меншік оны кім билейтініне қарамастан жұмыс істейді, ал ол жұмыс жасаудан бас тартты деген пікірлер туындаған.
2. Меншіктік қатынастар меншік субъектісі мен объектісін жақындатуға тырысады. Субъектіге -еңбек етушілер, жеке меншік иелері, кәсіпорын ұжымдары жатады. Егер меншікті шеттету жеңіп шықпаса немесе осы жеңіп шығу тек қағазда жазу түрінде ғана болса, онда қазіргі меншік өзінің мотивациялық күшінен айрылып, шығармашылық бастамашылық болуын доғарады. Нарық пен жеке меншіктің басты артықшылығы — бөлу және ынталандыруды жоғалтпай, нарықтың өзін-өзі реттеушілік заңы «көрінбейтін қол» әрекетін жоймауы.
3. Жеке кәсіпкерді заңдық және қаржылық қатынастарда қолдау, меншік иесін, шағын және орта бизнесті жеңілдетілген несие, шикізат, материалдарға жеңілдікті, жалгерлікті қамтамасыз ету.
4. Қазақстанның өтпелі экономикадағы жеке меншіктік қатынастарының өзгерудегі ең қиын мәселе — мемлекеттік меншікті билейтін органдарға бақылау жүргізу болып табылады. Олар мемлекет иелігінен алып, жекешелендіруді жүргізе отырып, еңбек етуші меншік иелерінің пайдасын қорғау ісіне үнемі қатыспайды. Экономикалық қылмыс, алдау, сату, сатып алу қылмыстың жай түрлеріне айналуда. Осының барлығын жеңу үшін қандай тәсілдермен болмасын «өзін-өзі сыйлауға» мәжбүр ететін күшті және беделді мемлекеттік билік қажет. Ол үшін, мемлекет меншіктік қатынастардың тиімді және әлеуметтік әділ жүйесін құру керек.

Түйін
Меншік қоғамдық өмір мен өндірістің негізі болды, болып отыр және бола береді. Меншік формаларынан тек өндірістік қатынастар ғана емес, сонымен қатар қоғам¬дық өмір, қоғамның әлеуметтік және мәдени тетік¬тері мен мемлекеттік институттар пайда болады. Кез-келген меншік екі қасиетпен көрінеді: заңдық — иелену, билеу, басқару, пайдалану, меншіктену, мүліктік құ¬қық¬тық, экономикалық неғұрлым өспелі ауқымдарда¬ жалпылылық, қайталанушы-лық, ұдайы өндірістік қатынас¬тар.
Қоғамдық-өндірістік қатынастар — меншік формала-ры¬ның түрлі мазмұндарымен және ерекшеліктерімен айқындалады; ал жеке меншіктік қатынастар – жеке қоғамдық, кооперативтік, ұжымдық, корпора¬тивтік, мемлекеттік т.б. тұрады.
Меншіктің екі анықтаушы формалары: (жеке және қоғамдық) жеке меншік — тікелей, ал қоғамдық жанама болады.
Меншік формаларын өзгертуде жүргізілетін экономи-калық реформа, мемлекет иелігінен алу және Қазақстан-дағы меншікті жекешелендіруде маңызды орын алады.

Жаңа терминдер мен түсініктер
Меншік
Меншік субъектісі
Меншік объектісі
Құқық
Билеу
Басқару
Меншіктену
Тікелей
Жанама
Шеттету

Практикум
1. Меншік неге адамзат қоғамының өндірістік-экономикалық қатынастарының негізі болып табылады?
2. Қоғамдық меншікке негізделген экономикалық жүйе неге капитализммен экономикалық жарыста объективті ұтылысқа ие болады?
3. Меншіктің әр формаларының кемшіліктері мен артықшылықтарын айыра білу
Меншіктің қай формасында адамзат қоғамының болашағы дұрыс дамитынын дәлелдеу
Меншік формаларының бір-бірінен табанды айырмашылықтарын білесіз бе?
ҚР-ғы жекешелендіру мәселелерін анықтау

Қайталауға арналған сұрақтар
1. Меншік формаларына анықтама беріңіз?
2. Меншіктің заңдық және экономикалық жақтарының айырмашылықтарын анықтауға қандай факторлар әсер етеді?
3. Адам мен қоғам өміріндегі меншіктік қатынас-тардың рөлі мен мәнін негіздеңіз?
4. Мына ойды қалай түсіндіруге болады: «Жеке меншік — жекеленген, ал қоғамдық — иесіздендірілген»?
5. Сіздер қалай ойлайсыздар, болашақта ҚР-да меншік¬тің қай формасы бекітіледі?
6. К.Маркс түсінігін негіздеңіз — «Шенеуініктер жеке меншік сияқты мемлекеттік және саяси билікті меншіктенеді?

Тестілер
1. Меншіктік қатынас — бұл құқық. Иелену құқығына ие болу деген не? Өндірістік қатынастарсыз иеленуге бола ма?
2. Меншік — адамдар арасында тарихи өзгеретін жүйе:
а) өндіріс процесі мен қызмет көрсетудегі объективті қатынастар
б) материалдық игіліктерді бөлу және оларды тұтыну
в) қоғам мүшелерінің еңбек қызметінің арасындағы айырбас
г) жеке кәсіпкерлер мен өндіріс қаражаттарын меншіктену
д) а, б, в жауаптары дұрыс
е) барлық жауаптар дұрыс
3. Қорлар мен өндіріс факторларының меншік иесі болу деген не?
а) қорларды иелену құқығы
б) қорлар, өндірілген тауарлар мен қызметтерді билеу және меншіктену
в) шешім қабылдау құқығы — не және кім үшін өндіру
г) материалдық игіліктерді кім үшін және қанша өндіру
д) а, б жауаптары дұрыс
е) барлық жауаптар дұрыс
4. Меншіктің қоғамдық формаларының теориялық негізін құрды:
а) У.Петти
б) А.Смит және Д.Рикардо
в) В.Ленин
г) К.Маркс
д) Ф.Энгельс
е) Дж.Кейнс
5. Меншіктің жанама қатынасы іске асырылады:
а) экономикада нарықтың реттеу және ынталандыру қызметтері жүзеге асырылмағанда
б) керісінше экономикалық категориялар жүзеге асыры¬лады — нарықтың реттеуші және ынталандырушы қызметтері;
в) тәуекел, ізденушілік, ынта кәсіпорын қызметін басқарғанда
г) керісінше, тәуекел, ізденушілік, ынта болмағанда
д) а, г жауаптары дұрыс
е) б, в жауаптары дұрыс

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *