Фармация экономикасының негіздеріне кіріспе. Фармацевтика экономикасының және фармацевтикалық нарықтағы тұтынушылардың іс-қимылдарының ерекшеліктері»

«Фармация экономикасының негіздеріне кіріспе. Фармацевтика экономикасының және фармацевтикалық нарықтағы тұтынушылардың іс-қимылдарының ерекшеліктері»

Мақсаты: Студенттерді фармация экономикасының негіздеріне кіріспе және фармацевтика экономикасының ерекшеліктерімен таныстыру.

Дәріс тезистері:
1. Тауар айналымы жүйесіндегі фармацевтикалық экономика.
Фармацевтикалық экономика басқа ғылымдардың жетістіктерін пайдалана отырып, интегралды ережелер (дисциплина) қатарына жатады: математика мен статистиканың (анализге арналған құралдар және ұйымдардың экономикалық көрсеткіштерін болжауда); химия, медициналық биологияның (дәрілік зат алу үшін негіз ретінде – фарм. өсімддіктердің өнімдері қолданылады). Сонымен қатар социология, политология, психология, менеджмент және маркетинг аумағынан мүмкіндік, әдіс-тәсіл және тәжірибе алады.
Фармацевтикалық экономиканың интегралды мінездемесі қазіргі кезде заманауи экономикалық теорияда үш құрамды қосылыс арқылы түсіндіріледі:
Саяси экономика
Микро и макроэкономика
Мемлекеттің меншікті жүйесі
Адамдар арасындағы экономикалық іс-әрекет және шаруашыллық жағдай әртүрлі сәйкестіктерді ескеруге мәжбүр етеді. Осы ұйқастан процестің біз екі жағын қарастырамыз:
Объективті – ең алдымен меншік қатынасымен аныықталады;
Субъективті – шаруашылықтағы әртүрлі субъектердің (қолданушы, ұйымдар, мемелекет) экономикалық ұстанымдар рөлін анықтайды.
Жаңа экономикалық теория объективті заңдармен шаруашылықты дұрыс жүргізуді және әртүрлі дәрежеде (мега — , микро — , макро – дәрежелер) шаруашылықтағы субъектілердің рациональды ұстанымдарын терең зерттейді. Оның талдауындағы маңызды объект болып жаңа (араласқан) экономика табылады.
«Экономика» сөзінің мағынасы бір мағыналы емес, күрделі құрылымды категория. Сол сияқты фармацевтикалық экономика сөзін де талқылаған кезде осы қиындықтарға жолығамыз, яғни, бұны әртүрлі көзқараста қарастыруға болады.
І. Фармацевтикалық экономика – ол қоғамда денсаулықты сақтау және қолдау үшін дәрі-дәрмектерді медициналық бұйымдарды өндіретін, бөлетін және сататын бірлескен салалар жиынтығы.
ІІ. Фармацевтикалық экономика – фармацевтикалық көмек көрсету кезіндегі, процесстің жүру барысындағы шарттары мен адамдардың осы іс-қимылға бағытталған жер механизмі.
ІІІ. Фармацевтикалық экономика – шектеулі дәрілік зат ресурстарын қолдану, басқа да дәріхана ассортиментіндегі тауарларды қолдану, басқа да дәріхана ассортиментіндегі тауарларды қолдану және олардың эффективті жұмсалуын қадағалайтын, осы мәселелер аймағын зерттейтін ғылым. Бұл іс-әрекеттер жергілікті тұрғындардың, медициналық көмек көрсету органдардың басқа да мекемелер мен ұйымдардың қажеттіліктерін соның ішінде фармацевтикалық көмек көрсету барысындағы қажеттіліктерін максимальды қанағаттандыру мақсатында жүргізіледі.
2. Фармацевтикалық экономика мемелкеттің макроэкономикалық жүйесінің құрам бөлігі ретінде қарастырылады, сондықтан да ол жалпы және жеке принциптер қатарымен базаланады.

4. Иллюстрациялы материалдар: слайд түріндегі презентация

Әдебиет:

6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
Тауар айналымы жүйесіндегі фармацевтикалық экономика.
Фармацевтикалық экономика – мемлекеттің макроэкономикалық жүйесінің құрам бөлігі ретінде.
Фармацевтикалық сауда ұйымдарының экономикалық жүйесі.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *