Химия –экологиялық білімнің негізгі бағыттары

Түркістан қаласы
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта мектебі Химия пән мұғалімі Тәжібаев Амит
Өтілген сынып 10 сынып.

Химия –экологиялық білімнің негізгі бағыттары.
Мемлекеттің орнықты даму моделіне көшуде экологиялық білімнің ерекше мәні бар.Экологиялық білімнің басты негізіне әлемдік қоғамдастық мойындаған адамдардың қолайлы тіршілік ортасына өмір сүру құқығы жатады.Қоршаған ортаның сапасы адамдардың негізгі құқығы мен өркениетті дамуының басты мақсаты болып табылатын денсаулықты анықтайды.сондықтан экологиялық білім оқытудың мазмұнына жай кіріп қана қоймай, анық маңызды тіректерінің бірі болуы тиіс.

Қазіргі уақытқа дейін мектептік химиялық білім үшін экологиялық білім беру мазмұнының мәнісі толық шешілген жоқ.Біз оқушылардың экологиялық дайындығына химия курсының мүмкіндігі айқындау барысында экологиялық білім тұжырымдамаларына,сондай-ақ мектепте химиядан білім берудің мүмкіндігіне төмендегілер саяды:
— табиғаттың біртұтастығын, адам қызметінің қоршаған ортаға әсерін ашу және табиғатқа ұқыпты қатынастың қажеттілігін қалыптастыру.
— химиялық үрдістер,айналулар барысында қоршаған ортадағы өзгерістерді бақылау.
— өнеркәсіптің қоршаған ортаға қатысты рөлін көрсету.
— қоршаған орта тұрғысынан ғылыми-техникалық прогрестің рөлін айқындау.
— қоршаған ортаны қорғау шараларыеа қолдарына келегенше қатыса алатындай оқушыларды тәжірибелік білікпен, дағдылармен қаруландыру.
Химяны оқыту барысында экологиялық білімнің жалпы жетекші бағыттары мен оқу пәні ретіндегі химияға тән жалпылама ұғымдар мен жетекші бағыттарды ашып көрсету негізінде экологиялық білім мазмұнының мәнін шешуге болады деп есептейміз,оларға мыналар жатады:
1.Тіршілік ету ортасындағы табиғаттың біртұтастығы мен дамуы.
2.Қоғамның дамуы мен табиғаты.
3.Еңбек ету үрдісіндегі табиғаттың өзгеруі.
4.Қоршаған орта және адам денсаулығы.
5.Табиғат және жеке тұлғаның құқыттық – эстетикалық дамуы.
6.»Табиғат –қоғам –адам» жүйесіндегі өзара ықпалдастық.

Химияны оқыту кезінде жалпы жетекші идеялар мектептік химия курсына тән жетекші идеялармен нақтылануы керек.
1.Қазіргі өндіріс мәселері мен қоршаған ортаны қорғау.
2.Ғылыми – техникалық прогресс,табиғи қоршаған ортаны қорғау.
Қазіргі өндірістің табиғатқа қатысты оң және теріс әсерлері, сондай-ақ осы мәселеде орын алатын қайшылықтарды шешу жолдарын айқындауда экологиялық білімнің олданбалы қайшылықтарды шешудегі химиялық аспектілерді меңгеруі оларда жағдайды бағалай білу қабілеттіліктерінің қалыптасуына,табиғатта өзін ұстай білуге,дұрыс шешім нәтижесінде табиғатта туындайтын өзгерістерді болжай білуге мүмкіндік туғызады.

Сонымен қатар ғылыми-техикалық прогрестің табиғатқа әсерін қарастырудың ұстанымдық мәні бар.Экологиялық мәселерге ғылыми-техникалық прогресс қайшылықты әсер етеді:бір жағынан оларды шиеленістіреді (қоршаған ортаның ластануы және тағы басқалар), екінші жағынан табиға қорлар үнемдеуге мүмкіндік беретін және қоршаған орта ластамайтын баламалы технологиялар құру жолымен шешуге мүмкіндік береді.Осы ой-тұжырымдарды басшылыққа ала отырып, химия сабақтарынада қоғам мен табиғаттың өзара әсерін тиімді етудегі жетістіктерді айқындайтын қажетті білім элементтері анықталды.Олар мыналар.
1. Табиғи қорларды ұтымды пайдалану.
2. Қоршаған ортаға өндіріс шығаратын лас қалдықтарды болдырмауға мүмкіндік туғызатын, яғни экологиялық заңдылықтарме жүзеге асырылатын қалдықсыз технологиялық үрдістерді құру.
3. Табиғи ортаны ластанудан қорғайтын негізгі әдістер мен технологиялық құрылғылар.
Қоғам мен табиғатың өзара әсер етуін теориялық талдау оқушылардың экологиялық білімдерін ары қарай жетілдірудегі химия курсының мүмкіндігін ашып көрсетуге алғы шарт болады.
Ал ол үшін мыналар қажет:
— экологиялық білімнің жетекші идеяларының нақтылануы,оқу пәні ретінде химияға тән жеке идеялардың көрсетілуі;
— экологиялық білімнің қажетті бөліктері ретінде оның негізгі элементтерінің химияны оқыту барысында қалыптастырылуы;
— қоғамдық материал игілінің көзі ретінде табиғат құндылығының жан-жақты ашып көрсетілуі.
Сонымен бірге жасөспірімдерге экологиялық білім және тәрбие беру ұстанымдарға негізделеді:
— экологиялық білімді пәнаралық байланыста жүзеге асыру;
— экологиялық білім қалыптастыруда жүйелілік және үздіксіздікті қамтамасыз ету;
— оқушылардың табиғатты танып білу,сақтау және жақсарту мақсатындағы ақыл-ой,сезім-ерік және іс-әрекетінің бірлігін,үйлесімдігін тудыру;
— табиғатты сақтау және қорғау мәселерін әлемдік,ұлттық және өлкелік деңгейде түсінетін жәредеге жеткізу;

Осы жалпы ұстанымдар тұрғысынан химиялық орта білімді экологияландырудың мынандай негізгі бағыттары анықталады:
— химиялық негізге сүйене отырып тірі табиғат пен өлі табиғаттың бірілігін және өзара әсерін ашып көрсету;
— жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысандары,оларды экологиялық аспектілері арқылы жаратылыстану экологиялық ұғымдарын қалыптастыру;
— жаратылыстану-экологиялық ұғымдарын әлеуметік және техникалық ұғымдармен ұштастыру;
— осы үшеуінің негізінде химия-экологиялық ұғымдаржы қалыптастыру және дамыту;
— химиялық экспериментті экологияландыру қоршаған ортаны зерттеудің пәрменді құралы ретінде қаралып,оның қолданылу аясын кеңейту және әдістемелік жағынан негіздеу;
— экологияның әр салалы ұғымдарын қалыптастыру үшін жергілікті экологиялықматериалды кеңінен пайдалану.
Осы бағыттардың ішіндегі химиялық экспериментті экологияландыру арқылы экологиялық білім беру бағытын тереңірек дамытуға болады.Зерртеу нысанын жалпы білім беретін мектептегі химия сабағының тақырыптарына сәйкестендіріп,яғни экологиялық түсініктерді толықтай аша алатындай тақырыптармен таңдап алу керек.Ал қосымша сабақтан тыс сабақтарда бағдарламадан тыс тақырыптарды қамти отырып,химия-экологиялық ұғымдарды жеткізу мақсаты жүзеге асырылады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *