ЖЕЛ ЭНЕРГИЯСЫ
Давренов Рысбек(Қазақстан)
Әл-ФарабиатындағыҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Ембергенова К.Р.
Жел энергетикасы-жел энергиясын механикалық, жылу немесе электр энергиясына түрлендірудің теориялық негіздерін, әдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын жаңартылатын энергияның саласы.
Қазіргі дамыған заманда өзімізді бір сәтке электр жарығынсыз елестетіп көрейікші,ол мүмкінбе?
Жоқ әрине мүмкін емес, бірақ ол шындыққа айналып келе жатқан сияқты. Оның дәлелі, 70-80 жылдан кейін мұнай таусылады, 100 жылдың бедерінде газ сарқылады, 200 жылдан кейін көмір түгесіледі деседі сарапшы-ғалымдар. Және де электр энергиясын ұтымды пайдаланбағандықтан, сонымен бірге баламалы электр энергиясын алатын құралдар дұрыс жолға қойылмағандықтан, болашақта электр энергиясынан тапшылық көруіміз әбден мүмкін. Бұл энергия көзін табу бүкіл әлемнің назарын аударып отырған мәселелердің біріне айналып отыр.
Ал, менің бүгінгі тақырыбым желден баламалы энергия көзін алу осы жайында өз еліміздегі жел энергиясына тоқтала кетсем деймін.
Жел энергиясының басқа энергия көздерінен экологиялық және экономикалық артықшылықтары көп. Жел энергетикасы қондырғыларының технологиясын жетілдіру арқылы оның тиімділігін арттыруға болады.
Жел энергиясын тұрақты пайдалану үшін жел энергетикасы қондырғыларын басқа энергия көздерімен кешенді түрде ұштастыру қажет. Республиканың шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік аймақтарында су электр станциялары мен жел электр станцияларын біріктіріп электр энергиясын өндіру өте тиімді.
Қыс айларында жел күші көбейсе, жаз айларында азаяды, ал су керісінше, қыс айларында азайса, жаз айларында көбейеді. Сөйтіп, энергия өндіруді біршама тұрақтандыруға болады. Алматы облысының Қытаймен шекаралас аймағындағы 40-ендікте Еуразия мегабассейніндегі орасан зор ауа массасының көлемі ауысатын Орталық Азиядағы «жел полюсі» деп аталатын Жетісу қақпасындағы желдің қуаты мол. Ол екі таудың ең тар жеріндегі (ені 10 – 12 км, ұзындығы 80 км) табиғи «аэродинамикалық құбыр» болып табылады. Қақпа Қазақстанның Балқаш–Алакөл ойпатын Қытайдың Ебінұр ойпатымен жалғастырады. Осы жердегі жел ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде оның электр энергиясын өндіруге өте тиімді екені анықталды. Қыс кезінде желдің соғатын бағыты оңтүстік, оңтүстік-шығыстан болса, жаз айларында солтүстік, солтүстік-батыстан соғады. Желдің орташа жылдамдығы 6,8–7,8 м/с, ал жел электр станциялары 4–5 м/с-тан бастап энергия бере бастайды. Желдің қарама-қарсы бағытқа өзгеруі сирек болуына байланысты мұнда турбиналы ротортипті жел қондырғысын орнату тиімді. Желдің жалпы қуаты 5000 МВт-тан астам деп болжануда. Бұл өте зор энергия көзі, әрі көмір мен мұнайды, газды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Бұл саланы дамытуда қандай проблемалар бар?
Кедергілер жоқ емес. Ең бастысы, Қазақстанда әлемнің кейбір елдеріндегі секілді энергияның балама көздеріне аса қажеттіліктің болмауында.
Елімізде қуат көзінің екі түрі: гидро-электрстансалары мен жылу-электрстансалары бар. Ал балама энергия көздері туралы әңгіме енді-енді қозғалды. Балама қуат түрлері – жел, күн энергиясы жеткілікті түрде дамымағандықтан, әзірше, электр энергиясының базалық көзіне айнала алмай отыр. Бұл біздегі көмір қорының молдығынан ғана емес. Салыстырмалы түрде алғанда оны өндіруге жұмсалатын шығын да соншалықты көп емес.
Ал түптеп келгенде, бұл экономикалық көрсеткіш. Ал арзан энергия өндірудің қоршаған ортаға зияны, халықтың әлеуметтік жағдайына тигізер кері әсері есепке алынбай отырғаны өкінішті!
Оның тиімділігін бір ғана мысалмен дәлелдеуге болады. Сөз жоқ, жылу электр стансалары ауаға адам денсаулығына және экологияға зиянды қалдықтар бөледі. Ал Қазақстандағы бірде-бір жылу электр стансасы түтінді газды тазалау бойынша халықаралық стандартқа жауап бере алмайды. Одан бөлек, аталмыш стансалар көп мөлшерде күлді қоқыс шығарады. Оның үйінділері талапқа сай сақталмаған жағдайда айналаны ластап, топырақты жарамсыз етеді.
Құрамы алпыс пайызды көміртегі көмірдің бір тоннасын жаққанда ауаға таралатын мөлшері 2,2 тоннаны құрайды.1854 жылы АҚШ-та жел энергиясымен жұмыс істейтін су тарту насосы іске қосылды. Су тарту насосының моделі жел диірменінен қалақшалар санының көптігімен және жел бағыты мен жылдамдығын анықтайтын аспап флюгердің болуымен ерекшеленеді. 1940 жылдары осындай жел күшімен қозғалатын диірменнің саны 6 миллиондай еді, оларды су тарту және электроэнергия алу мақсатында қолданды. Осындай жел диірмендер мал шаруашылық фермасын сумен қамтамасыз етіп тұрды. 20 ғасырдың ортасында жел энергиясын қазіргі заман энергия қоры – мұнай орнын басты. Дүние жүзінің бірнеше рет мұнай дағдарысынан соң, қайтадан жел энергетикасына көпшіліктің қызығушылығы оянды. 70 жылдары мұнай бағасының өсуіне байланысты, энергетика сарапшылары жел энергиясын пайдалану шараларын ұсынды. Мемлекет қаржыландыру қолдауымен өткізілген зерттеулер мен эксперименттердің нәтижелері, жел энергиясын пайдаланудың жаңа технологиясының дамуына жол ашылды. 1981-1984 жылдары Калифорнияның өзінде 6870 жел турбинасы іске қосылды. Бірақ 31 желтоқсан 1985 жылы мұнайдың бағасы баррельге шыққанда 10 долларға түсті, осыған байланысты желқондырғысын шығаратын көптеген шағын компаниялар жойыла бастады. Ал 1998 жылы АҚШ-та желэнергетикасы дамуы қайтадан даму сатысына көтерілді.
Әдебиеттер
1. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Ә.Бейсенбаева, А.Самақова
2. Экология негіздері. Ғ.Сағымбаев,Б.Шілдебаев
3. Интернет көздері. www.google.kz