ӘЛЕМДІК СПОРТ ОЙЫНЫ –ФРИСБИ (Иқуатты тәрелке)

ӘЛЕМДІК СПОРТ ОЙЫНЫ –ФРИСБИ
(Иқуатты тәрелке)

Амантай Бауыржан (Қытай)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Бегалиева А.К.

20-ғасырдың алғашқы кезінде Америкада металдан және ағаштан жасалған иқуатты тәрелке ойлап тапқан екен. Сол кезде тәрелкенің іші қуыс айналасы қырлы болып біртіндеп дамып, 1948 жылы Маулис Франд тұңғыш иқуатты тәрелкенің қазіргі пішінін жасады. 1968 жылы Глонбя университетінде студенттер ұйымы бірігіп сол кездегі иқуатты тәрелкенің қағидалары мен түп нұсқасын бекітіп тұрақтандырды. 1974 жылы әлемде тұңғыш рет кезекті иқуатты тәрелке чемпионаты өткізілді. 1983 жылы дүние жүзі иқуатты тәрелке бірлестік ұйымы құрылады да, не бәрі 33 жылда 62 мемлекет уәкілдері мен 65 қауымдастық мүшесі болады. 2008 жылы олимпияда бас ұйым комитеті фрисби ойынын олимпияда спорт жарысына кіру мүмкіншілігіне ие екендігін бекітті және сол жылы фрисби ойынының әлемдік чемпионаттық жарысына 21 мемлекет қатыстып, қазіргі таңда тоқсаннан астам мемлекетте жалпыласа бастады, дегенмен де олимпияда жарысына қатысу үшін 110 мемлекет мүше болу шарты бар екен.
Алтимат фрисби спорты спорттың жаңа түрі болып табылады, Қазақстанда енді ғана дамып келе жатыр, бірақ алтимат фрисби спорты өте қызықты әрі қауіпсіздігі жоғары, кең жалпыласу және өріс алу құндылығы бар спорт түрі.
Алтимат фрисби спортының Қазақстандағы қазіргі даму жағдайы мен дамытудың қажеттілігі және мүмкіндігіне бағытталған, алтимат фрисби спортын жалпыластыру туралы мынадай ұсыныс жасап отырмын: осы спорт түрін үгіттеу мен жалпыластыруды күшейту; түрлі амалдар қолданып спорт түрінің өріс алуына ықпал ететін фрисби спортына жетекші мамандарды тәрбиелеп шығару; фрисби өнер көрсету қимылдарын белсенді түрде ұйымдастырып, фрисби спортын жұртшылық жақсы көретін денсаулыққа пайдалы спорттың бір түрі екенін насихаттау, ұқсамаған ауқымдағы фрисби спорты жарыстарын ұйымдастырып, қызықты жарыс бағдарламаларын құрып, қатысушылардың қызықты жарыс бағдарламасынан ләззат алумен бірге ақаусыздыққа ие болу.
Осы арқылы төмендегі қорытынды жасалды:
1) Көпшілік әрі денсаулыққа пайдалы әрі қызықты спорт түрлерін таңдайды, уақыт шарт-жағдайы болып тұрса дене шынықтыру қимылдарына қатысқанды қалайды, дене шынықтыру залдарын талдауда жақын қағидатын қолданады.
2) Алтимат фрисби спортының техникасы қарапайым, алғаш үйренушілер өте тез игере алады, жарыс ережелерінде дене күшімен тікелей қарсылық көрсетуге болмайды, адамдардың қауіпсіздігіне көңіл бөледі, техникасы қарапайым, ойын тәсілі көп түрлі.
3) Жұртшылыққа арналған спорт материалының экономикалық құны төмен, фрисбидың негізгі материалы пластмасса, бағасы көпшіліктің тұтынуына үйлесімді.
4) Алтимат фрисби спортын Қазақстанда жалпыластыру жобасы көпшілікке фрисби спортын үгіттеуді қамтиды, көпшілікке фрисби спортының ойын ережесін үйретудің тек екі түрлі техникасы бар, көпшіліктің игеруіне қолайлы, алтимат фрисби спорт ережелері мен ойнау тәсілін таныстыру Қазақстандағы жұртшылықтың қызығушылығын тудырса, фрисби спортын ұйымдастыру арқылы көпшіліктің фрисби спортынан ләззат алса деп ойлаймыз.
Иқуатты тәрелке ойыны әрбір спортшының өз салмақ, дәрежесіне қарай таңдайды. Иқуат тәрелкелерінің салмақтары әртүрлі: 110гр., 145 гр., 175 гр., т.б. Иқуатты тәрелке ойынының 10-ға жуық халықаралық жарыс түрлері бар.
Иқуатты тәрелкенің ойнау тәсілі – оңай әрі қарапайым, бұл басқа спорт ойындары секілді орын жер талғамайды, тек ашық алаң болса болғаны. Үлкен-кіші, кәрі-жас, ұл-қыз деп бөлінбей ойналады, ал жарыс алаңы болса пішіні футбол алаңы секілді, дәл ойналатын жерінің ұзындығы 64 м., ені 37 м., екі жанында бал алу алаңы болып әр-бірінің ұзындығы 18 м., ені сол 37 м., мұнда жарыс 5v5, 6v6, 7v7 болып 5v5 екі жақта түгелдей қыздар, 6v6 екі жақта түгелдей ұлдар, 7v7 екі жағында ұл-қыз аралас, 5-ұл, 2- қыз, 6-ұл, 1-қыз, қазіргі ең көп ойналатын да осы түрі.


Ойналу тәсілі: футбол+баскетбол+тенис+зайтын доп қамтылған универсал спорт ойыны.
Футбол секілді иқуатты тәрелекені өз командаңа лақтырып бересің, алайда бір артықшылығы иқуатты тәрелкеде дене бітімі қатыспайды, соғып тартып алуға болмайды, егер араласып кетсе ойын ережесіне қайшы боласың, өз командаңа лақтырып бергенде тәрелкені ұстай алмаса, қарсы жақ сол түскен жерден бастап ойынды әрі қарай жалғастырады, зәйтүн доптың ережесі бойынша бал аласың, бал саны тенис балын санау тәсілі бойынша саналады, жалпы 15 бал болады, алайда 14v15 болып қалса, онда жалғасты ойналып, бір топ екі бал алғанша ойналады, алайда ұқсамайтын жері зайтүн доп секілді тек бір адам алып кіруге болмайды, баскетбол секілді жүгіріп тәрелкені ұстап болған соң, көп болғанда 4 аттап тоқтау керек, әрі тәрелкені қолыңда кезінде бір аяғыңды центр етіп тұру қажет, ұстап тұрып жүгіріп кетуге немесе төрттен көп аттасаң ойын тәртібіне қайшы болып, қарсы команда сол жерден бастап жалғастырып ойнайды, тәрелкені алып бастағанда 10 сек., ішінде өз командаңа лақтырып беру керек, сонымен қатар алаңда басқа ойыншылардың алдын тосуға болмайды, ойыншыны ауыстырғанда бал алып болған соң немесе ойыншы жараланып қалғанда ғана адам алмастыруға болады.
Әрбір раунд 15 балдан болады, қайсы команда ең алдымен 15 балға толтырса, сол команда жеңген болады. 7 балда жарты раунд аяқталады, иқуатты тәрелке жарысының бір артықшылығы бұнда төреші болмайды, қатынасушылар жарыс ережесіне қайшы келу немесе тәрелке алаң сызығынан шығып кету секілді жағдайлар болса, онда сол алаңдағы қайшылық жасаушы мен қайшылық жасалушы екі адам арасында болады, басқалар араласпайды, бұл ойыншылардың бірін-бірі құрметтеуін талап етеді, мұндай бір-бірін құрметтеп жасалған талғамын иқуат тәрелке рухы деп атайды.

Әдебиеттер

1. Хыңлий. «Олимпиада бас ұйым комитеті фрисби ойынын олимпиада спорт жарысына кіру мүмкіншілігіне ие екендігін бекітті». «Американың ниорок уақыттық хабар» 08.03.2008 .
2. Чиау Хоң. «Спорт және Денсаулық». Халық оқу-ағарту баспасы. 2007.
3. Инбо. «Иқуат фрисбиі спорт ойыны» Пекин спорт акедемиясы. 2010.
4. Ужырын. «Лос-Анджелес олимпия алаңын таныстыру». Әлемдік спорт зерттеу орталығы. 1984.
5. Жучиаучиан. «Жаңа сабақ реформасы». Жоғары дәрежелі оқу-ағарту баспасы. 2009.
6. Лижаңчия. «Қытай фрисби спортының дамуын зерттеу». Чончин баспасы. 2014.
7. Либаужи. «Әлемдік денсаулық және көркем жарыс түрлері». 2005.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *