Физикалық терминдер мен ұғымдар

 

Гумарова Жазира Армановна
БҚО, Казталов ауданы, Қайыңды ауылы.
Қайыңды орта жалпы білім беретін
мектебінің физика пәні мұғалімі.


7 сынып Физика

Сабақтың тақырыбы: §2. Физикалық терминдер мен ұғымдар. Физика және техника.
Қазіргі әлемдегі физика.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың бойына физика терминдер мен ұғымдар, физика және техника, қазіргі әлемдегі физика туралы білімдерін қалыптастыру, оны өмірде білуге үйрету. Дамытушылық: Оқушылар оқу материалынан ең бастысын, маңызын іскерліктері мен білім дағдыларын дамыту, қалыптастыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды ойлау қабілеттерін, тыңдау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру және пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой – өрісін кеңейту. Ұйымшылдыққа, белсенділікке ынтасын арттыру жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, «Он сұрақ» әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, суреттер, тарату парақтары.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, жоқ оқушыларды белгілеу, оқушылардың сабаққа дайындығын, құрал-жабдықтарын тексеру. Сынып тазалығын реттеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Ыстық орындық» әдісі.
Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі орындық ыстық.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Физиканың ғылыми тілін игеріп, заңдарын оқып үйрену үшін қолданылатын арнайы сөздерді терминдер деп атайды. Мыс: жол, жылдамдық, күш.
Физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың мағынасын терең ашып беретін арнайы терминдер физикалық ұғымдар деп аталады. Мысалы, физикада материя, дене, зат сияқты ұғымдар жиі қолданылады.
Әлемде не бар болса, соның бәрі материя деп аталады. Мысалы, материяға өсімдіктер мен жануарлар, Ай мен Күн, жұлдыздар және олардан тарайтын сәулелер жатады.
Материяның 2 түрі бар:

Әр түрлі заттар Әр түрлі сәулелер
Кеңістікте белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе дене деп аталады. Мысалы,
IV. Сабақты бекіту.
1. Кестеде денелердің мысалдары келтірілген. Оң жақтағы графаға осы денелердің қандай заттардан тұратынын жазыңдар.
Дене Зат
Терезе
Шыны стақан
Ағаш қасық
Темір пышақ
Қаламсап
Қарындаш

2. Төменде аталған заттар мен денелерден: қар, гүл, ұшақ, су, стақан, алюминий, бор, қағаз, заттарын бір бағанға, денелерін екінші бағанға жеке көшіріп жаз.
Заттар Денелер





3. Төменде көрсетілген техникалардың атын және олардың не үшін қолданылатынын жаз:__________________________________________________________________________

 

V. Үйге тапсырма. §1,2. 1-тапсырма. Тест құрап келу.
VI. Қорытындылау: Үй тапсырмасына бағыт-бағдар бере отырып, сабақты қорытындылау. Оқушыларды дейгейлеріне сай бағалау.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *