Ата – ана ұстанымының бала дамуына әсері


Капиетова Кулиза Жолдыбаевна
КМҚК «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының психологы
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылы.

 

 

Ата – ана ұстанымының бала дамуына әсері

Әрекетіміз дұрыс болу үшін оған
баратын жолымыз қандай болу керек
екенін анықтап алуға тиіспіз.

Әл-Фараби


Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие – адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Бұл – баланың әсерленгіш, еліктегіш, ойлауды, сөйлеуді меңгеруімен, алғаш бөтен ортаға бейімделуімен сипатталған кезең.
«…тәрбиенің негізгі бес жасқа дейін қаланады. Бес жасқа дейін жүргізілген барлық тәрбие ісіңіз – бүкіл тәрбие процесінің тоқсан проценті» — деп, Жүсіп Баласағұни балалық кезеңдегі тәрбиенің маңызын анық көрснткен. Бала тәрбиесінің негізгі отбасында қалыптасады. Демек, баланың келешекте қандай адам болуы – ең алдымен өзі туып — өскен отбасында алған тәрбиеге, ондағы қалыптасқан қарым-қатынасқа байланысты. Қай ата-ана болмасын өз перзентінің иманды да инабатты, адамгершілігі мол, саналы азамат болып өсуін қалайды ғой. Сондықтан бала тәрбиесінің нәзік тұстарын білу, әрбір ата-ана үшін қажетті шарт.
Жалпы жаратылыс адам денесі сияқты екі бөліктен тұрады: біріншісі – бес сезу мүшесі арқылы сезіп, ақылмен ажырататын материалдық дүние (сана). Екіншісі – сезу мүшелері сезе алмайтын, бірақ ішкі жан дүниемізбін сезіп, ақылымыз ажырататын рухани дүние (астар сана). Ежелден-ақ ғалымдар (Платон) астар сананы қылық-әрекет, сырқат, көңіл-күй, табиғат, адами ара қатынастар проблемаларын қарастыру мен топтауда ескерілуі қажет фактор екенін мойындаған. Астар сана аумағында адамның өзіне, басқаларға, жалпы өмірге деген қатынасы үлкен маңызға ие. Сондықтан балалардың эмоционалды тұлғалық ерекшеліктерін дамытуда ата-ана ұстанымының алатын орнын білу аса маңызды.
Әр бала үшін өз ата-анасынан артық ешкім жоқ, олар ең ақылды, күшті, әдемі. Әсіресе, сәби шақтағы ата-ананың бала алдындағы беделі ерекше. Ата-ананың әділеттілігі, айтқан сөзі мен істеген ісінің дұрыстығына кәміл сенетіндігін балалардың «Мамам айтты…», «Папам осылай істе деген» сияқты сөз саптауларынан байқауға болады. Үлкен адамдар өзінің қажеттіліктеріне орай, қоршаған ортаның талабына «күмән келтіріп», салмақтап қарсы тұруға, қабылдамауға қабілетті. Олар астар санаға қажет емес деп санаған ұстанымдарды саналы түрде өткізбейді («Шылым – денсаулыққа зиян!» — шеккім келді, шегемін).
Ал балалар олай істей алмайды. Балалық шақта ата-анамен қарым-қатынаста психологиялық қорғаныс жасауға баланың мүмкіндігі жоқ, ол естіп көргенін бұлжытпай қабылдап, бойға сіңіреді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейтін халық нақылы осындайда айтылады.
Әрине, ата-ана ұстанымының басым бөлігі жағымды; баланың дұрыс дамуына бағыт береді. Әуелден қалыптасып, атадан балаға жеткен жағымды ұстанымдардың мысалын көптеген мақал-мәтелдер мен ұлағатты сөздерден, ертегі – аңыздардан байқауға болады. «Ашу – дұшпан, ақыл – дос», «Жақсы өтіріктен, жаман шындық жақсы».

Есті кісі ерегіспейді,
Көпшіл адам бөлек ішпейді
(Кенен Әзірбаев)

Кісі көрсең есікке
Жүгіре шық кешікпе,
Қарсы алмасаң мейманды
Кесір болар несіпке
(Үмбетай ақын)

Ал енді күнделікті өмірде де балаларымызбен қарым-қатынаста қолданатын сөздерімізді еске түсіріп көрейік: қалай мадақтаймыз, қалай еркелетіп, қалай ескерту жасаймыз; ренжігенде, айтқанымызды орындата алмағанда не айтамыз? Біздің (үлкендердің) санамызға бұл ұмтанымдар, наным-сенімдер қайдан келді? Ойланып қарасақ, біздің өміріміздегі жақсылық, кемшіліктерімізге ішкі бағыт-бағдар көп жағдайда өз ата-анамыздан беріледі. Сондықтан, құрметті ата-аналар бала тәрбиелеудегі өзіміздің сөз саптауымыз бен үлгі — өнегенің балаға қаншалықты әсер беретінін әрқашан есте ұстағанымыз жөн.
Сіз төмендегі ескерту, шектеулерді балаңызға қаншалықты жиі айтасыз:
— Баршы, қазір менің қолым бос емес!
— Қарашы, тағы бүлдірдің!
— Дұрыс емес!
— Сенің бірдеңеге үйренетін күнің бола ма?
— Сен мені жындандырарсың !
— Әкең (немесе шешең) екеуіңнің менсіз күндерің қараң қалар!
Таныс қой! Солай емес пе? Мұндай сөздер баланың астар санасына сіңіп қалады. Ал кейін есейе келе балаңыз тұйықталып, сізбен сөйлескісі келмесе; өз-өзіне сеніміз ынжық болса; жалқау болса, әкесіне (немесе шешесіне) деген құрмет сенімін жойса – таңқалмаңыз! «Не ексең, соны орасың». Баланы кіналап, кемшілігін бетіне басу, басқалармен салыстыру арқылы тәрбиелеу дұрыс емес. Баланың әр қадамына бақылау жасап, мінез-құлық қылықтарына үнемі баға беру оның өмірін түнекке айналдырумен бірдей. Оның орнына балаңыздың әр ісі, қылығына түсіністікпен қарап, өз-өзін бағалауға, өз қателіктерінен қорытынды шығаруға үйреткен жөн.

 

 

 

 


Баламен қарым-қатынастағы Баланың астар санасында Дұрысы
кейбір қателіктері қабылдануы

Жылама! Жаман балалар жылайды.

Әкесіне (шешесіне) ұқсап сүмірейіп тұрғанын қарашы.


Ой, ақымағым-ай!

Тыңдамасаң, ауырып қаласың!

Біз сені жақсы болсын деп…істедік, сен болсаң…

«Бәленбайдың баласын қарашы…»

«Сенің ақылың жететін іс емес…»

Үлкендердің ісіне араласпай, жайыңа отыр.

«Әйтеуір бәрін былықтырасың, да жүресің!»


Мен әлсіз, жаман баламын!


Әкемді (шешемді) жек көреді.


Менің ақымақтығымды жақсы көреді.

Ауырмау үшін өз бетіңмен ештеңе істемеу керек.

Мені ата-анам да жек көреді. Үмітін ақтай алмайтын босбелбеумін.

Мен одан кеммін.

Менің қолымнан ештеңе келмейді.

Мен түкке тұрмайтын байқұспын. Менің ойым ешкімге қызық емес.

Келесі жолы өздері істесін. Енді ештеңе істемеймін!

Жарайды, кішкене жылап ал, жеңілденіп қаласың.

Сенің әкең (шешең) ең жақсы адам. Қандай ақылды еді! (жақсылықтарын айтып отыру).

Неден ауырғаныңның себебін түсіндіріп, денсаулығының жақсартатындығына сендіру.

Біз сені жақсы көреміз, түсінеміз әлі-ақ орнына келеді.

«Менің ойымша ондайды сен де, жасай аласың!»

Араластыруға болатын іс болса: «Қане, сенің ойың қалай?»-деп, болмаса, «Балам, бұл істің шешімін өзімізге қалдыр!»

«Әрбір адамның қателесуге құқы бар. Ештеңе етпейді келесіде байқап істе!»


Қазақ халқы сезімін сыртқа шығара бермейтін бұйығы халық қой. Дегенмен, балаңызға бауыр етіңіздің елжіреп тұратыны,
— Жаным менің! Қуанышым менің!
— Сенің қорлыңнан бәрі келеді.
— Сен болмасаң, біз қайтер едік?
— Ботам келді! Неге көңілсізсің?
— Кел, көмектесіп жіберейін.
— Ақылыңнан айналайын! Балам өсіп қалыпты, ғой!
— Сенің көмегің керек боп тұр! – деп, қандай жағдайда болса да қасынан табылуға ықтияр екеніңізді білдіріп отыру, балаңыздың жанын жадыратып, ара-қатынасыңызды жақындата түсері сөзсіз. Осы ретте жазушы Ғабит Мүсіреповтың «Ойың адал болғанмен, орындалуы олақ болса, ұнатпадың деп өкпелей алмайсың» — деген сөздері ойға оралады. Ия, айтар ойды айшықты сөзбен жеткізе білу де үлкен өнер.
Қауырт өсу, ізденіс үстіндегі, өркениетке ұмтылған тәуелсіз елдің болашағы, жас жеткіншек – ұрпақты дұрыс тәрбиелеу – балабақшада тәрбиешілер мен отбасында ата-анаға сөз өнерін жеткілікті меңгеруді жүктейді. «Ойламай сөйлеген, опық жейді» демей ме халқымыз. Ендеше, әр сөзімізді ой елегінен өткізіп, бала жанына түсірер салмағына байыппен қарап, ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікті жүрекпен сезінейік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *