Буддизм
1) Буддизмнің тарихи қалыптасуы
2) Буддизмнің негізгі идеялары мен бағыттары
3) Әр елдегі буддизм мен оның ерекшеліктері
4) Ламаизм
1-сұрақ: Буддизмнің тарихи қалыптасуы
Тұңғыш әлемдік дін – будда діні б.д. дейінгі VI ғасырда көне Үндістанда пайда болды. Будда дінінің негізін салушы Сиддхартха Гаутма 567 жылы Оңтүстік Непалдағы ру басының отбасында дүниеге келді. Бала туғаннан соң жеті күннен кейін анасы дүние салады. Гаутаманың одан кейінгі өмірі, әсіресе оның сырт дүниеден хабарсыз өсуі және әке сарайынан кетіп қалу себептері түрліше түсіндіріледі.
Будда діні ілім ретінде орныққаннан кейінгі кездері туған аңыздарға қарағанда баланы оқыту үшін шақырылған ғұламалар оның ержеткен соң адамның көзінен надандық шелін аластап, әлемнің әміршісі болатындығын, бала төрт белгіні – қарт адамды, науқасты, өлікті және тақуаны көрген соң қазіргі өмірден безінетінін сәуегейлікпен болжайды. Осыдан билік басындағы әке болашақ Будданы сыртқы дүниеден оқшау, жаңағы айтылғандар көзден таса “жер жаннатында” тәрбиелейді. Бірақ, болуы тиісті оқиға бәрібір болады: ол алдымен дәрменсіз қартты көріп, қызметшісінен бұл адамның дәрменсіздігінің себебін сұрап, өмірде қартаю дегеннің бар екендігін біледі; серуенде жүріп алапес аурумен ұшырасып, кәріліктен де өзге қасіреттің бар екенін біледі; өлікті жерлегенді көріп, өмірдің соңы өлім екенін біледі; төртінші кездесуі – дүние қызығының бәрін тәркі етіп, кезбелікпен күнелткен дәруіш оны бұрынғылардан да бетер қалың ойға салады.
Ол адамзатты осы қасіреттерден құтқарудың амалын іздеуге бел шешіп, тақуалық жолына түседі. Гаутама бұл кезде жиырма тоғыз жаста еді.
Ол бодхи ағашының түбінде жеті апта міз бақпай отырды. Серіктері бұл ағашты бодхинанда, немесе “даналық тағы” атап кетті. Бұл мейлінше әділ еді: Гаутама талай жылдарғы тән азабы мен жан азабынан өтіп, оның алдынан мүлдем өзге дүние қақпасы ашылды, бақыт жолы сайрап жатты.
Ол өзі ашқан төрт ақиқатты көпке жеткізуге асықты. Соңынан будда діни ілімінің негізіне айналған бұл “төрт ақиқат” мыналар болатын: 1. Өмір деген – қасірет. Адамның өмірінің барлық кезеңдері – оның тууы, есеюі, қартаюы, өлуі – бәрі қасірет. 2. Адамдар бұл дүниеде рахат көрсем, бай болсам дейді. Қасірет себептері осында жатыр. Демек, адамның қасірет көруі оның қанағатсыз тілектерінен. 3. Барлық дүниелік тілектерден толық бас тартып, нирванаға жеткенде ғана қасіреттен арылуға болады. 4. Нирванаға және құдіретті ақиқатқа “ортаңғы” немесе “сегіз түрлі” жолмен жетуге болады. Олар: 1) қасіретінің себептерін дұрыс түсіне білу; 2) дұрыс ойлау білу; 3) сөзді дұрыс құру; 4) дұрыс әрекеттер жасау; 5) салауатты өмір сүру (кісі өлтірмеу, ұрлық жасамау, ешкімге зиян келтірмеу, өтірік айтпау және басқа адамшылық қасиеттерді сақтау); 6) адал еңбек ету, 7) ізгі нәрселерді ойға сақтау, 8) дене күші мен психиканы дұрыс арнаға сала білу.
Гаутама осы ақиқаттарымен көптің ортасына келді. Ол өз ілімін тыңдаушыларының сөзсіз толық қабылдауын ешқашан міндет еткен жоқ. Ұстаздың тәліміне әрқашан шәкірттің қабылдау қабілеті сай келіп отыр. Осыдан оның ілімін таратудың “үш дәрежесі” туралы түсінік орнықты. Яғни, дүниелік ойлардан арылған таңдаулылар үшін ілім бір деңгейде ауғыздалса, қауым мүшелері үшін ол екінші қырынан, ал жалпы жұртқа сол сияқты жалпылама түрде насихатталу тәртібі орнықты. Ол алыс болашақта орнайтын әлемдік қауымның негізін байыптылықпен қалап, білім нәрін асқан байсалдылықпен сіңіре біледі.
Жаңа қауымға ену үшін екі шартты орындау қажет болды. Бірі – салауаттылық, екіншісі – жеке меншіктен біржола бас тарту. “Меншік иесі болу деген затпен өлшенбейді, оймен өлшенеді. Зат қолыңда бола тұра меншік иесі болмауың да мүмкін”, — деп үйретті ұстаз. Яғни, адамның меншігінің бар-жоғына мүлдем жаңа, сана деңгейіндегі өлшем белгіленді.
Будда дінінің адам нирвана дәрежесіне дейін көтерілетін жетілу жолын кейде “ізгілік жолы” деп те атайды. Ол өз ілімдерін ізгілікке бастайцтын адамшылық қасиеттерін насихаттау жолымен таратады.
Өмір өзінің бастауын белгісіздік тұңғиығынан алады. Бірінші адамның тағдыры – кармасы бар бастапқы тіршілік нышаны пайда болып, одан сана, адамның дене пішіні мен мінез-құлқы, сезімі қалыптасады. Адам есейіп, өмірді тани бастаған сайын оған құмарлығы артып, әртүрлі тілектер пайда бола береді. Бұл тілектер көбейген сайын оның мінез-құлқындағы жаман қасиеттері де көбейе береді. Ақыр-соңында өмірге бейкүнә келген адамды оның осы тілектері қасіретке, өлімге жетелеп алып барады.
Будда діні әуел бастан осы өмір шырғалаңына түсуден сақтандырады, ал буддизмді кеш мойындағандарды бұл шеңберді бұзып шығуға үгіттейді. Осыдан буддизм адамзаттың шырғалаң тіршілігіне меңзеп, “өмір дөңгелегін” өзінің рәмізі етіп алған. Ол әркімнің өз өмірімен үлгі болып, жол салуына, басқаның тіршілігіне бас сұқпауға үгіттейді. Дүние кем жаратылған, бірақ оны түзеу мүмкін емес, қандай ізгі мақсат қоймасын, кез-келген төңкеріс-қиянат, сондықтан буддизм ілімі қоршаған дүниені, қоғамды немесе мемлекетті өзгертемін деп әуре болмай адам ең алдымен өзін өзгертуі керек, деп есптейді.
Будда діні өзінің дүниетанымдық бастауларын веда-брахманистік көзқарастардан алады. Олар әлемнің бастау да, аяғы да жоқ шексіз деп қарастырады. Будда құдай емес, нирванаға жеткен кәміл адам. Бірақ ол ең жоғары құдірет ретінде танылып, оған құлшылық етіледі. Демек, діншілдер құдайларға емес, кәміл адамға бас ұрады. Осыдан буддизм монотеистік дін бе, жоқ па деген пікір таласында әлі күнге соңғы нүкте қойылған жоқ.
Будда дінідегі тіршілік иелері бірнеше сатыларға бөлінеді. Адамдар осылардың ортасында – бесінші сатысында тұр деп есептеледі. Адам осы баспалдақтармен жоғары өрлеген сайын Буддаға жуқтай түспек. Осы дүниеде қандай істер істесе, жан иесі қайтып дүниеге оралғанда соған лайық орын алады. Демек, өліп, дүниеге қайта келудің ортасында адамға бірден-бірге жетілу мүмкіндігі беріледі, ал осы мүмкіндікті пайдалану карманы жеңуіне байланысты деген ой жатыр.
2-сұрақ: Буддизмнің негізгі идеялары мен бағыттары
Буддизм — [санскритше — бұддһа күнәдан арылған, әулие] — дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам ұстанады. Буддалық діни ілім көзқарастардың күрделі жүйесі б. т. Ол діни шығармалар жинағы «Трипитакада» («Даналардың үш қат қауашағы») баяндалған. Буддизмнің уағыздарының өзіне тән ерекшеліктері бар. Буддизмде дүниені жаратушы құдай жайындағы идея айтылмайды. Буддизм фәни өмірдің азаптары — ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті — нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен құтылу керек. Ол үшін төрт хақиқатты білу қажет:
1) өмір — азап;
2) азап нәпсіден туады;
3) нәпсіні ауыздықтаса, азаптан құтылады;
4) нәпсіден құтылудың төрт сатысы бар:
А) жүректің оянуы;
Ә) ниет, ақыл, ойды түзету;
Б) мінез-құлықты түзету;
В) адамға ғана емес, бүкіл жан иелеріне деген рақымшылыққа, махаббатқа жету (аһимса — адамға, тіршілік иесіне жамандық жасамау).
Аһимсаны жүзеге асыру үшін Буддизм Веданы жоққа шығарады. Оған жету жолын арийлік сегіз қырлы шартарап деп қарастырамыз. Сегіз қырлы шартараптың мазмұнына тиесілі: саф сенім, ақ ниет, шыншыл сөз, дұрыс әрекет, салауатты өмір салты, қажырлы қайрат, таза жады, адал зейін — жалпы, иманды тіршілік. Саф сенімге Будданың төрт анығына көз жеткізу жатады. Ақ ниет деп аталған төрт анықты өз өміріңнің бағдарламасы ретінде қабылдап, өмірге байланған қимастық сезімнен ада болуды айтады. Шыншыл сөз ешкімді қараламауды, тіпті көп сөйлемеуді өзіңнен талап етуді керек қылады. Дұрыс амал-әрекет түрі ретінде «ахимса» немесе күш көрсетпеу, күштемеу, күшке салмау көрінеді. Ахимса ұстанымы тек адам баласына ғана емес, жалпы тіршілікке бағышталған. Салауатты өмір салтын дұрыс амал-әрекет ұстанымын жүзеге асыру деп білу керек. Қажырлы қайрат адамға бойкүйездікке ұрынбау үшін керек, ол жаман ойдан аулақ болуды қамтамасыз етеді. Таза жады тек бір нәрсені ғана естен шығармауы тиіс, ол — өмірдің, бұл дүниенің жалғандығы. Адал зейін төрт сатыдан тұрады. Оларды сипаттап беру өте қиын, себебі адам ол күйді басынан өткізген жағдайда нирванаға жетеді. Бірінші сатыда адам өмірден оқшауланып, өлімге жайбарақат қарау барысында экстаз күйінде болады; екіншісінде жайбарақат қараудан да арыла алған жан ішкі тыныштығынан туындайтын қуанышқа бөленеді; ушінші сатыда жоғарыда аталған тыныштық қуанышынан босану, бүкіл жандық-тәндік сезімдерден құтылу күйіне жетеді; ал соңгы саты — кемелді жайбарақаттық күйі — нирвана. Дін дегеннен гөрі әлеуметтік-этикалық жүйеге жуық тұрған конфуцийлік ілім бойынша ең маңызды нәрсе — рәсімділік. Конфуций іліміндегі «жень» ұғымы адамсүйгіштік, адам бойындағы шынайы адамдық қасиеттің айғағы болып табылатын адамгершілік дегенді білдіреді. «Женьмен» тығыз байланыста, тіпті ажыратылмайтын байланыста қарастырылатын тағы бір орталық ұғым — «ли» — рәсім, яғни «Жень» — адамгершілік рәсімді қадағалау арқылы жүзеге асады. Конфуцийдің ұлы уағыздарының басты өмірлік қағидасы — ата-ананы құрметтеу мен өзіңнен үлкендерге ізет көрсете білу. Ұлы парызгердің басты құндылығы мен ерекшелігі — оның Шығыс елдеріне тән рухта мемлекеттік және адамгершілік парыздарды бір-бірімен ұштастыра білуінде.
Буддизмнің негізіне қоршаған ортадан бөлінбей қарастырылатын жеке адамды дәріптеу және болмысты бүкіл дүниемен байланысып жатқан ерекше психологиялық процесс ретінде қабылдау принциптері алынған. Буддизмдегі негізгі ең ірі бағыттар — хинаяна және махаяна. Буддизм өзінің даму барысында үш кезеңнен өтті: хинаяна, әркімді туу — өлу айналымынан құтылуды үйрететін алғашқы даналық мектебі; екінші, бодхисаттава — құтқарушы көмегімен құтылу; үшінші, махаяна кезі. Махаяна негізінде будда болуға мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістер уағыздалды (Ол важраяна деп аталады). Азияның көптеген елдерінде Буддизм қазіргі кездің өзінде қоғамдық және жалпы мемлекеттік өмірге елеулі ықпал етіп отыр. Бұл елдердің бірқатарында Буддизм мемлекеттік дін болып есептеледі. Империалистер Буддизмнің ықпалын ескере отырып, бұл дінді өзінің реакцияшыл саяси мақсаттарына пайдалануға тырысады. Соңғы он жылдықта необуддизм немесе метабуддизмнің бірқатар жаңа бағыттары пайда болды. Қазіргі уақытта будда ұйымдары Азия елдерінде әртүрлі әлеуметтік рөл атқарады. Олардың кейбіреулері отаршылдыққа қарсы, ұлттық тәуелсіздік үшін күреске белсене қатысуда. Біздің елімізде будда ламаиттердің ізін қуушылардың шағын топтары Қалмақ, Бурят, Тувада тұрады. Буддизмнің көзқарасына дүниеден безушілік, жеке даралық тән. Қанаушы қоғамда байлық, күш, өкімет кімнің қолында болса, соған жалбарыну жер бетіндегі азап шеккені үшін күнәдан құтқарады деп түсіндіреді. Сондықтан адам өткінші, жалған өмір сүретін мысал денесін ойламай, мәңгі өмір сүретін жанын құтқарудың қамын ойлауы керек. Бұл — қанаушылармен келісуді уағыздайтын Буддизм діннің реакциялық жақтарының бірі. Ол дінді қабылдаған елдердің өміріне едәуір ықпал жасады. Буддизмнің таралуы синкретикалық мәдени комплекстердің құрылуына әсер етті. Бұлардың жиынтығы будда ұйымы — 1950 ж. құрылған буддашылардың дүниежүзілік бауырластығы.
3-сұрақ: Әр елдегі буддизм мен оның ерекшеліктері
Үнді халкының тарихи дамуымен байланысты олардың да философиясы үш дәуірден тұрады: 1) ведтік кезең; 2) классикалык немесе брахмандық-буддалық кезең; 3) индуистік кезең;
Ведиистік дәуірде буддизм философиясының негізгі категориялық ұғымдары құрастырылды. Мысалы, Брахман – мәңгі өмір сүретін космостың негізі, өмірдегі барлык нәрселер осыдан шығады. Атман — өмір сүретіннің және адамның ішкі ядролық бірлігі. Жан бір нәрседен екінші нәрсеге ауысып отырады. Карма — жақсы және жаман іс-әрекеттер. Сансара — бір деңгейден немесе бір күйден екінші күйге өту, ауысу туралы түсінік.
Классикалық дәуірде (б.д.д ҮІ ғасырдан — б.д.д. X ғасырға дейін) этикалық мәселелерге Үнді халыктары үлкен көңіл бөлуіне байланысты брахман дініне сын көзбен қараушылық басталды Ведистерге берілген діни-философиялық түсініктер упанишадаларда (ертедегі Үнді діни-философиялық шығарма) көрсетіледі. Ведке қараганда упанишад әлемге монистік көзқараспен қарайды. Бұл көзкарас әлемге ішкі және сыртқы көзқараспен қүбылыстарды көрсетуге тырысады.
Упанишадта Ведтердің беделін, адамның тәні өлгенімен жаны өлмейді деген көзқарасқа қарсы қолданды. Үнді философиясының классикалық кезеңінде Веда және Упанишадтардың күшті ықпалымен көптеген философиялық мектептер шықты: ортодоксиялы мектептер (Санхья, Ньяя, Вайшишика жэне т.б.) жэне ортодоксиялы емес мектептер (Чарван, Лакоята). Мұндай мектептердің шығуы материализм мен идеализм және діни көзқарастардың қарама-қарсы күресу бірлігінде еді. Осындай әр түрлі философиялык мектептер айтысы білімнің дамуына және логиканы өмірге әкелуіне жәрдем берді. Үнді логикасы жөніндегі алғашқы мәліметтерді ертедегі будда деректемелерінің өзінен-ақ алуға болады, одан джайнизм әрі дамыды.
Буддизм философиясының негізгі категориясы дхарма болса, ол да мәңгі, рухани монады (жекелік принциптерінің бірі) мәңгі және ол -материяның негізі. Дхарма бойынша болмыс — ауысып тұратын субстанция. Ауысу процесі жеке адамды және тануға болатын әлемді шығарады.
Будда ілімінде әлемнің кашан және қайдан шыққаны туралы түсінік жоқ. Олар индуистерге ұксас, әлемді цикл ретінде кабылдайды. Күн, әсіресе, ай циклдары ретіне толық айдан кішірейіп, одан қайтадан толып отыратын фазаларына, ұқсатып әлемді қарастырады. Айырмашылығы — егер де айдың фазалық ауысуы 28 күндік цикл болса, буддалық ілім бойынша әлемдік фаза 432 млрд жыл (маха-кальпа) болып есептелінеді. Әрбір цикл төрт «ғасырдан» тұрады. Әлемнің өзі миллиард ғарыштык системадан, әрқайсысы жер мен аспан және жер астылық системадан тұрады.
Әрбір циклдік өмірдің шығуына, оның қайталануына дем беретін карма күші. Карма — жаңа туылуға, дамуға жәрдем беретін мистикалык күш. Карма — ойлау күшімен, сөзбен, іс-әрекеттерімен шығатын күш немесе энергия. Ол біздің әлем системамызда орналасқан әр түрлі күштік, энергиялық формаларды шығарады, ол — ойлау қабілеті, дене күші, жыныстық, әлеуметтік жағдайлар.
Сол себептен буддизм ілімінің ең жоғарғы мақсаты әрбір адам кармадан бос және қайта туылуда касіреттен аулак болуға тырысады. Ондай жолға Үш Асыл қазына аркылы жетуге болады: Будда, Дхарма және Сангха. Осы үш қазына будда ілімінің практикалык жолының негізі десек те болады. Ондай «үштік баспана» әдейілеп айтылатын формалар (мантра) қайталанып айтылады. Нағыз сергектенгенде Буддаға, Татхачатка (толық сергектенген адам) бас ию немесе тэжім ету.
Будда — баспанасына таяныш етем!
Дхарма — баспанасына таяныш етем!
Сангха — баспанасына таяныш етем!
Осы үшеуіне сенген адам қайта тууда «адамнан» кейінгі формада тумайды. «Будда, Дхарма, Сангха баспанасын іздеймін?» деп айтатын сөздің екі деңгейлік мағынасы бар десек те болады. Бірінші, дхарма тәжірибесі аркылы Буддадан мысал (үлгі) алу керек: сыйлық беру (дана), өнегелік тәрбие беру (шика) және медитация аркылы (самадхи) данышпандықка ұмтылу (Прадкия). Екінші, «Үш қазына» — Нирванаға және жерде бакытты өмірге жету жолы.
Ислам дінінің Үнді жеріне таралуына байланысты монотеисттік ілімдер шығады — кабирпантхи, синкхтар, ал XIX ғасырдан бастап батыс философиясының әдісімен теистік немесе пантеисттік (Тагора, Ганди) ілімдері өpic алды. Қазіргі кезде Үнді философиялык ілімінде теософиялық қауымдар, мистикалық ағымдар (Елена Блаватская) басым болып келеді.
Будда дінінің өзі махаяндык таралуының арқасында Үнді мемлекетінен тыс тарап, көптеген ағымдар шыкты. Қытай және Жапониядағы ваджаяна тарауында махаяна іліміне өзгерістер ендіріліп, Нирванаға барлық тірі жандар бара бермейтіндігін дәлелдеуде. Ал Қиыр Шығыста және Тибеттегі ламаистердің діни философиялық көзқарасында Нирванаға барлык тірі жандардың бара алатынын дәлелдеуде. Оның казіргі мектебінде Чжэнь Янь (Қытайда) «осы денеде Будда бол» деген доктринасына әрбір тірі адам осы өмірде Будданың денесіне айналуға болатындығын дәлелдейді. Мұндай көзқарасты көптеген Азия мектептері де ұстанады.
4-сұрақ: Ламаизм
Будда дүниеден өткеннен соң оның өсиетімен сангхи аталатын буддашылар қауымдары пайда болды. Бірнеше жыл шәкірт болған адамдар адамшылық қасиеттерінен арнайы сынақтан өткен соң қауымға мүше болып алынады. Сонымен бірге қауымнан шығу еркі өз қалауында болды. Оларға Буддада болған заттарды – садақа жинайтын ыдысты, ине мен ұстараны ғана пайдалану рұқсат етілді. Буддашы монахтың қайыр-садақа сұрауына тыйым салынады. Ол жұрт не берсе, соны қанағат етуге тиісті болды. Сонымен бірге ол тек ой-санасын жетілдіріп, ешқандай дене жұмысымен айналыспады. Монахтардың ішінде әйелдер де болды. Бірақ, олар жеке қауым болып өмір сүрді. Буддашылар храмнан тыс жерде бас қосып, қауым құрмайды.
Тарихи деректерге қарағанда, Будда өлген соң бір ғасырдан соң монахтар жиынында буддизмнің тапжылмас негіздері, принциптері мен дін ережелері жасалды. Осы мәселелерде пайда болған пікір-таластар будда дінінің екі бағытқа бөлінуіне себеп болды. Хинаяна діни ілім мен ғұрыптардың мызғымастығын жақтады. Махаяна оған қосымшалар енгізуді, буддизмге кеңірек және еркінірек түсіндірме беруді қолдады.
Бұл мәселелер дінбасыларының сангити аталатын басқосуларында бұдан кейін де талқыланып отырды. Солардың ішінде алғашқы жиыннан соң жүз он сегіз жылдан кейін Маурья әулеті тұңғыш жалпыүнділік мемлекеттік құрған кезде өткен жиынның буддизм тарихында елеулі орны болды. Ашоки патша (б.э. дейінгі ІІІ ғ.) буддизмді мемлекеттік дін деп жариялап, оны қабылдамағандарды жазалады.
Хинаяна өзінің таралу аумағына қарай “оңтүстік будда діні” деп аталады. Осыладың ішінде хинаянаның Шри-Ланкада беделі өте жоғары. Будда монахтары өздерінің білімдерін жетілдіру және діни лауазым алу үшін осында бас қосып тұрады. Бірақ, Шри-Ланка ұлты және діні жағынан біртекті емес. Мұнда сингалдар (буддашылар) мен тамилдер (индуистер) арасында үнемі қақтығыстар болып тұрады.
Манхаяна немесе “солтүстік будда діні” негізінен Қытай, Жапония, Корея, Непал, Бутан территорияларында, бертінректе ламаизм түрінде Монғолияда, Тибетте орнықты.
Махаяна екі тармаққа — ламаизм мен дзен-буддизмге бөлінеді. Ламаизмге құдайлар пантеоны тән болса, дзен-буддизмде құдай жоқ. ҮІІІ ғасырда буддизмнің жаңа ағымдары – тантризм, оған негізделген ваджраяна пайда болды. Бертін келе осы тантризм, махаяна және Тибеттің қара діні бір арнаға тоғыса келіп, тибеттіктердің өздері “жол” немесе “заң” деп атайтын, европалық ғылымда ламаизм аталатын буддизмнің қуатты бір тармағы орнықты.
Ламаизм будда дінінен бөлініп шықкын ағым. Бүл ағым екі бөлшектен түрады. Ламаизмнің сырткы табыну тәжірибесі тхеравадаға үқсап, ішкі жақсы тәжірибе жинау, рухани оқу жүрегі немесе ваджараяна ілімі бойынша, адамның ақылы космостық Будда денесімен қосылуы. Рухани жүрек эр түрлі күрылымнан түрады, ваджарамен теңестіріле отырып, мәңгілік символы — түрақтылық және бұзылмайтындығы.
Ламаизм Буддизм дінінің кең таралған формасы есебінде қарастырылады. Ол көбінесе, Тибетке, Орта Монғолияға, Непалдың кейбір аймақтарына жэне Индияға таралды. Олардың монахтарын ламдар (жоғарғы, негізгі) деп атайды. Ламаизм алғаш VIII ғасырда Тибеттен шығып, XV ғасырда мемлекеттік шіркеу болып қалыптасты. Оның шіркеу басшысын, «далай-лама», (теңіз ламы) немесе «хушухты» деп атайды. Далай-ламалар Будданың жер бетіндегі образы, олар өлгеннен кейін де балалары арқылы өмірге келеді дейді. Ламаизм Тибетте тарау кезінен бастап, жергілікті шаман дінінің міндеттерін өзіне алды.Ламаизмге шаман дінінің мистикалык «тантр» ілімі жэне «сикырлық» салттары енді.
XIII ғасырда Моңғолия ханы Хубилай «қызыл бөрікші» жоғары лам етіп тағайындалды. «Пазел» — Қытай, Моңғолия, Тибет мемлекеттеріндегі барлық абыздардың басшысы болып табылды. ХҮ ғасырдан бастап, Тибеттегі будда дін орталығына айналды, ламаизм қауымдары өздерінің ламдарын Қүдай есебінде, әулиелер деп жариялады және олар коғам және мемлекет жүмыстарына араласты. 1550 жылы ламдардың басшысына далай-лама атағы берілді. Тибеттегі далай-ламаға Бандида хамо-лама деген атақ беріліп, ол бүкіл дүниежүзілік және рухани билікке ие болды. 1959 жылы Тибет астанасында Лхаста діни үлт көтерілісіне байланысты Бандида хамо-лама және 100 мыңдай тибеттер шетелге қашып кетуге мәжбүр болды. Қазіргі кездегі Банди хамо-лама Индия мемлекетінде түрады.
ХҮІІ ғасырда лама діні Моңғолия арқылы Буратияға, Ресейге енді. Ламдар мен бурят нойондары лама дінін бурят, калмақ және тувинстердің ішіне зор ынтамен таратты. 1991 ж. шілденің 10-ынан 31-іне дейін, Ұлан-Удэде ламаизмнің Ресейге тарағанына 250 жыл толғандығын той лады.
Орта Азия мен Қазақстан жеріне Будда діні Ү-ҮІ ғғ. таралды деп есептейді. XX ғасырдың екінші жартысында жүргізілген археологиялық зерттеу бойынша буддизмнің Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында және Қытаймен шекаралас Жоңғар қақпасының аймағында іздері табылды..
Қазіргі кезде буддистер Қазақстанда аз, Алматыда будда қауымы тіркелген. Оларға жергілікті бурят, қалмақ, монғолдар барады.
Қайталау үшін сұрақтар:
1) Буддизмнің тарихи қалыптасуы
2) Буддизмнің негізгі идеялары мен бағыттары
3) Әр елдегі буддизм мен оның ерекшеліктері
4) Ламаизм