Есік -төр көрсету тойы.

Есік-төр көрсету тойы. «Сыйға сый, сыраға бал» демекші, ендігі кезекте жігіт жағы құдаларын «есік-төр көріп кетіңдер» деп қарсы тойға шақырады. Есік-төр көрсету тойының мақсаты — қалыңдық жағынан келген құдаларды күйеудің ағайын-туғандары, ел-жұрты, бақ-дәулетімен таныстыру. Әдетте, қыз жағынан келетін кұдалар саны кұрығанда 1-2 адам артық болып келеді. Бұл тойда да негізінен қыз үйіңде жасалған кәделер кайталанғанмен, жігіт жағы кешірімді боп көнбестік көрсетуі шарт. Той аяқталысымен жігіт әкесі қалыңмалдың алғашқы бөлігін бөліп береді. «Өлі-тірілердің сауап-саулығы үшін» деп күйеу әкесі «өлі-тірісіне» бір мал қосады. Халық түсінігіңде егер «өлі-тірісі» берілмесе, келін ауру болып қалады-мыс деген сенім бар.
Құдаларын аттаңдырып салған соң қыз әкесі күйеу жігіттің ауылына қалың мал алуға барады, олардың келер күнін енді жігіт әкесі белгілейді. Межелі күні қалыңдықтың әкесі жігіттің ауылына адамдарын аттандырады иә оларды өзі бастап апарады. Бұл жерде де қыз ауылындағы рәсімдер айнымай қайталанады. Құда күту тойының соңыңда қалың мал қыз әкесіне тамам жұрттың алдында түгеңделіп беріледі, кейде жігіт әкесі қалың малды біртіндеп төлеуге мұрсат сұрайды. Қалың малдың ауыртпалығы тек жігіт әкесіне ғана емес, құдалыққа бірге барған ағайын-туыстарға да түседі. Ең бағалы киіт алған адам қалың малға да ең қомақты үлес қосуы керек.
Тілімізде құда-жекжат, құжандалыққа қатысты қалыптасқан туыстық атау, термин сездер молынан ұшырасады. Оларды этнолингвистика ғылымының соңғы жетістіктерін пайдалана отырып, жүйелі зерделеу — түсіндірме сөздігін түзу болашақтын еншісі. Осы тұста құдалардың түрлеріне байланысты ғана кейбір атауларды қысқаша түсіндіре кетелік.
Құда — күйеу мен қалыңдықтың аталары мен әкелері, аға-інілері мен туған-туыстары.
Құдағи — қарама-қарсы жақтың шешелері, апалары.
Бел құда — туылмаған (белдегі) балаға ниет қылысқан құдалар. Құданың бұл түрі ел ішінде «қызылдай құда», «қарын құда», «құрсақ кұда» деп те аталады.
Бесік құда — ұлы мен қызын бесіктегі кезіңде атастырған құдалар. Кейбір өлкелерде «бесік кертпе құда», «бесік кертті кұда» делінеді.
Қарсы құда — бір-бірімен қыз алысып, қыз беріскен, қат-қабат құдалар.
Жанама құда — бас құданын жанына еріп келген жора-жолдастары т. б.
Жігіт әкесі калыңмалды түгел немесе жартылай төлеп болған соң, ұлын қалыңдығымен кездестірудің қамын ойластырып, бұл ниетін құдасына білдіреді. Құдасынан хабар алған соң ұлының жанына 5—6 өнерлі жолдас-жорасын қосып, «ілуге» деп бір бөлек сыйлық дайыңдап, «есік ашар» үшін бірнеше мал айдатып, жыртыс пен түрлі кәделерге арналған мата мен орамал, сақина мен сырға, жамбы мен күміс тенгелер, басқа да ұсақ-түйек сый-сыяпаттарды жеке қоржынға артып беріп, оларды қайын жұртына аттандырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *