Сабантой, мизам

«Сабантой, мизам»

«Мизам»— Күн мен Түннің күз айында теңелу сәтіне орай тойланатын жалпыхалықтық мереке. «Мал баққандікі, отын шапқандікі» демекші, ол малға — мал, жанға — жан қосып, ала жаздай арқа еті арша, борбай еті борша болып еңбектенген бағбандар мен диқандардың құрметіне арналған той. «Еңбек етсең емесің» дегендей, шаруалар жыл бойы төккен терінің зейнетін тек күзде көрмек.
Сондай-ақ күздің қоңыр күндеріңде қазақ елінің алты алаштан азамат шақыртып, ас беретін дәстүрі де бар. Әдетте, аста ақындар айтысы, аламан бәйге, палуандар күресі, көкпар ұйымдастырылады.
Демек, күз мейрамын жаңғырту арқылы еңбек адамдарына, маман иелерін елеп-ескеріп, оларды құрметтеп, өз ісіне жетік мамандар санын көбейтуге ықпал етуге; астанада жылына бір рет күзде халқына еңбегі сіңген тарихи тұлғаларға арнап ас беріп, ел жадынан ұмыт болған арыстарымызды тірілтіп, кеш өткізуге; республика бойынша Алматыда Халық шаруашылық жетістіктер көрмесін ұйымдастыруға болады.
Сондай-ақ, «Көкпар», «Қыз қуу», «Бәйге», «Аударыспақ», «Ақындар айтысы» да бұл мейрамға бап келіседі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *