Наурыз туралы түсінік
Наурыз — парсы сөзі. Бұл қазақша айтқанда, «жаңа күн» деген сөз. 22 наурыз күнін «Жаңа күн» деп атаудың мәнісі не? Оның мәнісі мынау: 21-нен 22-не қараған наурыз күні күн мен түн теңеледі. Сонан кейін күн ұзарып, жылы бола бастайды. Күн жылыға айналғаны — жазға айналғаны, Соңдықтан 22 наурыз жаз айы болып табылады. Жаз болса, дүние жаңаланады: ағаш бүршік атып, жердегі шөптер қылтиып, малдар төлдейді. Жылдың төрт тоқсанының ішінде дүниені жасартып, жаңалайтын тоқсаны — жаз. Сол тоқсанның басы 22 март болғандықтан бұл күн «Наурыз» яғни «жаңа күн» деп аталады.