Дұға (құран) оқу
Дұға (құран) оқу (діни ғұрып). «Там тұсынан өте бере атын аяңдатып, дұға оқып, бетін сипағаны сол еді…» (А. Нұрманов), Марқұм болған өз ата-бабаларының, туған-туыстарының басына барып дұға оқып, еске түсіру зор адамгершілік парыз. Әр адамның ерте ме, кеш пе сол әруақтардың қатарына қосылатыны анық. Олай болса марқұмдарға құрметпен қарау адамгершіліктің белгісі. Сонымен бірге әр адам сапар үстінде келе жатқанда жол үстінде жатқан қорымдарға тоқтап, дұға оқып, бет сипап өтуі шарт. Егер адам асығыс болса ат үстінде бір үзеңгісін босатып, машинада болса жүрісін баяулатып құран оқуы керек. Бұл адамгершілік, тірі адамның әруақтарға құрметі.