Ас беру

Ас беру

«Тау қанша биік болғанмен, басын бұлт шалады» деп болжайды қазақ өмір ағысын. Бұл санамен түйген ойы. Адамда гүл секілді, құлпырып жетіледі, көркейіп толысады, ақыры суық ұрып солады да, тозады. Табиғат ғылымы да, өмір тәжірибесі де соны растайды. Қазақ ұғымында адам өмірін құрсайтын бұлт — қаза, ойнап-күліп жүрген адам тынысының тынуы. Бұл ұрпағының жанына зіл салмағымен батса да, төзуден басқа амалы жоқ. Алайда тірілер өлінің де жайын ұмытпайды. Қайықтың сусызбен, адамның жолсызбен жүрмейтіні сияқты, тірілер өтеуге тиісті борышын халықтық салт жоралғысымен жүзеге асырады. Бұл ізгі ниеттің нышаны.
Бұлжымас салттың бірі — қайтыс болған адамның дүниеден өткеніне жыл толғанда арнайы берілетін асы. Еске алудың кең жайылған дастарқаны.
Адамның тірлігі — өмірден алған есесі.
Дүниеден өткеннен кейін жұрт:
Құлпырып тұрған қамқа тон.
Шүперек болар тозған соң.
Бүрлеп түрған бәйшешек,
Қурай болар солған соң.
Қайғырғанмен пайда жоқ,
Жазуы солай болған соң.
-деп, қайғырса да, жазмышқа мойын сұнады да, өмірден өткен кісінің қадірін ілтипатпен еске алысады. Ас беру — осы ұғымды іс жүзіңде орындаудың белгісі. Асқа шақырылған құда-жегжат, ағайын-туыстары арнайы әзірлеген дәмді, қымызды ала келеді. Бұл бата оқыр деп аталады.
Салт бойынша асқа арнайы дайыңдық жүргізіледі. Үрім-бұтағы бұл міңдетті өтеуге шын ықыласын салады. Бұл тірілердің аруаққа сый-құрмет көрсетуі, ықылас-пейіліне берілетін баға. Осы жәй қазақта ең алдымен еске алынады. Соған орай асқа сойылатын жылқының жал-құйрығы күзеліп, бос жіберіледі. Ешкім мініп-түспейді, жұмысқа жекпейді. Тіпті, қанша қаныпезер қарақшы не баукеспе ұры болса да мұңдай малға қол тигізбейді, тиіспейді. Тұлдап жіберілетін мал қайтыс болған кісінің салмай мінетін не өте жақсы көретін аты болуы керек. Әйтпесе ағайын-туғаңдары кеңесіп ұйғарған жылқы болуы шарт. Басқа мал асқа шақырылған елдің мөлшеріне қарай сойылады. Бұған сиыр, қой ұйғарылады. Соңда да арнайы аталған малдың етінен келгеңдер түгел ауыз тиюге міңдетті.
Астың өтуі әрқилы. Қайтыс болған кісінің абырой-атағына, бет-беделіне қарай астың аумағы үлкен-кіші көлемде өтеді. Ал тым жас кеткен қыршынға жұрт қатты қайғырып, арманына жетпей өткенін өкінішпен еске алысады. Керісінше асарын асап, жасарын жасап жасы жеткен, дүние қызығын молынан көріп өткен адам үшін жұртқа ас-суы беріліп болғаннан кейін, астың арты салтанатты думанға ұласады. Бұл да қазаққа тән қылық.
Ас берудің түрлі жоралғыларына ауыл-аймақтағы туған-туыстары түгел қатысады. Ас берілетін мезгілге дейін ақтыққа арналған дәмді тағамдарды әзірлейді. Сабамен қымыз жиналады. Дұға оқып, мал да сойылады. Ас күні жегжат-жұрат, көңілдес адамдар бата оқырға ала келген астарын дастарқанға салады. Шелпек пен бауырсақ та пісіріледі. Тағамның мол болуы шарт.
Асқа арналған жылқыға бата жасалып, құран оқылады да, бір-екі күн бұрынырақ сойылады. Мал бауыздалар алдыңда асы берілетін кісінің бала-шағасы, туыстары басын құшып, ақ ниеттерін білдіреді, сауабын тілейді. Бұл асы берілетін кісіге арналған ақтық құрмет, ақырғы ырым болғандықтан, олардың мұң шағып, мауқын басуларына жол беріледі. Молда сойылатын малға құран оқуды бастаған кезде жылау тоқтатылады. Жиналғаңдар иманға ұйыйды.
Осыдан кейін сойылған малдың еті қазанға салынып, түгел пісіріледі. Піскен ет арнайы тігілген жеке үйде ұсталады. Ел жиналып болғанша сақталады. Бұған қоса жегжат-жұрат, ағайын-туыстарынан әкелінген атау тағамдар мен қымыз да сол үйге жиналады. Ет салынатын табаққа сыбаға салу жұмысын басқаруға бұл жүйені білетін, елдің көңілін табатын адам қойылады. Ол барлық жілікті ретімен әзірлейді.
Елдің алды келгеңде-ақ табақ тартыла бастайды. Қонақтарды күтуге бөлінген жігіттер ет жасаушыға табақ тартылатын кісілердің аты-жөнін, қайдан келгенін хабарлап отырады. Соған лайық тартылатын табақ әзірленеді. Жігіттер табақтарды өз лайығымен үй-үйге апарьш тартады. Қазақ салтында табақ тарту да аса зор құрмет. Сый-сияпаттың мәнін аңғартады. Тіпті адамдардың парасаты да сол тартылған табақтағы мүшелердің орнымен өлшенетін кездері де бар. Әсіресе құдалар мен алыстан келген ағайындарға ерекше назар аударылады. Асқа арналған дәм артылып калмауға тиіс. Тіпті мол болған күнде үйде сақтамайды, көрші-қолаңға ақырғы түйіріне дейін қалдырмай таратып береді. Мұның сауабы мол деп саналады.
Қазақ салтыңда аста да ат шаптырып, бәйге ойыны өткізіледі, палуаңдар күреске түседі. Бұдан басқа ойын-сауық түрлеріне жол берілмейді. Аса зор ұлы думаңды астардың салтанаты қазақ өміріне арналған әдеби шығармаларға арқау болғаны көп. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында бұл жәй мол қамтылған. Қазақ өмірінің жалыңды жыршысы Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» дастаны да соның бір айғағы. Мұңдай салтанат та асы берілген адамға көрсетілген соңғы құрмет болып саналады.
Ас беру — аруаққа арналған тағам таратудың соңғы түрі. Ел ұғымыңда мұның өліге де, тіріге де сауабы мол. Адамдардың ата-анаға, дүние салған адамына деген ықылас-бейілін танытуы. Сондықтан қазақ баласы «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деп, аруақтың құрметін айрықша сыйлайды. Бұл да халық нанымына әзіңдік игілігімен сіңген ізгі дәстүр.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *