Ақсарбас
«Ақсарбас» (діни ырым). «Әруақтарым, қолдай гөр! Ақсарбас!—деп баланы, шақырып, айғайлай бастайды» (М. Әуезов). Адамның қауіп-қатерге ұшырағанда, жаны қысылғанда алла атымен айтқан құдайысы. Мұндай жағдайға ұшыраған адам «Ақсарбас» деп үш рет айтуы керек. Аман қалған кісі осыдан кейін ел-жұртты шақырып, құдайы береді. Ақсарбастың үш түрі бар. Олар бозқасқа, көкқасқа және қызылқасқа. Бозқасқа десе — қой, көкқасқа десе — жылқы, қызылқасқа десе сиыр құдайы береді.