Сыбаға
Сыйлы адамға тартылар табақта міндетті түрде мүшелі ет болады. Ол «сыбаға» деп аталады. Қойдын басы, ірі малдың шекесі, жылқының бұғана-кабырғалары, сүбе қабырға, төс, кәрі жілік, ортан жілік, тоқпақ жілік, жамбас, белдеме, ұзын омыртқа, жүрек, бүйрек сияқты мал мүшелері сыбағалы тағам қатарына жатады.
Сыбаға әдетте сыйлы адамдарды елеп-ескергендіктің белгісі ретінде соғым етінен сақталады. Жүріп-тұруы аз, қарт адамдардың сыбағасын қатынасқан адамнан беріп жіберетін де дәстүр бар. Мұндайда, әсіресе, қарттар риза болып, батасын беріп, елеп-ескерген үйдегі келіншектің атына мадақ сөз айтады. Мұның өзі төнірегіндегі естіп тұрған жастарға кісіліктің жолындай, бауырмалдықтың дәнекеріндей өнеге болады.