Қонақкәде
Қонақкәде (дәстүр). «…Алдарында қонақ кәдесі үшін ақша беріп қойшыға әлгі өлеңді айтқызып… Көтештің құнын алыпты» (И. Байзақов). Үй иесінің, қонағына «қонақкәде» айтыңыз деп өтініш жасауға хақы бар. Бұл «өлең айтыңыз, өнер көрсетіңіз» дегенді білдіреді. «Қонақкәденің» шығуы көңілді отырудан, қонақ өнерін сынаудан шыққан. Сондықтан да болар, бұрынғы адамдар жастарды өнерге, айтысқа, қол өнерге, шешендікке, өлеңге, домбыра үйренуге ерте баулыған.