Қонақасы

Қонақасы

Қонақасы (салт). «Бермейсің қонақ келсе қонақасы» (Ел аузынан). Халқымыздың тарихи, әлеуметтік, тұрмыстық жағдайларындағы ерекше қымбат дәстүрі — қонақжайлық. Үйіне келген қонақты құрметпен қарсы алып, мал сойып қонақасы беру — жомарттықтың, елдіктің үлкен белгісі. Қазақ семіз қойын, басқа да жылы, жұмсақ тағамдарын қонаққа әдейі сақтап «қонақ келеді» деп күтініп отырған. «Құдайым би қылмасаң да би түсетін үй қыл» деп тілек тілеген қазақ үйіне қонақ түскенді мәртебе, бақыт санаған. Қонақ та кез келген үйге түспей, қонақжай, дастарханы мол, таза, көргенді ұл-қызы бар үйге түсетін болған. Қазақтың әр үйі өзінде «қонақтың ырыздығы» бар деген ұғым қалыптасқан. Халық дәстүрінде қонақ шақырмау, қонақты үйге түсірмеу үлкен айып болып саналады. Қонақты арнайы қонақ, құдайы қонақ деп бөледі. Қыдырма қонақ деген де бар. Бірақ ол сыйлы қонақ емес.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *