Ерулік

Ерулік

Ерулік (салт). Қазақ тұрмысыңдағы орны бөлек, дархан да дара салттың бірі — ерулік. Өмірге сіңген, халыққа мерейлі дәстүр. Адамдардың өзара сүйіспеншілігін, құрмет-ізетін көрсетеді. Кейде ел мен елдің танысып, жақыңдаса түсуінің де дәнекері. Бұл салт қазақпен бірге туып, біте қайнасып келе жатқан секілді. Тіршілік талабымен де қабысып жатады.
Ерулік берудің ыңғайына көңіл белсек, көші-қонмен сабақтасып, тұрмысқа енген сыңайы бар. Ылғи да адамның көңілін аялап, рухын демейді. Көш ұзақ жолдан шұбатыла созылып жетеді, шаршап-шалдыққан кісілерге еру ауыл адамдары қол ұшын береді. Ерулік — ертерек көшіп келіп отырған ауылдың жаңа көшіп келушілерге көрсететін сыйы. Көліктердің жүгі түсіріліп, үй тігіліп жатқаңда еру ауылдың әйелдері шайын қайнатып, ас пісіріп әзірленеді. Жаңа келгендерді шақырады да, тамақ беріп, тынықтырады.
Ерулік беру – адам тандамайды. Таныс не бейтаныс бол, бәрібір. Адамдардың барлығына көрсетілетін сый. Мұндағы мақсат адамдардың көңілі жай табуымен байланысты. Қазақтың екі маусым кезіңдегі көші аса маңызды әрі оның қиыншылығы да мол. Бұл көштердің жолы да ұзаққа созылады. Ол — жайлауға және одан кері етекке қарай көшу әрекеті. Жайлау — қазақтың еркін тыныс алатын, малды түртпексіз жайылатын шүйгін жайылымы. Қыстау мен көктеуден шалғай. Ел мұңда күн суып, жердің оты қашқанша отырады. Ойдағы астық орылып бітіп, жайылым кеңігеннен кейін кері көшеді. Осы көште адамдар біраз қиналады. Тынымсыз жұмыстан шаршап-шалдығады.
Жайлауға беттегеңде немесе күзеуге кайтқаңда көш көбіне еру елді жанай келіп қонады. Қашаңда қазақ ауылдары бұлақтың басына не үлкен судың бойына орналасады. Кейде көліктерін тынықтырьш алу үшін аялдаған көш те осыңдай манды таңдайды. Қаңдай жағдайда да еру ауылдың әйелдері ерулік беруді парызы санайды. Бұл елдік намыс.
Ерулік берудің туысқа, ағайынға, құда-жекжатқа ілтипат көрсететін ниеттілік ететін сипаты да бар. Жасы үлкен туысқа жасалатын сыйдың түрі. Жасы кіші інілер мал сойып, үлкендерді асқа шақырады, сый табақтар тартады. Өйткені кеш басталған да әр уақытта отау үйлер ертерек қозғалады да, қонысқа барып, үлкен үйлерге жұрт сайлап қояды. Артқы үйлер көшіп келгеннен кейін отау үйлер арнайы әзірлікпен ерулік береді.
Ерулік берудің тағы бір түрі құдаңдалы адамдар мен жекжат-жұраттар арасында өтеді. Мұның жөні бөлек. Көші-қон аяқталғанда, яғни ел жайлауға шығып не күзекке түсіп болғаңда бірін-бірі дәмге шақырысады, сыйластық әдеттерін атқарады. Бұл ауыл-үйлердің іркілмей араласуына, бала-шағаның жақындасуына, бауыр басуына жол ашады.
Ерулік асқа әрдайым күңдіз шақырылып, тамағы да күндіз беріледі. Ерулікке көбіне жасы үлкен кісілер келеді. Ауыл жастары өзара сыбайласып, ерулікке шақырған ауылдағы бір отау үйге оңаша жиналады. Жастар бұл дәстүрді сауыққа жалғастырады. Үлкен кісілер өздерін күтіп алған үйде сый көреді. Жастар үлкен кісілермен араласпайды.
Ерулікке шақырылған қариялар ас жеп, қымызға қанып аттанып кеткен соң, ауылдың жігіт ағасы ақсақалдардан рұқсат сұрайды. Жастардың қалауына бөгеттік жасалмайды. Жастың меселін қайтару, баланы басқа ұру — қазақ салтында барып тұрған теріс қылық саналады. Қалыптан аспайтын істің бәріне жол ашық. Қарым-қатынасы бар ауылдың жастары қысылып-қымтырылмай, бұрынғыдан да тығыз жымдасады. Бас қосу арқылы хал-жайларын білісіп, әзіл-қалжынмен көңіл ауласады.
Қалаған ойыңдарын ойнайды. Әркім шама-шарқынша қызық көрсетеді. Ән салады, өлең айтады, күй шертеді. Жалпы қазақ ғұрпы бойынша өлеңшілер айтысады. Бұлар халық өлеңдерін жаттап, есінде сақтаушылар. Айтыс үстіңде қисынын тауып, өз ойларын да кіріктіреді. Бірақ дамытып әкете алмайды. Соңдықтан өлеңші аталады. Ойынды басқарушы айтысатын әріптестерді қатарластырып отырғызады. Өлеңшілердің көңілінен шығудың әдісін қолданады. Өленді ауыл жігіттері бастайды. Көңіл күйі мол қамтылған өлендер айтылады. Қарсыластардың қыз-келіншек жағы да, жігіттер жағы да екі-екіден жұптасып отырысып әндетіп айтысады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *