Әдет-ғұрып, салт-сана

Әдет-ғұрып, салт-сана

2.1 Классификациялау мәселесі, түп-төркіні
Адамзат тарихының ежелден бастап қазіргі дәуірге дейін әлемде мәдениеттің орасан әр-түрлілігі, адамдар қауымының жергілікті-тарихи формасы түрінде болды. Әрбір мәдениет өзін дүниеге әкелген халықтың немесе қауымның іс әрекетінің нәтижесі болып табылады. Мәдениеттің дамуы мен жүзеге асуы, этностың өмір сүруінің ерекшелігін көрсетеді. Сондықтан, әрбір мәдениет сол халықтың мінез-құлқын, аңыз мұраларын, діни нанымдары мен құндылық бағдарларын, дүниетанымдық көзқарастарын көрсетеді.
Әртүрлі халықтың дәстүрлі мәдениетін зерттеудегі алғашқы сәттерден бастап этнологтар халықтардың өмір сүруін, олардың дәстүрлері мен ғұрыптарына тікелей байланыстылығын көрсетті. Әдет-ғұрыптың, салт-дәстүрдің тәжірибелік маңызы өте ауқымды әрі әртүрлі. Адамдардың эмоционалдық жағдайын реттеп, қауымды этнос деңгейінде қалыптастырумен қатар жеке тұлғаның этникалық құндылығын сезінуге, этностың құндылық бағдарын сақтауға мүмкіндік береді. Сондықтан да этнологтар тұтастай бұл құбылысты зерттей отыра оған өз түсініктерін берді.
Қазіргі модернизацияланған қоғамда прагматиканың бір түрінен екінші түріне адам мен қоғамның қайта бағдарлары қалыптасуда. Дәстүрлі мәдениетте адам өмірінің мазұмыны мен маңызын әдет-ғұрыптан байқаймыз. Қазіргі қоғамда салт-жораларды зерттеп тануда дәстүрлі мәдениетке көңіл аудармасқа болмайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *