Билер. «Қара сүйектің» артықшылықпен пайдаланатын әлеуметтік топтары арасынан көшпелілер ұжымдарында сот билігін атқарушы билер сословиесі аса маңызды орын алды. «Би» деген сөздің, астары, — деп көрсетті Я.П. Гавердовский, — сөзге шешен, бай әрі шамдағай адамдар екенін біз ұғынуымыз керек». Қазақстандағы билердің артықшылықты жағдайы бәрінен бұрын құқықтық реттеудің, қазылықтың және жарастырушылықтың үлкен қоғамдық мәнімен айқындалды әрі мүліктік қатынастар жүйесінде айрықша құқықпен, соның ішінде кінәні іздестіру (билік жүргізу) ақысының оннан бірі түріндегі қосымша табысты иелену құқымен пайдаланатындығынан көрінді.
Көшпелі қауымның қойнауынан сұлтандарға қарама-қарсы өсіп шыққан әлеуметтік үстем топ ру старшындары — билер еді. Билер де қазақтардың арасында үстем жағдайға ие болды. Олар ерекше құқықтық және экономикалық артықшылықтарды пайдаланды. Ру старшындары әуел бастан-ақ қауымдық қоныстардың едәуір бөлігіне иелік еткен, бірақ XIX ғасырдың бірінші жартысында мал өсіру дағдарысының күшеюіне байланысты олар зорлық жасап, таңдаулы қыстауларды өздерінің жеке меншіктеріне ала бастады. Байыған ру старшындарының, яғни билердің кейбір ауылдары сұлтандардың ауылдары сияқты ру қауымдарынан бөлек көшетін болды. Сонымен бірге ру билері хандармен және сұлтаңдармен қатар сот-талап істерін қарап, кірісті бөлуге қатысты.
Тек «қарасүйектің» өкілдері ғана би бола алатын, чингизидтер би болып сайлана алмайтын; бірақ сот істерін талқылауға бұлар да қатысатын. «Би» сөзінің қайдан шыққаны осы кезге дейін әлі толық анықталған жоқ. Құрбанғали Халид Оғлы «би» деген сөз «бек» немесе «биік» сөзінен шыққан деп дәлелдемек болады.
«Бек — кейбір чиновниктер мен лауазымды адамдардың атағы, патша әулетіне қызмет ететін адамдарға берілетін атақ, кейбір шетелдік өкілдерге берілетін атақ: Сефир-бек, Консулус-бек; автономиялы облыстардың әкімдеріне берілетін атақ. Бұл мағынада «бек» дегек атақ «ргіпсе» деген атаққа тең. Әдеттегі құқық нормаларын сақтаушы және түсіңдіруші болғандықтан, билер қазақ қоғамыңда көрнекті орын алды.