Дүниежүзі экономикалық және әлеуметтік географиясы.

Дүниежүзі экономикалық және әлеуметтік географиясы.
Дәріс мақсаты: “Дүниежүзі экономикалық және әлеуметтік географиясы.” оқушыларда дүниежүзінің табиғи, әлеуметтік және экономикалық жүйесі туралы түсінік қалыптастыру, оның табиғат жағдайларымен ресурстарының әр алуандылығын ашып көрсету. Курсты оқып үйренудің нәтижесінде оқушылар дүниежүзінің табиғи, әлеуметтік және экономикалық проблемаларына бағдар жасай алуы тиіс.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
1.“Дүниежүзі экономикалық және әлеуметтік географиясы” оқулығының құрылымы мен мазмұны.
2. “Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы” курсын оқыту жөніндегі жалпы әдістемелік нұсқаулар.
3. Сабақ өткзудің әдіс тәсілдері мен сабақ түрлері
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер):
“Дүниежүзі экономикалық және әлеуметтік географиясы” курсын оқытудың мақсаты және оқытудың бiлiмдiлiк, тәрбиелiк, дамыту мақсаттары. Курстың оқушыларға экономикалық, экологиялық білім берудегі маңызы. Сыртқы экономикалық саясаты мен таныстырудағы курстың ерекше рөлі. Курстың саяси идеялық бағыттары.
Курстың құрылымы және мазмұны. Дүниежүзілік саяси картасы. Дүниежүзілік табиғи ресурстар, дүниежүзі халқы, дүниежүзі шаруашылық географиясы, әртүрлі әлеуметтік экономикалық типтегі елдердің халқы мен шаруашылығының ерекшеліктері туралы жалпы ұғымдар жүйесі. Курс мазмұнындағы типологиялық тәсіл. Қазақстан экономикалық және әлеуметтік географиясы курсымен білім жіне іскерлік, дүние тану идеясы жағынан пән ішіндегі байланыстар.
Біліммен іскерлік қалыптастыру. Білім мен іскерлікке қойылатын талаптар. Оқыту процесінде жоғарғы сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін және курстың мектепте географиялық білімді аяқтаушы екенін еске алу. Жалпы ұғымдар қалыптастыруда индуктивті жолдардың басымдылығы.
“Дүниежүзі экономикалық және әлеуметтік географиялық шолудың” оқып үйрену әдістемесі. Жалпы ұғымдар қалыптастыру мен дүние жүзі шаруашылығы салалары географиясын оқып үйренуде пән ішінде байланыстарды жасау әдістері. Оқушыларды экономикалық карталар, статистикалық материалдар, экономикалық географиялық және экономикалық есептерді шығаруға, мезгілді баспалар материалдарымен жұмыс істеуге үйрету.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *