Географияны оқыту әдістемесі.

Географияны оқыту әдістемесі. Географияны оқыту әдістемесінің сипаттамасы және жүйеленуі.
Дәріс мақсаты: Географиялық білімдер туралы түсінік қалыптастыру, ондағы географиялық заңдылықтар, елестету туралы білімдерді анықтап, бұл үрдістің негізгі кезеңдерінің сипаты және оқушылардың білімді игеруіндегі ерекшеліктерін ескере өту.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
1. Географиялық білімдер қалыптасуы.
2.Географиялық ұғымдар қалыптасуының индукциялық және дедукциялық амалдары
3. Себеп-салдар байланысын зерттеу.
4. Іскерлік пен дағды қалыптасуы. Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру әдістері;
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер):
Географиялық білімдер қалыптасуы. Географиялық ұғымдарды игеру ерекшелігі. Жалпы географиялық ұғымдар қалыптасуының индукциялық және дедукциялық амалдары, лайықты жолдарды таңдау жағдайлары. Жеке ұғымдарды оқып — үйрену ерекшеліктері. Географиялық ұғымдарды қалыптастыру әдістері.
Оқу материалы мазмұны мен оқыту жағдайларына байланысты себеп -салдарбайланыстарын оқып – үйрену әдістері. Себеп-салдар байланысын зерттеу. Себеп-салдар байланысын игеру ерекшеліктері мен көрсеткіштері. Себеп-салдар байланысын анықтауда оқытудың кезеңдері.
Географиялық заңдылықтар, елестету туралы білімдердің қалыптасуы; бұл үрдістің негізгі кезеңдерінің сипаты және оқушылардың білімді игеруіндегі ерекшеліктер. Географиялық заңдылықтарды ашу әдістері.
Эмпирикалық білім қалыптасудағы өзгешеліктер. Жалпы және географиялық өзгешеліктер, оларды қалыптастыру әдістері. Географиялық түсініктер мен ұғымдардың байланысы. Мектепті қоршаған жерлердегі байқауларды және көрнекілік оқыту амалдарын пайдалану. Оқытудың көрнекілік әдісіне оқу материалдарын игерудегі көрнекі құралдар мен техникалық құрал–жбдықтарды пайдалану жатады.
Іскерлік пен дағды қалыптасуы. Бұл үрдістің географиялық білімді игерумен байланысы. Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру әдістері; картаның рөлі; физикалық және экономикалық географиялық нысандарға сипаттама берудің қалыптасқан жолдарымен жұмыс. Іскерлікке үйретудің жалпы кезеңдері; оларды игеру көрсеткіші. Білім мен іскерлікті қалыптастыру және географияны оқыту принциптерін жүзеге асыру арасындағы байланыс: өлкетану, экологиялық және экономикалық.
Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар;
1. Мектептегі география пәнінің мазмұны компоненттері. Білімдер: түсініктер, себебі мен салдар байланыстары, заңдылықтар, теориялар, елестету, фактілер. Біліліктер.
2. Географиялық заңдылықтар, елестету туралы білімдердің қалыптасуы. Географиялық деректерді зерттеу. Біліліктердің қалыптасуы.
3.Өлкетануды оқытудағы принциптердің мектеп географиясындағы мазмұндылығы
4. Географиялық түсініктердің қалыптасуы: индуктивті және дедуктивті тәсілдердің ережесін анықтап, мектеп курсындағы география пәнінен мысал келтіріңдер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *