ҚР дәрілік заттар саясатының және фармацевтикалық қызметтің құқықтық негізін регламенттейтін заңдылық-нормативті құжаттар

ҚР дәрілік заттар саясатының және фармацевтикалық қызметтің құқықтық негізін регламенттейтін заңдылық-нормативті құжаттар

Мақсаты: студенттерге ҚР дәрілік заттар саясатының және фармацевтикалық қызметтің құқықтық негізін регламенттейтін заңдылық-нормативті құжаттар туралы түсінік беру.

Дәріс тезистері:
ХХІ ғасырда еліміздің экономикалық алдының стратегиялық міндеттері халықтың денсаулығын нығайтуды талап етеді. Халық денсаулығы елдің ұттық қауіпсіздігі мен өркендеуін қамтамасыз ететін негізгі фактор болып саналады. Осыған байланысты мемлекетіміз республика халқының денсаулықтарын сақтауға кепілдіктер береді.
Әр адамның денсаулығы барлық Республика тұрғындарының денсаулықтарының құрамды бөлігі бола отырып, олардың мүмкіншіліктері мен толыққанды өмір сүрулерінің факторы. Сондықтан да халық денсаулығының деңгейі еліміздің экономикалық, әлеуметтік, мәдени және индистриялық дамуына тікелей әсерін тигізеді.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің алға қарай дамуы реформалану стратегиясының негізінде жүргізіледі. Денсаулық сақтау саласын реформалаудың бағыттары халықаралық денсаулық сақтау ұйымының (ХДҰ) «ХХІ ғасырда барлығына денсаулық» стратегиясы принциптеріне сәйкес Қазақстанның барлық тұрғындарының денсаулықтарын жақсарту шараларын ескере отырып анықталады.
Денсаулық сақтау саласын реформалаудың стратегиялық бағыттарына келесілер жатады:
денсаулық сақтау салаларының даму саясатын негіздеу;
денсаулық сақтау саласын реформалаудың құқықтық-нормативтік базасын қалыптастыру;
денсаулық сақтау саласының мемлекеттік демонополизациялау;
денсаулық сақтау саласын дамытуды жүзеге асыруда басқару жүйесін децентрализацилау;
тиімді және үнемді медециналық технологияларды пайдалану;
денсаулық сақтау саласын қаражаттандыру жүйесін реформалау;
денсаулық сақтау жүйесінің құрылымдық қайта құрылуын бірінші медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді дамытудың басымдылығын ескерту;
медициналық және фармацевтикалық мамандарды даярлаудың жаңа конценциясын қалыптастырып жүзеге асыру.
Фармацевтикалық жүйенің алға қарай нақты түрде даму стратегиясы денсаулық сақтау саласындағы мемлкеттік саясатқа негізделеді.
Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласының реформалау және дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлкеттік бағдарламасын жүзеге асыру кезеңінде келесі нәтижелерге қол жеткізілді:
«Халақтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қабылданды;
кепілді көлемде ақысыз медициналық көмек көрсетудің минималды стандарттары жасалынды;
2006-2010 жылдарда Қазақстан Республикасында ана мен бала өлімін төмендету, қан құю жүйелері жұмысын жақсарту, имундық жетіспеушілік эпидемиясына қарсы тұру, кордиологиялық және кордиохирургиялық жүйені дамыту бағыттарында салалық бағдарламалар жасалып жүзеге асырылды;
ел шекараларында санитарлық күзет жүйесі қалыптастырылды. Шекарадағы санитарлық-карантиндік пункттер елімізге аса жұқпалы инфекциялық аурулардың таралуына тосқауыл қойып, ел территориясын сақтандырады;
балалар мен ересек тұрғындарды профилактикалық тексеруден өткізуді және жалпы дәрігерлік тәжірибе принциптерін сақтай отырып, бірінші медициналық-санитарлық көмек көрсету жүйесін реформалау жүргізілді;
ақысыз және жеңілдетілген дәрі-дәрмектік көмек көрсету көлемі ұлғайды;
2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бірыңғай ұлттық денсаулық жүйесі (БҰДЖ) сатылап енгізілуде. БҰДЖ науқастарға ерікті түрде дәрігерлер мен медициналық ұйымдарды таңдауға мүмкіншіліктер бере отырып, медициналық қызмет көрсетуде бәсекелестік ортаны қалыптастырады;
Бүкіләлімдік Банкімен бірлесе отырып «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында институционалдық реформа жүргізу» жобасы жүзеге асырылуда;
Республикада дәрілік заттарды дистрибуциялау жүйесінің Бірыңғай жүйесі енгізілді;
денсаулық сақтау және фармацевтикалық жүйелерінде республикалық, аймақтық ақпараттық-аналитикалық орталықтарды ашу арқылы ақпараттық технологиялар енгізілуде.
Қазақстан Республикасында 2007 жылдан бастап медициналық ғылымды реформалау Концепциясы жүзеге асырылуда. Аталған концепцияға сәйкес республикада медициналық ғылымды басқаруды жақсарту шаралары жүргізілуде. Медициналық ғылыми ұйымдардың көпшілігі еркіндік алу мақсатында шаруашылық жүргізу құқығына ие мемлекеттік кәсіпорындар статусына көшірілді. Ғылыми – білім беру тәжірибелік медициналық және фармацевтикалық кластерлер құрылуда.
Қазақстан Республикасында нарықтық экономика жағдайына бейімделу мақсатында фармацевтикалық саланы реформалау процесі жүргізілуде. Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін жүзеге асыруда дәрілік заттардың, медицина бұйымдарының және медициналық техникалардың айналымы саласын реттейтін нормативтік-құқықтық актілер жасалынды. Мемлекеттік тарапынан көрсетіліп отырған қолдау сапалы фармацевтикалық өнім, тауарлардың номенклатуралары мен өндіріс көлемін жылсайын өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған.
Дәрілік заттардың сапасын қамтамасыз ету, тіркеуден өткізу және сертификаттау жұмыстары реттелінді.
Фармацевтикалық жүйенің нормативтік-құқықтық актілері Еуропалық кеңес елдеріндегі нормаларға сәйкестендіру жұмыстары жүріп жатыр. Қазақстан Республикасы Еуропалық фармкопеялық комиссиясының ресми байқаушысы және дәрілік заттардың қосалқы әсерін монитерингілеудің Халықаралық БДҰ бағдарламасының толық құқықты қатысушы-мемлекеті ретінде ресми тіркелді.
Әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып жасалған дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды дистрибуциялаудың Біріңғай жүйесі фармацевтикалық тауарларды сатып алуға жұмсалатын қаражатты үнемдеп, отандық дәрілік заттарды тұтыну көлемінің өсуіне ықпал жасады.
Қазіргі кезде ақысыз медициналық көмек (ККАМК) көрсету тізбегіне сәйкес сапалы фармацевтикалық өнім, тауарлардың жеткіліктілігін қамтамасыз етуге бағыттылған ұлттық дәрі-дәрмектік саясаттың жобасы жасалуда. Бүгінгі күні Кеден одағына мүше – елдердің бірлескен фармацевтикалық нарығын дамыту мәселесі көтеріліп отыр. Кедендік одақ аясында халықаралық нарыққа шығуда, одаққа мүше елдердің өндіретін дәрілік заттарының бәсекелестікке қарсы тұру қабілетін жоғарлатып, фармацевтикалық нарықты интенсивті түрде дамыту міндеті тұр.

  1.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *