Халықаралық маркетинг.

Халықаралық маркетинг.
Халықаралық маркетинг мәні.
Халықаралық маркетинг ортасы.
Сыртқы нарыққа шығу тәсілдері.
Халықаралық маркетинг мәні. Халықаралық маркетинг -*маркетингтің жоғары мектебі* болып саналады. Себебі экспорт барлық уақытта сауда ісін ұйымдастырудың жоғары деңгейңмен сипатталады, ал сыртқы нарықта әрекеттенетін кәсіпорындар маркетинг жетістіктерін қолдану қажеттілігін сезеді.
*Халықаралық маркетинг* ұғымын *экспорт* ұғымынан айырған жөн. Дәстүрлі экспортта отандық кәсіпкер өзінің өнімдерін басқа мемлекет фирмаларына, яғни импортерлерге жеткізумен ғана айналысады. Жабдықтаушылардың өніммен ие болғаны, тұтынушылардың қажеті қаншалықты қанағаттанғаны экспортшыны қызықтырмайды. Ал халықаралық маркетингке келер болсақ, мұнда тұтынушыға тауарды жеткізу жолындағы халықаралық нарықтың әр сатысын белсенді, жоспарлы және жүйелі игеру, оны өңдеу іс-әрекеті қамтылады.
Фирманың халықаралық маркетингпен айналысуына түрткі болатын екі фактор бар. Біріншіден, ішкі нарықтың даму деңгсйі. Осыдан шетел нарықтарына шығу, қаржыны тиімді басқа жаққа құю қажеті қалыптасады. Екіншіден, фирма тауарлары басқа елдерде сатылу мүмкіндіктерінің өсуі. Шетел нарығына шығу мүмкіндіктері қалыптасқан жағдайда қосымша шығындарға және басқа да қиыншылықтарға қарамастан ішкі нарықтан қол үзбей-ақ, фирма өзіне тартымды сыртқы нарықтарды игеруі мүмкін.

Халықаралық маркетинг ортасы.
Шетелге тауарды өткізуді ұйымдастырудан бұрын фирмаға көп нәрсені ұғынып шешу қажет. Ол халықаралық маркетинг ортасын, оның ерекшеліктерін зерттеп білуімен байланысты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бұл ортада көптеген өзгерістер орын алды. Бұл өзгерістердің ең маңыздылары мыналар:
әлемдік экономиканың интернационализациялануы;
АҚШ-пен қатар басқа елдердің дүниежүзілік саудада салмақты орын алуы, соған байланысты АҚШ-тың бұрынғы басымды ролі кемігені және осыған байланысты түпкі мәселелерінің қалыптасуы;
әлем нарығындағы Японияның экономикалық қуатының күшеюі;
халықаралық қаржы жүйесінің қалыптасуы;
1973 жылдан кейін әлемдік табыстың көзі мұнай өндірушілеріне ауысуы;
ішкі нарықты шетел дік бәсекелестерден қорғау үшін қалыптасқан әртүрлі сауда кедергілерінің молаюы;
жаңа ірі нарықтардың (мысалы, Қытай, ТМД, араб елдері) қалыптасуы.
Шетелдердің басқа елдерден тауар мен қызметтерді қабылдауға дайындығы және олардың шетелдік фирмалар үшін тартымдылығы экономикалық, саяси-құқықтық, мәдени т.б. с.с. ортаға тәуелді болады.
Экономикалық орта. Мемлекеттің экономикалық ортасы тауар мен қызметтің қазіргі және болашақтағы тұтыну мүмкіндіктерін қалыптастырады. Экономикалық орта өмір сүру деңгейіне, жалпы ұлттық өнім көлеміне, экономикалық даму деңгейіне және валюта тұрақтылығына байланысты.
Саяси-құқықтық орта. Басқа елдермен іскерлік қатынастарын орнату үшін мына факторларды есепке алу керек: шетелден тауар сатып алу жағдайы, ондағы саяси тұрақтылық, валюталық шектеулер, мемлекеттік аппарат жағдайы.
Мәдени орта. Әр елдің өзінің дәстүрі, тілі, ережесі, қойылған шектері болуы мүмкін. Маркетинг бағдарламасын шетелде құру алдында ол елдегі тұтынушының салт-дәстүрін, тауарға деген халықтың көзқарасын, тұтыну мүмкіндіктерін зерттеп білу қажет.

Сыртқы нарыққа шығу тәсілдері.
Фирма шетелде тауарды өткізумен айналысу үшін сол нарыққа шығудың тиімді тәсілін таңдауы қажет.
Экспорт. Шетел нарығына шығудың ең оңай түрі экспорт болады. Жүйесіз экспорт дегеніміз – фирма кей-кейде ғана өзінің артық тауарларын экспортқа шығарады және шетелдік фирмаларының көтерме саудагерлеріне сатады. Фирма экспортты екі тәсілмен жүргізуі мүмкін:
Жанама экспорт тәуелсіз халықаралық маркетинг делдалдары арқылы жүргізіледі.
Тікелей экспорт тәсілінде экспорттық операцияларын фирма өз бетінше жүргізеді.
Бірлескен кәсіпкерлік. Отандық кәсіпорын және шетелдік фирма өндіріс және маркетинг мүмкіндіктерін біріктіреді. Нәтижесінде бірлескен өндіріс күштері құрылады. Бірлескен кәсіпкерліктің әдетте 4 түрі орын алған:
Лицензия алу дегеніміз лицензияны сатушы өндіріс үдерісін, тауар белгісін, патентті, сауда құпиясын қолдану құқын қалам ақыға (гонорарға) немесе лицензиялық төлемге айырбастайды.
Медігерлік өндіріс стратегиясында шетел кәсіпкері жергілікті өндірушілермен бірлесе тауарды өндіру келісімін жасайды.
Келісім бойынша басқару стратегиясында отандық фирма шетелдік серіктеске басқару саласындағы өзінің *ноу-хауын* ұсынады.
Бірлескен кәсіпорын стратегиясында жергілікті коммерциялық кәсіпорын құру үшін шетелдік және жергілікті капитал салымшыларының әрекеттерін біріктіреді.

 

Тікелей инвестициялау. Шетелдік нарықтағы әрекеттерге қатысудың толық түрдегі формасы ретінде шетелде құрастырылған кәсіпорындар немесе өндіріс кәсіпорындарын ұйымдастыру болады. Тікелей инвестициялаудың артықшылықтары мыналар:
-арзан жұмыс күшін, арзан шикізатты қолдану мүмкіндігіне, көлік шығындарын азайту арқылы фирма қаражатын үнемдеу мүмкіндігіне қол жеткізеді;
-жергілікті тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, серіктес елде өзіне жағымды бейне қалыптастырады;
-қабылдайтын елдің клиенттерімен, жабдықтаушылармен, дистрибьюторлармен тығыз қатынас құру арқылы өзінің тауарларын жергілікті маркетинг ортасына ұтымды бейімдейді;
-фирма өзінің капитал салымдарына толық бақылауын сақтай алады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *