Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері

Садирбеков Айдын Тұрсынұлы Қарағанды қаласы,
М.Жұмабаев атындағы №39 гимназияның тарих пәнінің мұғалімі.
«Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері»

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға халқымыздың игі дәстүрлерін, ізгі-қасиеттерін, инабаттылық, іскерлік дағдыларын, салт-дәстүрлерді бойларына сіңіру;
1. Білімділік: Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері туралы кең көлемді мағлұмат беру.
2. Тәрбиелік: оқушыларды жан-жақты білімді болуға, салт-дәстүрді құрметтеуге, сақтауға, қонақжайлылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: ой-өрісін кеңейту, дүниетанымын, этика-эстетикалық талғамдарын, ойлау қабілеттерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, көркем әдебиет, тірек кесте, слайдтар, суреттер, интерактивті тақта, on –line жүйесі бойынша сабақ өткізу.
Сабақтың түрі: on –line сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, иллюстрациялық түсіндіру, сипаттау, салыстыру, сұрыптау, жинақтау, талдау, интерактивті, тірек белгілері, топтау стратегиясы, ойын элементтерін пайдалану, сұрақ-жауап, қызығушылықты ояту стратегиясы.
Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет, география, әдеп, музыка.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу
Топтастыру
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
ІІ. Сабақтың мақсатымен және жоспарымен таныстыру.
Құрметті оқушылар, ұстаздар!
Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері».
Кіріспе сөз:
Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері қалыптасты. Қазақтардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындагы өзара қарым-қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.
1. Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрыптары
2. Әдептілік пен сыпайылық әдет-ғұрпы
3. Жасы үлкендерге құрмет көрсету
4. Тамырлық және қоныс таңдау әдет-ғұрпы
5. Отбасы және неке саласындағы әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер
6. Бата беру
7. Бала тәрбиесі
І. Ой қозғау. Қызығушылықты ояту кезеңі

1. Салт-дәстүр дегенді қалай түсінеміз?
2. Әдет-ғұрып дегенді қалай түсінеміз?

Дәстүр — латынша жапсыру, жалғастыру — тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын әдет-ғұрыптар, салт-сана, қоғамдық тәртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез-құлық қалыптары және өнегелі өнер болып табылады.
Әдет-ғұрып- дәстүрге айналған жалпыға бірдей қалыптасқан, әр этносқа тән ортақ тәртіп салт-сана.

Қазақ халқының салт – дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары

 

 

 

 

 

 


ІІ. Мағынаны тану
Мәтінмен жұмыс
Әр топқа мәтін таратылады
Инсерт кестесі үлгісі
Инсерт (Түртіп алу) стратегиясы бойынша кесте толтыру, әр топ өз ойларын ортаға шығару.

Әр топқа тарауларды таратып беріп әр топқа тапсырма беру
І топ. Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрыптары
ІІ топ. Әдептілік пен сыпайылық, үлкендерге құрмет әдет-ғұрпы
ІІІ топ. Тамырлық және қоныс таңдау әдет-ғұрпы
ІVтоп. Отбасы және неке саласындағы әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер. Бата беру. Бала тәрбиесі.

 


+
Мен үшін жаңа ақпарат V
Келісемін ?
Мені ойландырады, таңқалдырады —
келіспеймін

 

 

 

 

 

 

Мәтін
Жоспар бойынша тақырыптың мазмұнын ашу.
Класстер
Оқушылардың тақырыпты толық меңгергенін айқындау мақсатымен жалпылама, кластер (сурет, слайд) бойынша әр топ тақырыбын қорытындылау. (Оқулықтағы мәтін мазмұны тараулары бойынша (таратпа материал бойынша).

ІІІ. Ой толғаныс
Эссе жазу
Тақырыбы: «Өскенімді ел көрсін,
Игерем халық мұрасын»!
(Қазақтардың ежелгі әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерінің өміршеңдігі?)
Автордың орындығы.
(Әр топтан топтың спикері өз эсселерін автордың орындығына келіп оқиды.)
Үйге тапсырма. Қазақ халқының салт – дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын басқа халықтардың әдет-ғұрыптарымен салыстырып, қосымша материалдар жинақтау.
1. Бағалау: Кері байланыс парағы арқылы әр топ өз жұмыстарын бағалайды.
Рефлексия. Қорытындылау.
Н.Назарбаев өзінің халыққа ұсынған “Қазақстан -2030” ұзақ мерзімді еңбегінде Қазақстанның 8 артықшылығын көрсеткенде, соның біреуі “қазақстандықтардың байсалдығы мен төзімділігін, олардың кеңпейілдігі мен ақжарқындығын” атаған. Дәстүрді сақтау, ұлықтау, ұрпақтар сабақтастығын сақтау біздің парызымыз.
Ұрпақтар сабақтастығы дегенде ұлы Абай «Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең»! дегендей Барлық салт -дәстүр ән-күйсіз өтпеген.
Екі шектің бірін қатты, бірін сәл-сәл кем бұра,
Нағыз қазақ, қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра-демекші, олай болса, бүгінгі сабағымызды, дәстүріміз, ұлы өнеріміз мәңгі жасай берсін, ұрпақтар сабақтастығы жоғалмасын -дей отырып, қасиетті қара домбырамен, киелі, дәстүрлі өнерімізді насихаттаймыз.
Назарларыңызға рахмет!!!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


І топ. Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрыптары
Қазақтарға дәстүрлі қонақжайлылық қасиет ежелден тән. Олардың бұл қасиеті көптеген ғасырлар барысында қалыптасқан. Бұл жөнінде XIX ғасырдың аяқ кезінде Ресей зерттеушісі Виктор фон Герн былай деп жазған болатын: «Жалпы алғанда,қазақтар осы уақытқа дейін жылы жүзділігімен, қайырымды ақкөңілділігімен және қонақжайлылық қасиетімен таңғалдырады. Мұның өзі олардың сүйегіне ежелден сіңіп кеткен керемет асыл қасиет».
Үйге келген қонақ оларда әрқашан үй иесінің қамқорлығы мен қорғауында болады.
XIX ғасырда Қазақстанда болып, оны зерттеген неміс зерттеушілерінің бірі Ф. фон Хелльвальд та былай деп жазды: «Қырғыз-қайсақтар барынша қонақжай мейірімді болып келеді. Олардың киіз үйіне кіріп жайғасқан кез келген жатжерлік адамның өзімді біреулер тонап немесе өлтіріп кетеді-ау деп қауіптенбей, алаңсыз ұйықтай беруіне әбден болады».
Қазақтарда үйіне келген кез келген адамға міндетті түрде тегін қонақасы беру, оған жайлы төсек-орын салып, қондырып жіберу әдет-ғұрпы ежелден орын алды. Егер үй иесі қонаққа ондай құрмет көрсетудің дәстүрлі әдет-ғұрпынан бас тартса, әлгі бейтаныс жолаушы үй иесінің үстінен биге барып, шағым айтуға құқықты болған.
Қазақтарда ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптың бірі — дәм ауыз тию. Үйге бас сұққан кез келген адамды дәмнен ауыз тигізбейінше жібермейтін — «Қуыс үйден құр шығармайтын».

Қазақтардың және бір жақсы әдет-ғұрпы -ерулік беру. Басқа жақтан жаңадан көшіп келгендерді оның туған-туыстары немесе көршілері арнайы дастарқанға шақырып, ерулік тамақ беретін болған. Бұл арқылы көшіп келген туыстарына немесе көршілеріне деген ыстық ықыласы мен ізгі ниетін білдірген. Ал көшіп келгендер жаңа қонысқа тез үйреніп, ондағы адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға ықыласты болатын.
Қымызмұрындық — қымыз ашыту маусымының басталуына байланысты әдет-ғұрып. Ауыл адамдары бірін-бірі шақырысып, қымыз ішер алдында арнайы дастарқаннан тамақ жеседі. Қымызмұрындыққа шақырған үй иелеріне ауыл ақсақалдары ақ батасын береді.
Қазақ даласында жұртшылық деген әдет-ғұрып та кеңінен тараған. Оның мәні белгілі бір себеппен белшесінен карызға батып, оны төлеуге жағдайы жоқ туысқан адамға рулас ағайын-туғандарының көмек көрсетіп, карызынан құ-тылуына көмектесуі болып табылады. Мұндай көмек ауыл ақсақалдары кеңесінің шешімі бойынша көрсетіледі. Қазақтардың ауызбірлігінің, өз жақындары мен туыстарына жанашырлықпен жәрдем жасауының бір көрінісі міне осындай.
Дала тұрғындарының дәстүрлі әдет-ғұрыптарының бірі — асар. Онда ауыл тұрғыңдары ешқандай ақы алмастан бірлесе жұмылып, біреудің белгілі бір жұмысын бітіріп береді. Мәселен, олар біреудің қысқы баспанасын немесе мал қорасын салып беруге, сондай-ақ құдығын қазып беруге жұмыла көмектеседі.

ІІ топ. Әдептілік пен сыпайылық, үлкендерге құрмет әдет-ғұрпы
Әдептілік пен сыпайылық әдет-ғұрпы. Екі қазақ кездесе қалғанда жасы кішісі жасы үлкеніне «Ассаламағалейкүм!» деп бірінші болып сәлем береді. Жасы үлкен кісі оған «Уағалайкүмассалам!» деп жауап қатады. Тек содан кейін ғана егжей-тегжейлі аман-саулық сұрасады. Бұлай сәлемдесу бірін-бірі тіпті танымайтын адамдар үшін де міндетті болып саналады.
Жас келіндер ер азаматты ерекше кұрметтеудің белгісі ретінде күйеуінің жақын туысының атын атамаған. Күйеуінің әкесі мен шешесін ата, ене деп атаған. Күйеуінің іні-карындастарын шырақ, жарқын, айнаш, гүлім, бауырым деп еркелете ат қоятын. Өзге туысқандарына да жаңа әрі жарасымды ат ойлап табатын.
Қазақтар жасы үлкен адамның алдын кесіп өтуді әдепсіздік санаған. Келіндер атасының, кайын ағаларының көзіне түспеуге тырысқан.
Алыс сапардан немесе жәрмеңкеден қайтып оралған адам өзінің жақын туыстары мен көршілеріне әр түрлі сыйлықтар — базарлық ала келетін. Ауыл ақсақалдары тамақ үстінде үлкен табақтан жасы кішілерге асату жасайтын. Егер кімде-кім әлдебір жаңа киім кие қалса, бағалы затқа ие болса, оған жақын туыстарының, дос-жарандарының байғазы беру әдет-ғұрпы болған.
Әйелдер үйде қалған балалары мен жақындарына мереке-тойларда болған жерлерінен сарқыт ала келетін. Мұның өзі, бір жағынан, тағамға деген кұрметті білдірсе, екінші жағынан, болып өткен мереке тойлардан үйде қалғандардың да дәм татып, қатысты болғанын сезінуге тәрбиелейді.
Дала тұрғындары бір-біріне қуанышты хабар жеткізгенде сүйінші сұрайтын әдет-ғұрып та болған. Қуанышты хабар жеткізген адамға жақсы сыйлық жасалатын. Саят құру кезінде жас аңшы бағалы олжасын өзімен бірге аңға шыққан адамдардың жасы үлкен ақсақалына байлайтын. Ол мұны дәстүр бойынша өз еркімен жасаған.
Жасы үлкендерге құрмет көрсету. Дәстүрлі қазақ коғамында жасы үлкен адамдарды кұрметтеу рәсімі ежелден бар болатын. Ондай құрмет жасы үлкен кісінің қай рудан, қай жүзден, қай ұлттан екендігіне қарамай көрсетілетін.Олар барлық мерекелерде, жиын-тойларда құрметті орындарға, төрге шығарылады.Жасы кіші адам үлкеннің рұқсатынсыз дастарқан басына өз бетінше ешқашан отырмайтын.
Жас адамның, үлкен кісінің алдын кесіп өтуі көргенсіздік деп есептелінетін. Бұл ереже әйел адамның ер азаматтың алдын кесіп өтпеуіне де қатысты болатын. Жасы кішілердің жасы үлкендерге дауыс көтеруіне барып тұрған әдепсіздік ретінде үзілді-кесілді тыйым салынатын. Әңгіме үстінде жасы үлкен кісінің сөзін бөлуге ешқашан рұқсат етілмейтін.
Жастар алыс жолға аттанарда не үй болып, шаңырақ көтерерде жасы үлкен ақсақалдардың алдынан өтіп, ак батасын алатын. Қазақтар жасы үлкен әрі құрметті адамдардан мүндай батаны жауға аттанарда да тілейтін.
ІІІ топ. Тамырлық және қоныс таңдау әдет-ғұрпы
Қазақтардың арасында достасып-бауырласу немесе тамыр болу әдет-ғұрпы да кеңінен тараған. Бұл рәсім
куәлардың көзінше салтанатты жағдайда өткізіліп, нығайтыла тү-
сетін. Рәсім кезінде екі дос кылыштың не қанжардың жүзін сүйіп,
мәңгі адал дос болуға серттесіп, ант ішісетін. Олар бір-біріне мәңгі
достықтың белгісі болсын деп кымбат бағалы бұйымдар ұсынатын.
Дос-жаран, тамырдың үйінде қашан болса да қонуға болатын, ал
үй иесі оған қолдау көрсетіп, қамкорлық жасайтын. Оларды анда болу деп те атайды.
Қазақстан аумағында Ресей казактары мен коныс аударып келген орыс шаруаларының пайда болуына байланысты мал өсіретін көшпелі казақтар мен егін салатын отырықшы орыстардың арасында достасып, тамыр болу әдет-ғұрпы етек алды. Іс жүзінде әр қазақтың орыс шаруалары мен шекара шебіндегі әскери казактардың арасында өзінін тамыр-досы болды. Мұның өзі халықтар арасындағы достықтың кеңінен қанат жаюына игі ықпалын тигізді. Әдетте олар бірінің тілін бірі үйренді, бірінің мәдениетін бірі құрметтеді. Бұл әдет-ғұрыптың ен мықты түрі дос-тамыр болу еді. Олар бір-бірінен өздеріне ұнаған нәрсесінің бәрін де қалап ала беретін. Дос-тамырлық әкеден балаға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып кете беретін сипат алды.
5. Қоныс таңдау әдет-ғұрпы. Қазақтарда қыстаудан өзге жер мен-
шігінің толық дерлік жоқ болуы себепті көшіп-қонып жүруі үшін
уақытша қоныс таңдау әдет-ғұрпы кеңінен таралған болатын. Бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша, ауылдар мен ру ақсақалдары өздерінің бірінші жетіп коныс тандаған жерлеріне арнайы белгілер коюы тиіс санала-
тын. Ондай белгілер жерге найзаның сабын немесе құрық қадап кету
арқылы қойылатын. Құмның бетіне немесе сазды жерге сол ру таң-
басының суреті салынатын. Немесе биік өскен шөптің басын буып,
белгі салып кетуге де болатын. Мұндай белгілері бар жерлерге өзге
ешкімнің қоныстануына рұқсат етілмейтін.
Егер жаңа қонысқа әр түрлі ауылдардың өкілдері бір мезгілде келе қалса, онда жер дауы мынадай тәртіппен шешілетін: сұлтан мен қатардағы қазақ дауласса, сұлтан жеңіп шығатын, би мен старшын дауласса, старшынның мерейі үстем болатын, ал егер би мен катардағы қазақ дауласса, бидің талабы орындалатын.Қазақта ежелден бар тұрмыстық әдет-ғұрыптың бірі — ажырасу аяқ. Оның мәні ауылдың бір тұрғыны басқа бір алыс жаққа көшіп кетерде ағайын-туғандарымен, көрші-қолаңдарымен қоштасу ретінде ажырасу аяқ деп аталатын тамақ беруінде болатын. Ауылдастарына айтпай, үн-түнсіз көшіп кету көргенсіздік, тәрбиесіздік саналатын. Ал көшіп бара жатқан жақ өздерінің туған-туыстарына, құрметті ауылдастарына көзіміздей көріп жүріңдер деп, естелік сыйлықтар қалдыратын. Ал ауылдастары өз кезегінде ризашылығын білдіріп, көш көлікті, барған жердегі коныстарың құтты болсын айтысып, ақсақалдар ақ баталарын берісетін.
ІVтоп. Отбасы және неке саласындағы әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер
Баланы үйлендіруге қатысты әдет-ғұрыптардың реті мынадай болатын: құда тусуге алдын ала келісу, ата-ананың құда түсуі, күйеудің қалыңдыққа ұрын баруы, келін түсіру тойы, неке қию рәсімі. Ұзатылатын қыздың әкесі құда түсіп келген құдаларға құйрық-бауыр жегізетін. Бұл салт-дәстүр құдалық рәсімінің орындалғанын көрсететін. Ал құдалық екі жаққа да белгілі міндеттер жүктейтін. Құдалықтан айнуға болмайтын.
Құда түсудің ресми бөлігі аяқталғаннан кейін жігіт жағы кыздың қалың малын төлейтін. Қалыңмал әдетте мал басымен есептелетін. Оның мөлшері құда түсушілердің қаншалықты бай, ауқатты екендіктеріне карай белгіленетін. Қалыңмалдың мөлшері 5 жылқыдан 1000 жылқыға дейін жететін. Үйлену тойы кезінде құдалар бір-біріне кит кигізетін болған. Ол түрлі қымбат бағалы киімдерден, мата кездемелерден, мал басынан тұратын. Құдалар жағы бір-бірімен қоржын алмасып, өзара сыйлық жасасатын. Үйлену тойының әдет-ғұрыптары неке қию рәсіміне ұласады. Қазақтардың дәстүрлі қоғамында қыздың жасауын берудің де зор маңызы болды. Жасау қыз баланың жас кезінен әзірлене бастайтын. Қыздың жасауына киіз үй, кілем, текемет, сырмақ сияқты бұйымдар, киім-кешек түрлері мен ыдыс-аяқтар, әр түліктен тұратын мал басы және басқалары кіретін болған.
Күйеуі өліп, жесір қалған жас әйелге күйеуінің жақын туыстарының біреуі әмеңгерлік жолымен үйленуге құқықты саналатын. Көшпелі қазақ халқының өмірінде мұның әлеуметтік маңызы үлкен болды. Әйел ерден кетсе де елден кетпеді. Марқұм болған адамның балалары өз руының, өз туысының қарамағы мен қамқорлығында қалды, жат жұртқа жіберілмеді.
7. Бата беру.
Батаны жасы үлкен адам немесе жолы үлкен қонақ беруі тиіс. Бата екі қолды ілгері қарай жоғары созып, екі алақанды өзінің жүзіне карата бұрып тұрып беріледі. Бата беру «әумин» деген сөзбен аяқталады.
Бата адамдарды лайықсыз, теріс қылықтардан сақтандырады, ол жастарды, ізгілікті әрі қайырымды істерге баулиды. Қандай да болсын бір іске кірісерде, дастарқаннан дәм татуға отырғанда немесе жол жүріп, алыс сапарға аттанарда әркім ақсақалдардан бата алатын болған. Бата шаңырақ көтеріп, жеке үй-жай болғандарға да беріледі. Қазақтар өздерінің балаларына атақты кісілерден, құрметті қонақтардан бата алып қалуға тырысқан.
8. Бала тәрбиесі. Қазақтар бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қазақтың дәстүрлі тәрбиелік үлгі-өнегелері ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады.
Жиналып тұрған топқа жақын келген адам оларға бірінші болып сәлем беруге міндетті. Атты адам жаяу кісіге, жасы кіші үлкендерге бірінші болып сәлем береді. Алға келген астан алдымен жасы үлкен адам дәм татады. Тамақ ішіп отырған кезде көп сөйлеуге болмайды. Балаларға жақсы тәрбие, үлгі-өнеге беруде мақал-мәтелдердің атқаратын рөлі зор.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *