ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯ
Жер планета ретінде. Жердің сыртқы бейнесі және өлшемдері. Әлемдік кеңістіктегі Жердің орны. Жердің қозғалысы және олардың географиялық салдарлары.
Жердің массасы және гравитациялық өрісі. Ауырлық күші. Жердің гравитациялық өрісінің географиялық қабықшада байқалуы.
Жердің магниттік өрісі. Магниттік өрістің элементтері. Жердің магниттік өрісінің географиялық үрдістерге әсері.
Литосфера. Жердің құрылымы, құрамы және жасы. Жер қабығы: құрылысы және химиялық құрамы. Жер қыртысының негізгі түрлері, олардың қалыңдығы, құрылымы және жер бедері. Жер қыртысы құрамының эволюциясы. Негізгі құрылымдық элементтері. Минералдар және тау жыныстары. Жердің жасы. Геологиялық уақыт. Тау жыныстарының жасын анықтау әдісі. Геологиялық уақыттың халықаралық шкаласы. Геологиялық карта.
Геодинамикалық процестер және олардың географиялық қабықтағы зат және энергия айналымындағы алатын орны. Тектогенез, көздері. Жер қыртысы қозғалысының кезеңдері – қатпарлану дәуірлері. Геотектоникалық аудандастыру принциптері. Тектоникалық карта. Литосфера тақталарының тектоникасы, қозғалыс себептері. Географиялық қабықшаның дамуындағы тектогенез процесінің алатын орны.
Палеогеография. Зерттеу әдістері. Жер планетасы өткен дәуірлерде: бағдарлылығы, даму кезеңділігі. Табиғи ресурстардың ұлғайуы және қалыптасуы. Жердің даму кезеңдері. Адамзаттың геологиялық іс-әрекеті.
Пайдалы қазбалар. Генетикалық типтері, пайдалы қазбалардың өндірістік классификациясы. Негізгі кен орындары. Жер құрылысын зерттеу әдістері. Тарихи геология, геотектоника және палеонтология бойынша жалпы еңбектер (А.Ф.Якушев, В.Е.Хаин, В.И.Смирнов).
Жер бедері. Жер бедерінің теориялық даму концепциялары (М.В.Ломоносов, В.М.Дэвис, А.Пенк, И.С.Щукин, К.К.Марков, И.П.Герасимов, Ю.А.Мещеряков). Материктер мен мұхиттардың негізгі макрорельефтері.
Рельефтің морфогенетикалық типтері. Геотектура, морфоқұрылым және морфомүсін туралы ілім. Жазық облыстардағы морфоқұрылым, платформалар және тау жүйелері, қатпарлы белдеулер. Жер шарындағы жазықтардың және таулы аудандардың морфомүсіндік дифференциациясы. Дүниежүзілік мұхит түбінің жер бедері. Рельеф және адамның шаруашылық іс-әрекеті.
Атмосфера . Шекарасы, құрылымы, құрамы. Биіктік бойынша ауа құрамының өзгеруі. Атмосфералық қысым, температуара, ауаның тығыздығы. Барометрлік формула. Биіктік бойынша ауа тығыздығының өзгеруі. Атмосферадағы адиобаттық процестер.Биіктік бойынша ауа температурасының өзгеруі. Булану және буланушылық, олардың географиясы. Атмосфералық жауын-шашын, олардың сипаттамасы, өлшемі. Атмосфералық ылғалдану. Бұлттардың генетикалық және морфологиялық классификациясы. Бұлттылық.
Ауа-райы және оның қалыптасуы. Ішкі ауамассалық және фронтальдық ауа-райы. Ауа-райының кешенді түрлері. Ауа-райын болжаудағы жергілікті белгілер және халықтық жорамалдау белгілері. Ауа-райы қызметі. Синоптикалық талдау және болжам. Ауа-райын болжау түрлері. Спутниктік ақпараттар.
Жер шарындағы жылудың және ылғалдың таралу заңдылықтары. Жердің рациональдық және жылу балансы. Жылулық белдеулері. Изотерма карталары. Изаномалар.
Атмосфера динамикасы. Атмосфераның жалпы циркуляциясының сызбасы. Қысым орталықтары. Ауа массалары және атмосфералық фронттар. Циклондар және антициклондар. Циклондардағы және антициклондардағы ауа-райы, олардың қалыптасуы, дамуы және орналасуы.
Климат, климат қалыптастырушы факторлар. В.П.Кеппен және Б.П.Алисовтардың климат классификациялары. Климаттың геологиялық және қазіргі өзгеру себептері. Жердің климаты және олардың сипаттамасы. Жердің климаттық аудандастырылуы (Б.П.Алисов, А.А.Григорьев, М.И.Будыко).
Гидросфера. Құрамы және құрылымы. Табиғи сулардың қасиеттері және аномалиялары, географиялық қабықшадағы үрдістермен байланысы. Жердегі су айналымы және олардың географиялық қабықша процестеріндегі алатын орны. Су ағысы және оның айналымдағы орны. Ағыс сипаттамасы.
Дүниежүзілік мұхит және оның бөлінуі. Судың физикалық және химиялық қасиеттері. Мұхиттық және теңіздік ағыстар.Дүниежүзілік мұхиттағы су айналымы. Қазіргі зерттеулер (В.А.Леднев, А.М.Муромцев).
Жер беті сулары. Өзендер, өзен жүйелері. Б.Д.Зайков және М.И.Львовичтің су режимі бойынша өзендерді классификациялауы.
Ірі өзендерге кешенді сипаттама (Ніл, Амазонка, Конго, Янцызы, Миссисипи, Обь, Лена, Енисей, Волга).
Көлдер. Генетикалық типтері. Морфология және морфометриясы. Химиялық құрамы және термикалық режимі бойынша көлдердің классификациясы. Су қоймалары. Олардың өзендердің ағыстарына және қоршаған ортаға әсері.
Мұздықтар. Мұздықтардың түрлері, қоректенуі және режимдері.
Батпақтар. Генезисі және географиясы. Классификациясы. Батпақтардың қоршаған ортаға тигізетін әсері және белгілері.
Жерасты сулары. Классификациясы. Динамикасы. Фильтрация заңдылығы.
Биосфера. В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі. Шекарасы, құрамы, құрылымы, биосфераның даму заңдылықтары. Биомасса, биологиялық өнімділік.Ноосфера туралы түсінік.
Топырақ туралы түсінік және топырақ түзілу факторлары. Топырақ географиясының негізгі заңдылықтары. Топырақтанудағы таксономия және индекстер. Топырақтың вертикалды және ендік зоналылығы. Әр түрлі топырақтық- географиялық категориялардың түрлі масштабтағы карталарда бейнеленуі.
Өсімдік.Өсімдік жамылғысы географиясының негізгі заңдылықтары, олардың ландшафттың зоналық және азоналық компоненттерімен байланысы. Өсімдік және өсімдік ресурстары. Өсімдік карталары. Өсімдікті қорғау.
Жануарлар және олардың географиялық ортамен байланысы. Жердің зоогеографиялық аудандастырылуы. Жануарларды қорғау. Халықаралық Қызыл Кітап.
Географиялық қабықша. Географиялық қабықша және биосфера. Вертикалды ярусты құрылым және географиялық қабықшаның негізгі даму заңдылықтары. Біртұтастық және кеңістік дифференциациясы. Географиялық зоналылықтың периодтық заңдылығы және табиғи зоналылық туралы ілім. В.В.Докучаевтің, В.И.Вернадскийдің, Л.С.Бергтің, А.А.Григорьевтің, А.Г.Исаченконың көзқарастары. Биіктік белдеулілік, ендік зоналылық, секторлық (провинциалдылық және интрозональдылық). Ритмикалық. Зат, энергия, ақпарат айналымдары.
Физикалық-географиялық аудандастырылу, принциптері және әдістері. Физика-географиялық аудандастырылудағы таксономиялық бірліктердің жүйесі. Жеке және кешенді физикалық-географиялық аудандастырылу. Физикалық-географиялық сипаттаманың типтік жоспары. Физиклық-географиялық аудандастырудың карталары.
Материктердің ірі физикалық-географиялық аймақтарына бөлінуі және адамзат қоғамының табиғатты өзгертуі: Арктика және Евразияның Субарктикасы, Солтүстік Европа, Европа жазығы, Жерорта теңізі маңы, Орталық және Герциндік Европа, Солтүстік, Шығыс, Орталық, Оңтүстік-Батыс, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия, Солтүстік Американың шығысы, Кордильер, Орталық Америка, Оңтүстік Американың шығысы, Батыс Анды, Солтүстік Африка, Орталық Африка, Шығыс Африка, Оңтүстік Африка. Австралия, Океания және Антарктиданың жалпы ерекшеліктері және ішкі өзгешеліктері.
Физикалық география бойынша монографиялық жұмыстар. Аймақтық кешенді атластар.
Дүниежүзілік мұхит. Дүниежүзілік мұхиттың бірлігі. Мұхиттарды бөлу принциптері. Тынық, Атлант, Солтүстік мұзды, Үнді мұхиттарының физикалық-географиялық сипаттамасы. Оңтүстік мұхитты бөлу мәселесі. Мұхиттардағы кеңістіктік әркелкілік. Табиғи-аквальды кешендер.
Ландшафттану. Мәселелік аспектілері, объектісі, пәні, міндеттері, зерттеу әдістері, физикалық-географиялық ғылымдар жүйесіндегі орны. Теориялық және тәжірибелік маңызы. Негізгі және қазіргі заманғы ғылыми мектептер және бағыттар.
В.В. Докучаев, Л.С. Берг, Н.А. Солнцев, В.Б. Сочава, Б.Б. Полынов, М.И. Глазовская, А.И. Перельман, Н.Л. Беручашвили, А.Г. Исаченко, Ф.Н. Мильков еңбектері.
Ландшафт туралы түсінік. Ландшафттың вертикалды және горизонталды құрылымы. Ландшафт шекарасы. Ландшафтардың өмір сүруі, динамикасы және эволюциясы.
Ландшафттар жүйесі. Әдістер және тәсілдер. Типологиялық бірліктер жүйесі.
Антропогендік ландшафт. Антропогендік ландшафттардың классификациясы.
Қазақстан Республикасы. Табиғатты зерттеу тарихы. Физикалық-географиялық жағдайы, геологиялық дамуының тарихы. Пайдалы қазбалар орындарының өндірістік және генетикалық классификациясы, минералды-шикізаттық ресурстар.
Рельеф, морфоқұрылымдық аудандастыру, морфомүсіндік зоналылық.
Климат, климат қалыптастырушы факторлар, агроклиматтық аудандастыру, ресурстар.
Гидрография, өзендер, көлдер, мұздықтар, жер асты сулары, гидроресурстар.
Топырақ жамылғысы және оның географиялық заңдылығы. Топырақ ресурстары.
Өсімдік жамылғысы, заңдылықтар және оның географиясы, геоботаникалық аудандастыру. Доминанттар, эндемиктер, реликтілер. Қызыл кітап.
Жануарлар әлемі. Зоогеографиялық аудандастыру. Доминанттар, эндемиктер, реликтілер. Қызыл кітап. Қорықтар.
Физикалық-географиялық аудандастыру. Ландшафттардың құрылымы. Антропогендік әсер етудің типологиялық классификациясы. Қазақстандағы геоэкологиялық жағдай.
Геоэкология. Зерттеу объектісі, мақсаттары, міндеттері, зерттеу әдістері. Геоэкологиялық мониторинг. Антропогендік әсер етудің типологиялық классификациясы. Экологиялық жағдайларды бағалау.