Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы өрт кауіпсіздігі

Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы өрт кауіпсіздігі. Төтенше жағдайлар
Төтенше жағдай – бұл белгілі территорияда адамдардың тіршілік етуінің қалыпты жағдайының бұзылуы, апатпен, қираумен, стихиялық немесе экологиялық апатпен, сонымен қатар адами немесе материалдық шығындарға әкелетін жаппай инфекциялық аурумен келтірілуі мүмкін.
Көптеген ТЖ негізінде адам қызметі мен қоршаған ортаның арасындағы дисбаланс, арнайы бақыланатын жүйелердің тұрақсыздануы, қоғамдық қатынастардың бұзылуы жатыр.
8.1 Шығу тегі табиғи төтенше жағдайлар
1 Метеорологиялық қауіпті құбылыстар:
— дауылдар, теңіз дауылдары, құйындар, кенет соққан дауыл, торнадо, циклондар;
— iрi бұршақ, жауын, қар жауу, күштi тұман, күштi суыққалар, адам айтқысыз қызу, құрғақшылық;
— төтенше өрт қауіпі, орман өрттері, торфтық өрттер, нан массивтерің өрттері, жер асты жанармай қазбаларының өрттері.
2 Тектоникалық және теллурологиялық қауіпті құбылыстар:
— жер сілкінісі (теңіз сілкінісі);
— жанар таулардың атылуылары.
3 Топологиялық қауіпті құбылыстар:
— су тасу, тасқындар, желдiң айдаулары, су басу;
— көшкiндер, селдер, құлаулар, көшкiн, үйiндiлер, жер бетiнiң құлауы, цунамилер.
4 Ғарыштық қауіпті құбылыстар:
— метеориттер, кометтарлар қалдықтарының құлауы;
— басқа да ғарыштық апаттар.
Табиғи апаттар ішінде өте жиі кездесетін (90%) түрлер: су тасулары — 40%, тайфундар — 20%, жер сілкінісі мен құрғақшылық — 15%-дан.
8.2 Шығу тегі антропогендік төтенше жағдайлар
1 Көліктік – автомобильдік, теміржолдық, авиациялық, сулы, құбыр арқылы өтетін.
2 Өндірістік қауіпті құбылыстар
— жарылыстар, механизмдердің, агрегаттардың, коммуникациялардың зақымдануы мен қирауы, ғимарат конструкциясының құлауы;
— өрттің әртүрлі түрлері;
— кәсіпорындағы радиоактивті заттардың (РЗ) шығарылуымен байланысты апаттар;
— СДЯВ шығырылуымен байланысты апаттар.
Табиғи мен техногенді апаттардың арақатынасы шамамен 1:4 тең. Техногенді апаттар арасында авиациялық, автомобильді, теміржолдық, теңіздік, өзендік көліктегі құбылыстар басым болып келеді.(65,7%)
ТЖ мынандай түрлерге бөлінеді:
— локальдік – зардап шеккендер саны – 10 адамнан аспайды; тіршілік ету шарттары бұзылғандар – 100 адамнан аспайды. ТЖ зонасы өндірістік немесе әлеуметтік мақсаттағы обектілер шегінен аспайды;
— жергілікті – зардап шеккендер саны 10 нан 50 адамға шейін; тіршілік ету шарттары бұзылғандар 100 ден 300 адамға шейін жетеді. ТЖ зонасы елді мекен шегінен аспайды;
— территориялық – зардап шеккендер саны 50 ден 500 адамға шейін, тіршілік ету шарттары бұзылғандар 300 ден 500 адамға шейін жетеді. ТЖ зонасы ҚР субъектісінің шегінен аспайды;
— аумақтық – зардап шеккендер саны 50 ден 500 адамға шейін, тіршілік ету шарттары бұзылғандар 500 ден 1000 адамға шейін жетеді. ТЖ зонасы ҚР-ның 2 субъектісін қамтиды.
— федералды – зардап шеккендер саны 500 адамнан асады; тіршілік ету шарттары бұзылғандар 1000 адамнан асады. ТЖ зонасы ҚР-ның 2 субъектісінен асатын жерді қамтиды [3 с. 239-253].
8.3 Қазақстан Республикасының төтенше жағдайларды алдын алу мен әрекет ету туралы мемлекеттік жүйесі
Халықты, экономикалық объектілер мен территорияларды табиғи, антропологиялық, техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда және қазіргі заманғы қирату құралдарынан қорғау үшін Қазақстан Республикасында төтенше жағдайларды алдын алу және оларды жою туралы мемлекеттік жүйесі жұмыс істейді (азаматтық қорғаныс жүйесі).
Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен іске асыру жөніндегі барлық қызмет елдің ішінде ҚР Заңымен 7.05.1997 жылғы «Азаматтық қорғаныс туралы» анықталады. Азаматтық қорғанысқа жалпы басшылықты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi жүзеге асырады, ол (лауазымы бойынша) Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының Бастығы болып табылады. Азаматтық қорғанысты тікелей басқаруға орталық атқарушы ұйым – Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттік құрылған. Агенттіктің орталық аппараты департаменттер мен құрылымдық бөлімшелерден құрылады. Департамент құрамы республиканың Үкіметмен бекітіледі. Департамент басында директор отырады, оны Агенттік төрағасымен тағайындалады. Агенттік төрағасы қызметі бойынша ҚР-ның азаматтық қорғанысының бастығының орынбасары сонымен бірге жол жүру қауіпсіздігі Ведомствоаралық комисияның, Республикалық төтенше эпидемияға қарсы комисияның және жарылыс ісі жөніндегі Ведоствоаралық кеңесінің төрағасы болып табылады.
Агенттіктің территориялдық ұйымдарының басшылары (облыстық, аумақтық, қалалық, аудандық ТЖ басқару жөніндегі), олардың орынбасарлары Агенттіктің төрағасымен сәйкес әкімшілік-территориялық бірліктердің әкімдерімен келісіп тағайындалады.
Агенттіктің компетенциясындағы маңызды проблемалар үшін оларды қарау мен оларға ұсыныс жасауға Агенттіктің ішінде ғылыми-техникалық кеңес құрылады, оның құрамына мүдделі министрліктердің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ғылыми және қоғамдық ұйымдар, қоғамдық бірлестіктердің мүшелері кіреді.
Агенттіктің практикалық қызметі келесі ҚР қабылданған: 5.07.1996 жылғы «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы», 7.05.1997 жылғы «Азаматтық қорғаныс туралы», 31.03.1997жылғы «Апаттан құтқарушы қызметтер мен құтқарушылар мәртебесі туралы», 15.10.1993 жылғы «Төтенше жағдайдың заңды режимі туралы», 22.11.1996 жылғы «Өрт қауіпсіздігі туралы», 23.04.1998 жылғы «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» заңдармен анықталады. Бұл заңдар ҚР территориясындағы төтенше жағдайды алдын-алу мен жою кезіндегі қоғамдық қатынастарды реттейді, орталық, өкілетті жергілікті және атқарушы органдардың, ұйымдардың негізгі міндеттері мен өкілеттілігін, төтенше жағдайлар облысындағы ҚР азаматтарының құқықтары мен міндеттерін анықтайды.
Төтенше жағдайларды алдын-алу мен салдарын жою үшін «Азаматтық қорғаныс туралы» ҚР Заңына сәйкес азаматтық қорғаныс күштері, оның құрамы, бағыты мен қолдану тәртібі анықталған. Олар ҚР АҚ қарулы күштерінен, АҚ территориялық құралымдарынан, АҚ объектілік құрылымдарынан, АҚ пен ТЖ қызметтерінің құрылымдарынан, жедел-қорғау отрядтарынан құралған. Қорғау жұмыстарын өткізу барысында Үкімет шешімімен Қорғаныс министрлігінің қарулы күштері мен ҚР ІІМ тартылуы мүмкін.
ҚР қазіргі заңнамаларына сәйкес АҚ құрылуы облыстарда, қалаларда, аудандарда және меншік формасына тәуелсіз ұйымдарда Әкімнің шешімімен территориялық-өндірістік принциппен құрылады, ал объектілік құрылымдар өндірістер мен меншік формасына тәуелсіз ұйымдарда – ұйымның басшысының бұйрығымен құрылады.
АҚ жалпы саны, құрамы мен құрылымдардың саны халықтың сенімді қорғанысын қамтамасыз ету қажеттілігін жеткілікті ететіндей, істелетін жұмыстың сипаты мен көлемі, адами ресурстардың болуы, қажетті мамандардың, техниканың және жергілікті шарттарды есепке алу арқылы анықталады.
Төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін бейбітшілік кезінде бар АҚ құрылымдарынан және штаттағы мамандандырылған құрылымдардан саны тұрақты даярлықта тұратын шұғыл әрекет ету отрядтары құрылады:
— облыста – 150 адамнан кем емес;
— қалада – 100 адамнан кем емес;
— ауданда – 50 адамнан кем емес.
Құрылымдарды мүмкін максималды дайындыққа келтіру уақыты қойылады:
— шұғыл әрекет ету отрядына – 2 сағаттан аспайды;
— негізгі қорғау құрылымдарына – 4 сағаттан аспайды;
— барлық қалған құрылымдарға – 6 сағаттан аспайды.
Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайды жою кезінде апатты-қорғау құрылымдарынан басқа дереу түрде дереу медициналық көмек қызметі іске қосылады. Бұл қызметке тұрақты дайындықтағы моильді құрылымдар, мамандандырылған дружиналар, алғашқы дәрігерлік жәрем отрядтары енеді.
Төтенше жағдай кезінде маңыздысы байланыс құралдары мен хабарландырудың тұрақтылығы мен тоқаусыздығы болып табылады. Сенімді болу үшін байланыстың барлық түрі қолданылады: желілік, теле-, радио-, компьютерлік, ғарыштық және тағы басқалары. Сонымен қатар азаматтық қорғаныс штабы ретрансляциялық радиожеліге тікелей шыға ала алады. Сонымен бірге қала сыртына шығатын байланыс пунктілері мен резервті құралдар қарастырылған.
Төтенше жағдайдың масшабына тәуелді оны халыққа хабарландыру тәртібі мен ақпараттандыру құқығы Үкіметке, ТЖ жөніндегі ҚР Агентігіне, жергілікті өкілетті органдар мен ТЖ облысындағы атқарушы органдарға жүктелген. Мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамту үшін ҚР республикалық автоматтандырылған төтенше жағдайлар жөніндегі ақпараттық-басқарушы жүйе құрылған.
Төтенше жағдайларды алдын-алу мен оларды жою туралы жүйе ҚР үш тәртіп бойынша қызмет етеді:
— күнделікті қызмет бейбітшілік уақытта түзу радиациялық, химиялық, биологиялық, гидрометерологиялық және сейсмикалық жағдайында;
— дайындықтың жоғарлауы төтенше жағдай болу мүмкіндігі туралы болжам алынған кезінде;
— төтенше жағдай болып оны жою режимі бейбітшілік уақытта.
Төтенше жағдай болып оның салдарын жою кезінде «Төтенше жағдайдың заңды режимі туралы» ҚР заңымен регламенттелген төтенше ахуал тәртібі орнауы мүмкін. Төтенше ахуал ҚР барлық территорияся бойынша немесе кейбір оның кейбір жерлерінде ҚР Президентінің Бұйрығымен енеді немесе жалғастырылады.
Төтенше ахуал үлкен масштабты стихиялық апаттар немесе халық өміріне нақты қауіп төнген техногендік апаттар кезінде, сонымен бірге әртүрлі қоғамдық дауларды төтенше шара қолданбай жою мүмкін емес болғанда салдары конститутциялық құрылымның өзгеру қауіпі жағдайында енеді. [1, б. 248-255; 4, б.135- 142, 163-191].
8.4. Төтенше жағдай болу кезінде халықаралық ынтымақтастық
Стихиялық апатпен күрес тәжірибесі зардап шеккен аймақтар үшін барлық жақты көмек көрсетудегі халықаралық ынтымақтастықтағы қажеттілікті көрсетті. Халықаралық ынтымақтастықты жақсарту жөніндегі мәселелерге 1974 жылы Каракас қаласында өткен 7 Халықаралық конференция арналды, оған 30 мемлекет қатысты. Конференцияда халықаралық ынтымақтастықтың негізгі міндеті ретінде тек апаттағыларға көмек көрсетіп зардап шеккендерді қорғау еместігін анықтады, сонымен қатар өндірістік және транспорттық апаттардың, қоршаған ортаны ластаудың және тағы басқа апаттардың мүмкін залалдарын алдын-алуға бағытталды. Қабылданған бағдарламамен келесі қызмет түрлері анықталған: апаттарды болжау мен алдын-алу, олардың салдарын жою мен қираған объектілер мен байланысты қалпына келтіру. НАТО елдері мен ЕИС стихиялық апаттардың қауіптілігін төмендету мен алдын-алу бойынша шараларда белсенді түрде қатысуға тырысады.
Қазіргі уақытта ТЖ проблемаларымен айналысатын бірнеше халықаралық ұйым жұмыс істейді. Азаматтық қорғаныстың халықаралық ұйымы (МОГО-АҚХҰ) 1931 жылы Париждегі құрылтай конференциясында құрылды. АҚХҰ жарғысына сәйкес мақсаты АҚ, бейбітшілік және соғыс уақытында қауіпті алдын-алу немесе төмендету тәсілдер мен техникалық құралдардың дамуы мен жетілдіру болып табылады. 1996 жылдан бастап ҚР АҚХҰ мүшесі болды. 1957 жылдан бастап БҰҰ мамандандырылған ұйымы – Халықаралық атои энериягиясы жөніндегі агенттік (МАГАТЭ) құрылды. Оның міндеті атом энергиясын бейбіт қолданудағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Оның құрамын 120 мемлекет енеді. ТЖ проблемасымен қатысты басқа ұйымдар қатары Еуропалық стихиялық апаттарға дайындық оқу орталығы (АФЕМ), Еуропалық жер сілкінісін болжау мен алдын-алу орталығы (ЕЦПП) Грецияда орналасқан, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ). 1993 жылы ТМД деңгейінде «Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ салдарын алдын-алу мен жою жөнінде келісім» жасалды. Халықаралық ұйымдар мамандар арасындағы байланысты күшейтуге ынталандыратын және төтенше жағдайлардан қорғаныс құралдары мен тәсілдерін жетілдіру үшін оқулар, кездесулер өткізеді. [1, с. 255-257; 4, с.235- 249].
8.5 ТЖ кезінде шұғыл қалпына келтіру мен құтқару жұмыстарын ұйымдастыру
Құрылымдардың стихиялық апаттар, ірі апаттар мен қираулардың салдарын жою кезіндегі негізгі міндеті – адамдар мен материалдық құндылықтарды құтқару болып табылады. Құрылымдардың қызметінің сәтті өтуі көбінесе өз уақытындағы белгілі шарттағы жағдайды есепке алу мен барлау өткізу мен ұйымдастыруға байланысты болып келеді.
Стихиялық апат аудандарында барлау: апаттың ошағының шектерін және оның тарау бағытын, тікелей қауіп төніп тұрған объектілер мен елді мекендерді, адамдар жинақталған орындарды, жұмыс орнына техниканың жету амалын, ғимараттар мен құрылыстардың зақымдану жағдайын, сонымен бірге оның ішіндегі зақымданған адамдардың болуын, коммуналды-энергетикалық желілердің апаттанған жерлерін, шұғыл апатты-қалпына келтіру мен құтқару жұмыстарының көлемін анықтайды.
Барлауды барлаушы топтар мен бөлімдері өткізеді. Барлаушы құрылымдарға объектінінің орналасуы мен өндірістің ерекшелігін білетін мамандарды қосу ұсынылады.
Бірінші эшелон күш топтауына негізінен апат болған объект құрамдары енеді, ал екіншісіне – көрші объектілердің (аудан) құрылымдары енеді.
Стихиялық апат аудандары мен ірі апат орындарында құтқару жұмыстары бірінші кезекті катастрофалық салдардың болуын, апаттардың, адам өлімі мен материалдық құндылықтардың шығынын келтіретін қосымша себептердің болуын болдырмаудың алдын-алу мақсатында ескерту болып табылады.
Құрылымдардың командирлері аудандағы жағдайды үнемі біліп отыруы қажет оның өзгеруіне сәйкес анықтап немесе бөлімшелерге жаңа міндет қойып отыруы қажет.
Құтқару мен шұғыл жұмыстарды өткізуге техникалық құралдарды қажет етеді:
— жертөлелерді, қорған ыс құрылыстарды бұзуға машиналар (экскаваторлар, бульдозерлер, крандар, домкраттар, лебедкалар);
— ауа жіберу үшін тесік жасайтын пневматикалық құралдар (әмбебап құралдар, бұрғы қондырғылары, кен балғалары);
— металлды кесуге арналған құралдар (керосинкескіштер, автогенді аппараттар, сеперқайшылары және т.б.);
— жолсыздықтан техниканы өткізуді қамтамасыз етуге арналған құралдар (механизацияланған көпір, тягач-трейлерлер, өз жүретін шынжыр табанды паромдар, понтондар және т.б.);
— сумен қамтамасыз ету құралдары (бұрғы қондырғылары, фильтрлеу станциялары және т.б.);
— адамдарды іздеу құралдары (иттері бар кинологтер, теплопеленгаторлар). [1, с. 237-248; 2, с.406- 409].
Жану туралы негізгі мөліметтер. Жану түрлерінің жіктелуі. Жану процесінің механизмі. Жану жөне газ, бу және шаңды-ауа коспалары процесінің жалпы заңдылықтары. Кәсіпорындардағы өрттердің себептері мен сипаты. Өрттердің жіктелуі, өндірістердің жарылыс, өрт қауіптілігі бойынша категориялары. Кәсіпорында өрттен корғауды үйымдастыру. Өртке қарсы нүсқаулық. Өрт сигнализациясы және байланыс. Өртті сөндіру қүралдары мен тәсілдері. Өртті сөндірудің автоматтық қүралдары. Көсіпорындарда өрт пайда болғанда адамдарды қауіпсіз эвакуациялау тәсілдері. Апаттарды жою жоспары..

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *