Білім алушылардың оқу жетістіктері бағалауды және шығару емтихандарын тапсыруды ұйымдастыру
197. Студенттердің оқудағыжетістігі барлық бақылау түрлері бойынша, аралық және қорытынды аттестация кезіндегі баллды-рейтингті жүйе бойынша білім деңгейі бағаланып, әскери кафедрада өңделген және ЖОО қолданылатын жүйеге сәйкес бағаланады.
198. Олардың теориялық және тәжірибелік дайындық деңгейін анықтау мақсатында, үлгерімді ағымдағы бақылау әр-бір пән тақырыбы бойынша жүргізіледі және силлабуста көрсетілген бақылаудың әр түрлі формалары жүзеге асырылады.
199. Аралық аттестация оқу жоспарына сәйкес өткізіледі.
200. Әр-бір оқу пәні үшін бақылау түрі емтихан болып табылады, лабораториялық, есепті-графикалық тапсырмалар, курстық жұмыс (жобалар), барлық тәжірибелер қорғау түрінде өткізіледі.
201. Аралық аттестацияны өткізуді ұйымдастыру әскери кафедра бастығының орынбасары – оқу жұмысының жетекшісіне жүктеледі.
202. Емтихандар жазбаша, ауызша, тест,тәжірибелік немесе құрамдастырылған түрде өткізіледі. Емтихан тест түрінде болса, бір күнде екі немесе үш пән бойынша емтихан өткізуге болады. Емтиханды өткізу түрі және реті силлабуспен бекітіледі.
Әскери кафедрада өңделген және ЖОО қолданылатын жүйеге сәйкес, оқудың төлем ақысын толық төлеген, үлгерімі ағымдағы бақылау нәтижесі бойынша анықталған, рейтинг бағасын жинаған, белгіленген баллды-рейтингті жүйе бойынша білімі бағаланған студенттер емтиханға қатыстырылады.
203. Әскери кафедра бастығы жұмыс (тапсырма, жоба) жетекшісінің тікелей қатысуымен тағайындалған комиссия емтихандарды, лабораториялық жұмысты, есепті-графикалық тапсырмаларды, курстық жұмыстарды (жобаларды) қорғау жұмысын қабылдайды. Комиссия құрамы: төраға – әскери кафедра орынбасарлары тізімінен (цикл бастықтары); комиссия құрамы (екі адамнан кем емес) – әскери кафедра оқытушылары.
Қорғау қорытындысы бойынша баға қойылады. Студент қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда жаңа тақырып бойынша жұмыс алады немесе әскери кафедра бастығы қойған мерзімге дейін бастапқы жұмысын толықтырып, өңдейді.
204. Әскери кафедра бастығы студентке кейбір мәселелер туындаған жағдайда (сырқаттану, іс-сапарға кету, қызметтік қажеттіліктер) жеке кесте бойынша емтихан тапсыруға рұқсат береді.
205. Емтиханды ауызша немесе жазбаша түрде өткізу үшін цикл емтихан билеттерін дайындайды (22 қосымша)
206. Емтихан билеттері әскери кафедра оқу-әдістемелік комиссия отырысында талқыланып, цикл бастығының қолы қойылады және әскери кафедра бастығы бекітеді. Әр бір емтихан билеті үш сұрақтан тұрады, оның біреуі тәжірибелік болуы мүмкін. Емтихан билеттерінің саны взводтағы студенттер санынан 10% артық болуы керек.
207. Тест тапсырмаларын циклдар жасайды, әскери кафедра оқу-әдістемелік комиссия отырысында талқыланып, цикл бастығының қолы қойылады және әскери кафедра бастығы бекітеді. Әр бір сұрақтың 4 жауабы болады, оның біреуі ғана дұрыс, және қиындық деңгейі; (жеңіл, орта немесе қиын). Студенттер емтиханды тест түрінде тапсырған кезде аудиторияға бір мезгілде кіреді және тапсырады. Екі немесе одан да көп жауапты белгілеген жағдайда балл есептелмейді. Тест қорытындысы әскери кафедрада өңделген және ЖОО қолданылатын жүйеге сәйкес баллды – рейтингті жүйе бойынша бағаланады.
208. Студенттер емтихан барысында әскери техниканы немесе макет түріндегі бейнесін, моделін, стендтарды, сонымен қатар анықтамалар, карталар, таблицалар, плакаттарды силлабусқа сәйкес қолдана алады.
209. Студент, емтиханда рұқсат берілмеген материалдарды пайдаланған болса, емтиханнан шығарылады және қанағаттанарлықсыз баға қойылады.
Емтиханды қайта тапсыру, оның мерзімі, емтихан комиссиясының құрамы әскери кафедра бастығы бұйрығымен белгіленеді.
Аралық аттестациядан кейін емтиханды екі рет бір апта аралығында қайта тапсыруға болады.
210. Емтиханда қойылған баға емтихан ведомостына енгізіледі. (23 қосымша)
211. Емтихан тізімдемесі бір дана жасалынып, әскери кафедра бастығының қолы қойылады.
212. Емтиханда баға қою саясаты силлабус бойынша анықталады.
213. Бағаны жоғарылату мақсатында емтиханды қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.
214. Жаңа академиялық кезеңнің басталуына дейін оқудағы берешектерін жоймаған студент әскери дайындықтан шығарылады.
215. Оқу пәні бойынша аралық аттестация өткізуде емтиханда қойылған баға және академиялық кезеңде үлгерімді бақылауда бағаның орташа ұпайы ескеріледі.
216. Аралық аттестацияға шығарылмайтын пәндер бойынша қорытынды бағаны оқытушылар ағымдағы үлгерімді бақылау бағасына сәйкес қояды.
217. Қорытынды аттестация (бітіру емтиханы) әскери дайындықтың қорытынды кезеңі болып табылады.Ол запастағы офицерлерді дайындау бағдарламасын меңгеру дәрежесін тексеру мақсатында жүргізіледі.
Білім алушылар бітіру емтиханын оқу жоспарына сәйкес негізгі пәндер бойынша тапсырады. Бітіру емтихан сұрақтарын оқу-әдістемелік комиссия қарастырады, әскери кафедра бастығы бекітеді және студенттерге емтиханға дейін бір ай бұрын таныстырылады.
218. ЖОО қолданылатын жүйеге сәйкес баллды – рейтингті жүйе бойынша білімі бағаланып, оқу-жаттығу жиынында (кәсіби тәжірибеде) үлгерімін бақылау нәтижесі бойынша рейтинг бағасын жинаған студенттерге бітіру емтиханын тапсыруға рұқсат беріледі.
Бітіру емтиханын өткізуге запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша үш күн беріледі.
219. Бітіру емтиханы оқу жұмыс бағдарламасына сәйкес теориялық және тәжірибелік түрде, бірнеше пән сұрақтарын қамти отырып жүргізіледі.
Бітіру емтиханның теориялық түрін аудиторияда, ал тәжірибелік түрін жергілікті аймақта, полигонда, паркте, атыс және арнайы қалашықта, арнайы жабдықталған кластарда (лабораторияларда) тапсырады.
220. Бітіру емтиханы оқу-жаттығу жиынының (кәсіби тәжірибенін) соңғы кезеңінде өткізіледі, онда қажетті оқу материалдарын пайдалана отырып және студенттердің білімін, тапсырманы орындай алуларын және дағдыларын оқыту бағдарламасы көлемінде тексеріледі.
Оқу-жаттығу жиыны өткізілетін жерде бітіру емтиханын қабылдауды ұйымдастыру мүмкін болмаған жағдайда, әскери кафедрада ұйымдастыруға болады.
221. Білім алушыларды екі немесе одан да көп ӘЕМ бойынша дайындайтын әскери кафедраларда бітіру емтихан аттестациялық комиссиясы әр бір әскери есептік мамандық бойынша шағын комиссияларға бөлінуі мүмкін.
222. Бітіру емтиханы аттестациялық комиссия төрағасы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі бұйрығымен тағайындалады.
Бітіру емтиханы аттестациялық комиссия төрағасы тағайындалғаннан кейін бітіру емтиханын қабылдау бойынша аттестациялық комиссия дербес құрамы белгіленеді:
1) әскери кафедра оқытушысы – ЖОО басшысы бұйрығымен;
2) әскери бөлім, әскери оқу орны өкілдері – командир (бастық) бұйрығына сәйкес.
223. Бітіру емтиханы аттестациялық комиссия төрағасы бітіру емтиханына дейін емтихан билеттерін бекітеді, көрнекі құралдар тізімін, анықтама түріндегі материалдарды, емтиханда білім алушылардың жауап беруге дайындалу барысында қолдана алатын материалдарды, емтиханды қабылдау тәртібін анықтайды, білім және тәжірибелік дағдыны бағалаудағы бірыңғай талаптарды, сонымен қатар емтиханды өткізу сұрақтары бойынша офицерлер мен білім алушылардың жеке қабылдау уақытын, комиссия мүшелерімен бітіру емтиханын ұйымдастыру және оларға міндеттерін бөліп беру бойынша нұсқаулы кеңес өткізеді.
224. Әскери кафедра бастығының орынбасары, оқу жұмысының жетекшісі бітіру емтиханы аттестациялық комиссия төрағасына бітіру емтиханын тапсыруға рұқсат берілген білім алушылардың тізімін, емтиханды өткізу кестесін, бітіру емтиханы аттестациялық комиссия отырысы хаттама үлгісін және басқа да қажетті құжаттар мен материалдарды ұсынады.
225. Бітіру емтиханының билеттері мен тапсырмалары әскери кафедраның оқу-әдістемелік комиссия отырысында талқыланып, өңделеді. Әр-бір билетте 5 сұрақтан болады (оның 1-2 тәжірибелік). Билеттегі сұрақтар бітіру емтихан пәндері бойынша оқу бағдарламаның барлық тақырыбын қамту керек. Емтихан билеттерінің саны взводтағы студенттер санынан 10% артық болуы керек.
226. Білім алушылар бітіру емтиханы барысында бітіру емтиханы аттестациялық комиссия төрағасы бекіткен әскери дайындық бағдарламасын, анықтамаларды, карталарды, таблицаларды, макеттерді, плакаттарды қолдана алады.
227. Емтиханда рұқсат берілмеген материалдарды қолданған студенттер, емтиханнан шығарылады және оларға қанағаттанарлықсыз деген баға қойылады.
228. Әскери дайындық бойынша бітіру емтиханын тапсырмаған студенттер, бір жылдан кейін әскери кафедрада бітіру емтиханын тапсыру барысында бір рет қана қайта тапсыра алады.
229. Емтихан тапсырушылардың білімін бағалауда әр түрлі пікір туындаса, соңғы шешімді бітіру емтиханы аттестациялық комиссия төрағасы қабылдайды.
230. Әр-бір оқу взводтың бітіру емтиханын тапсыру нәтижесі бітіру аттестациялық комиссия отырысында хаттама толтырылып, төраға, комиссия мүшелері және хатшы қол қояды. (24 қосымша).
231. Оқу жылында жүргізілген жұмыс, оқу-жаттығу жиынын (кәсіби тәжірибенін) өткізу нәтижесі, бітіру емтиханын қабылдау туралы есеп БҒД 7 күн аралығында жолдануы керек.
232. Әскери дайындықтың запастағы офицер бағдарламасы бойынша толық курс өткен және бітіру емтиханын тапсырған студенттер — ЖОО бітіргеннен кейін «запастағы лейтенант» әскери атағын беруге ұсынылады.