Ішкі қызметті және ішкі тәртіпті ұйымдастыру

Ішкі қызметті және ішкі тәртіпті ұйымдастыру

176. Әскери кафедрадағы ішкі тәртіп пен ішкі қызмет Қарулы Күштер жарғысына сәйкес әскери кафедра бастығымен ұйымдастырылады, ал Қазақстан Республикасындағы басқа да әскери қалыптастырулар ҚР ҚМ бұйрығымен және әскери кафедраны орналастыру ерекшелігіне байланысты ұйымдастырылады.
177. Күн тәртібінде взводтарды сабаққа тарату мен таңғы тексеру уақыты, оқу сабақтары, студенттердің өзіндік жұмыстары, әскери техника мен жабдықтарды күту, мамандықтар бойынша оқу жаттығу өткізуге ақпарат беру, студенттермен тәрбие және әскери-отаншылдық жұмыстарын жүргізу қарастырылады, сонымен қатар күн тәртібіне қосымша ретінде қызмет уақыты регламенті енгізіледі.
Әскери кафедраның күн тәртібі мен қызмет уақыты регламенті ЖОО басшысымен бекітіледі.
178. Әскери кафедра бастығының бұйрығымен оқу взодының құрамы анықталады, оқытушылар арасынан оқу взводтарына жауапты- офицерлер, оқу взводтарының командирлері және студенттер арасынан бөлімше командирлері тағайындалады.
179. Әскери кафедра бойынша кезекші әскери кафедра бастығымен бекітілген наряд кестесіне сәйкес оқытушы, инженерлік-техникалық және оқу-көмекші персоналы қатарынан тағайындалады.
180. Әскери дайындықтан өту кезінде білім алушыларға ЖОО жарғысына сәйкес а мадақтау және жазалау шаралары қолданылады.
181. Оқу жиынында мадақтау және тәртіптік жаза қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа әскерлері мен әскери құралымдары Тәртіптік жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
182. Оқытушылар мен инженерлік-техникалық персоналы үшін әскери киім үлгісін жұмыс күні бойы киюҚазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілерімен әртүрлі белгілері белгіленген әскери киім үлгісін кию Қағидаларына сәйкес міндетті болып табылады.
183. Әскери дайындықтан өтуге келген студент ұлдар мен қыздардың киім үлгілері келесі талаптарға сай болуы керек:
Жаздық күнделікті киім түрі:
1) бүркеніш түсті далалық фуражка;
2) бір түсті футболка байқатпайтын түс;
3) бүркеніш түсті далалық күртеше мен тік пішілген шалбар;
4) далалық белбеу;
5) қара түсті биік қонышты былғары бәтеңке;
6) далалық офицерлік сөмке.
184. Қысқы уақыт мерзімі кезінде қосымша далалық киім үлгісі ұсынылады:
1) қара жусан түстес теріден тігілген құлақшын немесе қара түсті жүн құлақшын;
2) бүркеніш түсті астары жылы далалық күртеше;
3) қара түсті жылы қолғап.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *