тәрбие және әскери-патриоттық жұмысты ұйымдастыру
153. Тәрбие және әскери патриоттық жұмысының жоспары, ЖОО тәрбие жұмысын қадағалайтын бөлімдермен өзара әрекеттесе отырып, әскери кафедрада оқу жылына құрылады және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығымен келісілген соң ЖОО басшысымен оқу жылы басталардан екі апта бұрын бекітіледі. Жоспарда әскери кафедрада, әрі ЖОО көлемінде студенттермен өткізілетін тәрбие және әскери патриоттық жұмысы қамтылады.
154. Тәрбие және әскери патриоттық жұмысының мақсаты:
Қазақстан Республикасының заңдары мен Конституциясын құрметтеуге бағытталған құндылықтар жүйесін студенттердің бойында қалыптастыру, Президент пен Қазақстан халқына адалдыққа, командирлердің бұйрықтары мен Жалпыәскери Жарғылардың талаптарын бұлжытпай орындауға, әрбір студенттің Отанды қорғауда өз әскери боышын орындауға дайындығын тәрбиелеу;
Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын студенттердің қолдауы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне жүктелген тапсырмаларды табысты шешуде олардың моральдік-психологиялық дайындығы.
155. Тәрбие және әскери патриоттық жұмысының міндеттері:
1) өткен кезеңдегі халқымыздың батырлығы мен Қарулы Күштердің даңқты әскери дәстүрін дәріптеу және олардың заманауи кезеңде орындайтын міндеттерін насихаттау;
2) Конституциялық борышын өтеуде қажетті моральдік-психологиялық сапаларды қалыптастыру;
3) студенттердің бойында мемлекет саясатына адалдықты қалыптастыру үшін өткізілетін іс-шараларды ұйымдастыру;
4) әскери қызметтің ауыртпалықтары мен қиыншылықтарын табандылықпен көтерудегі дайындығы арқылы жүктелген міндеттерін орындауды қамтамасыз ететін деңгейде студенттердің бойында жүйке төзімділігін қалыптастыруда қолдау көрсету;
5) әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету ауқымында мемлекеттің қабылдаған шаралары мен қоғамдық саяси сұрақтар туралы жоғары деңгейде ақпараттандыру;
6) студенттердің бойында әскери тәртіпті сақтануды, бағдарламаларда қарастырылған лауазымдық міндеттерді бұлжытпай орындауды қамтамасыз ететін жеке сапаларды қалыптастыру;
7) студенттердің бойында жоғары Отансүйгіштік сезімді, Отан қорғаудағы жекелей жауапкершілігін, еліміздің Конституциясына адалдығын қалыптастыру;
8) мемлекетке және оның Конституциялық құрылымына қарсы бағытталған деструктивті идеологияға қарсы әрекет, лаңкестік пен діни экстремизмнің кез келген түрлері және олар байқалған жағдайда бұрыстығын сезіну атмосферасын құру;
9) жалпы мәдениет пен адамгершілікті қалыптастыру, Қазақстандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне, рухани және адамгершілік құндылықтарға баулу, әрбір халықтың тарихы,тілі, мәдениеті, абыройы,қадыр-қасиетін құрметтеуге тәрбиелеу;
10) салауатты өмір салтын машықтануды тиімді түрде қалыптастыруға, психологиялық және дене даярлығы саулығын сақтауға кеңістік құру, денсаулыққа кері әсерін тигізетін факторларды анықтай білу;
11) студенттердің бойында логикалық, сыни және креативті ойлану қабілетін қалыптастыру.
156. Тәрбие және әскери патриоттық жұмысының жоспарына келесі бөлімдер қосылады:
1) әскери-патриоттық жұмыс;
2) көшбасшылық қасиеттерге тәрбиелеу;
3) әскери этика рухында тәрбиелеу;
4) идеологиялық жұмыс және ақпараттық қарсы әрекет;
5) мәдени-тынығу жұмысы;
6) психологиялық жұмыс;
7) имидждік жұмыс және қоғаммен байланыс.
157. Әскери-патриоттық жұмыс – студенттердің бойында Отансүйгіштікті, Қазақстан Республикасына адалдықты, мемлекет мүддесі үшін өзін құрбан етуге дайындықты қалыптастыру іс-шараларын ұйымдастыру, қоғамда әскери-патриоттық рухты қалыптастыру мақсатында студенттердің қатысуымен мемлекеттік, қоғамдық және білім беру ұйымдарында әскери патриоттық іс-шараларды өткізу.
158. Көшбасшылық қасиеттерге тәрбилеу- іс-шараларды ұйымдастыру:
ұлы тұлғалармен кездесуді ұйымдастыру, жастар ұйымдарының, пікірталас клубтарының, әскери-ғылыми қоғамның, көңілді және тапқырлар клубы топтарының жұмысына қатысу арқылы студенттердің бойында көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру;
студенттердің Республикалық,облыстық, қалалық көлемдегі әскери-патриоттық жиындарға, әскери-спорттық ойындарға, эстафеталарға, спорттық топтарға, міндетті түрде «Айбын» әскери-патриоттық слетіне қатысуы арқылы салауатты өмір салтының мәдениетін қалыптастыру;
өзін-өзі бақылай білу қабілетіне, өзін-өзі дамытуға, мақсаттылыққа, ерік күші қасиеттеріне, ұрыста қорқынышты жеңе білуге, өзін-өзі жеңе білугемашықтандыру арқылы студенттердің тәртібі мен мінез-құлқын қалыптастыру.
159. Әскери этика рухында тәрбиелеу- студенттердің бойында қалыптастыру іс-шараларын ұйымдастыру:
Отансүйгіш азамат, әскери кәсіпқой,Отанның сенімді қорғаушысының адамгершілік қасиеттерін;
әскери борыш, әскери жолдастық, әскери абырой, батырлық, ерлік және тағы да басқа әскери-этникалық санаттарды насихаттау арқылы әскери моралді;
білімділікке, жоғары мәдениеттілікке және интеллигенттілікке бағдарланған заманауи офицердің этикетін.
160. Идеологиялық жұмыс және ақпараттық қарсы әрекет – Қазақстанның мемлекеттік негізін, саяси жүйесі мен әлеуметтік-экономикалық моделін, ұлттық және әскери дәстүрін насихаттау іс-шараларын, мемлекет пен оның конституциялық құрылымына , Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында өшпенділік туғызуға және басқа да діни экстремисттік деструктивті идеяларға бағытталған үгіт-насихатқа қарсы әрекет ету шараларын ұйымдастыру;
161. Мәдени-тынығу жұмысы – студенттерді жалпы мәдениетке тәрбиелеу, әлемдік және қазақстандық өнерге баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту, мәдени ой-өрісін кеңейту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру.
162. Психологиялық жұмыс – кез келген жағдайда тапсырманы орындауға қажетті моральдік-психологиялық қасиеттерді қалыптастыру, дамыту және қолдау, жеке құрамға кері әсерін тигізетін ақпараттық-психологиялық ықпалға қарсы әрекет бойынша іс-шараларды ұйымдастыру.
163. Имидждік жұмыс және қоғаммен байланыс – Қарулы Күштердің имиджін, әскери мамандықтың беделін арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру.
164. Әскери кафедраның тәрбие және әскери-патриоттық жұмысы жоспарына студенттерге тәрбиелік ықпал ету үшін, қосымша , міндетті түрде тізбектей оқуға арналған кітаптар каталогы мен дәйекті көркемдік және деректі фильмдер каталогы енгізіледі.
165. Әскери кафедраның тәрбие және әскери-патриоттық жұмысы жоспарында конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, тренингтер өткізу жоспарланады.
166. ЖОО Интернет-ресурсында әскери кафедраның жеке парағы болуы тиіс. Парақтың мазмұны мен толтырылуы үшін жауапты әскери кафедра бастығының орынбасары болып табылады . ЖОО Интернет-ресурсында парақтың жаңартылуы қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде айына бір рет жүзеге асырылуы қажет.
ЖОО Интернет-ресурсында әскери кафедраның парағы мынадай бөлімдерді қамтуы мүмкін:
1) байланыс ақпараты көрсетілген басты парағы;
2) әскери кафедраға оқуға түсу ережелері;
3) басшылық туралы мәлімет;
4) тарихи анықтама;
5) фото және бейнематериалдар;
6) оқу процесі;
7) шығармашылық және басқа да жетістіктер;
8) басқа да өзекті ақпараттар.
167. Әскери кафедрада , тәрбие және әскери – патриоттық жұмысы процесінің құрамдас бөлігі және студенттердің ой-өрісіне, еркіне, сезіміне ықпал ететін құрал ретінде, келесі тәрбиелеу әдістері қолданылады:
1) жекелей(тікелей) ықпал ету әдістері;
2) ұжымдық ықпал ету әдістері (жанама, ұжым арқылы);
3) ынталандыру әдістері;
4) бағалау және түзету әдістері.
168. Студенттерді тәрбиелеудетәрбие жәнеәскери-патриоттықжұмыстарыныңміндеттеріәскери кафедрадағы оқу процесі уақытында және әскери кафедраның күн тәртібінде белгіленген тәрбие жұмысы сағаттарында, сондай-ақ, оқудан тыс уақытта, ЖОО басқа дакафедраларымен, факультеттеріменнемесе қоғамдық ұйымдармен, әскери бөлiмдер , мекемелерменбірлесе отырып шешіледі.