Әскери кафедра қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру
61. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлық жоғары оқу орындары әскери кафедраларында ҚР ҚМ анықталған іріктеу жоспарына сәйкес жоғары кәсіби білім алу негізінде ұйымдастырылады және жүзеге асырылады.
62. Әскери кафедралардағы әскери даярлық Қазақстан Республикасының жұмылдыру резервін дайындау және жоғары оқу орындары (әрі қарай – ЖОО) студенттеріне әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылады және іске асырылады.
Әскери даярлық мәселелері бойынша әскери кафедра ҚР ҚМ бқйрықтарын басшылыққа алады.
63. Студенттердің әскери даярлығы оқытудың қосымша түрі жәнежасөспірім-студенттердің оқу-жаттығу жиыны немесе студент-қыздардың кәсіби іс-тәжірибелерінің ұштасуынанболып табылады.
64. Әскери дайындық сабағына 588 академиялық сағат бөлінеді, оның 360 ЖОО-дағы академиялық сағат және жаттығу жиынына (кәсіптік практика студент-қыздар үшін) 228 академиялық сағат.
65. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлық өтеулі және өтеусізнегізде жүзеге асырылады. Өтеулі негізе оқытуға өтеусіз негізде оқыту үшін іріктеу бойынша комиссисының ұсынылуымен студенттер қатыса алады.
66. Әскери кафедраларда оқу үшін, жоғары орындар жетекшілері ҚР ҚМ келісімімен және таңдау жоспарына сәйкес, ақылы түрде оқыту негізінде, басқа ЖОО студенттері өтеулі негізде Білім және ғылым Министрлігінің лицензиясы бар және білім беруге рұқсат берілген, бірақ әскери кафедралары жоқ жоғары орындар қатыса алады.
67. Әскери кафедрадағы өтеулі негізде оқыту құны ЖОО басшысының шешімі бойынша әскери кафедрадағы оқыту құны мемлекеттік тапсырыс бойынша өтеулі негізде оқыту құнынан 10% шамасында жоғарылауы мүмкін.
2 Бөлім. Әскери кафедрада оқыту үшін студенттерді іріктеуді ұйымдастыру
68. Әскери кафедрада оқу үшін студенттерді іріктеу жұмыстары конкурс негізінде өткізіледі. Конкурста күндізгі формада оқып жатқан студенттер – іріктеу жылдың 27 жасқа дейін толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Қыз балалар – студенттер конкурста, ҚР ҚМ анықтайтын әскери-кәсіби мамандықтар бойынша қатыса алады.
69. Білім алушылардыіріктеу үшін конкурс төрт кезеңмен іске асырылады:
1) I кезең – Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің
2015 жылғы 2 шілдедегі №373 «Қазақстан Республикасының Қорғаныс Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы өткізу Ережелері мен әскери-дәрігерлік сараптама жөніндегі Тәртіптерін бекіту туралы» бұйрығымен сәйкес (Қазақстан Республикасының №11846 нормалы-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелінген), (әрі қарай -әскери-дәрігерлік сараптаманы өткізу Ережелері);
2) II кезең – кәсіби-психологиялық тестілеуді өткізу;
3) III кезең – Қазақстан Республикының Білім және ғылым Министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 «Жалпы білім пәндері бойынша, жалпы білім ұйымдарға факультатив пен таңдау бойынша курстар бекітілген типтік оқу бағдарламалар» бұйрығымен сәйкес, анықталған нормативтер бойынша денешынықтыру дайындығын тексеру (Қазақстан Республикасының №8424 нормалы-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелінген);
4) IV кезең – конкурстік таңдау өткізу;
Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру мен конкурсының I-ші кезеңінен өту сәттері әскери кафедраға жүктелінеді.
II, III және IV кезеңдері әсери кафедрада оқу үшін іріктеу бойынша комиссиясымен өткізіледі (әрі қарай – Іріктеу комиссия).
70. Әр кезеңнен өту барысы бір рет қана өткізіледі. Өткен кезеңнен өтпеген түсушілер келесі кезеңге қатыса алмайды.
71. Әскери кафедрадаға түсу үшін конкурсына қатысатын студент тізімге сәйкес құжаттарды тапсырады (10 қосымша).
72. Құжаттартөртжылдық оқу мерзімімен бірінші курстағы студенттер мен бесжылдық оқу мерзімімен оқытылатын екінші курс студенттері – ақылы және тегін оқу негізінде запастағы офицерлерді дайындау бағдарламасы бойынша қабылданады.
73. Студенттердің өтініштері (11 қосымша) белгіленген тәртіппен әскери кафедраның іс жүргізу бөлімінде тіркелінеді.
Құжаттарды қабылдау әскери кафедрамен конкурс өткізу жылында
1 ақпаннан бастап, таңдау комиссиясының жұмыс бастауынан 2 аптадан кем емес мерзімде аяқталады. Құжаттарды қабылдағаннан кейін әскери кафедра студентке құжат қабылдау жөнінде қолхат береді. (12 қосымша).
74. Жетім немесе ата-анасының қамқорлығынан қалған балалар қосымша факт бойынша қамқоршы бір ата-анасының немесе екеуінің жоқ болғанын растайтын құжаттың түпнұсқасын мен көшірмесін немесе қамқоршылық (қорғаншылық) орнатқаны жайлы құжаттарды тапсырады (13 қосымша).
75. Спорттық разрядты, республикалық немесе халықаралық орындаушы сайысының жүлделі орны, жалпы білім пәндері бойынша олимпиадалардажүлделі орны мен өткен үш жыл бойы Президенттік және республикалық олимпиадаларда алған жүлделі орындары болған жағдайда, оларды куәландыратын қосымша құжаттар ұсынылады.
76. Жоғары оқу орындарда оқитын студенттер тізімдері
(14 қосымша), жоғары оқу орындарында әзірленіп, әскери кафедраға құжаттарды қабылдау күніне дейін тапсырылады.
77. Медициналық куәландыру өту үшін әскери кафедралар қабылданған құжаттардың негізінде студенттерге толтырылған жоғары оқу орнына оқуғу түсуші азаматтың медициналық куәландыру картасын береді.
Медициналық куәландыру картасы студенттермен әскери кафедраға медициналық куәландыруды өткеннен кейініріктеу комиссиясының жұмысы басталғанға дейін 2 аптадан кеш емес мерзімде қайтарылады.
78. Дәрігерлік күәландырудың алдында студенттер медициналық комиссияға дәрігерлік зерттеулерінің нәтижелері мен медициналық құжаттарды әскери-дәрігерлік сараптаманы өткізу Ережелерін өткізуімен сәйкес тапсырады (15 қосымша).
79. Студенттердің дәрігерлік күәландырудан өтуі кестеге сәйкес конкурсының өту жылы 1 ақпанннан 31 наурызға дейін өткізіледі.
Белгілі кезеңде көрсетілген дәрігерлік күәландыру кестесі әскери кафедрасы жергілікті әскери басқару органдарымен келісіп жасайды. Көрсетілген уақытта дәрігерлік күәландыруден өтпеген студенттер бұдан өздігінен өтеді.
80. Денсаулық жағдайына «жарамсыз» болып танылған немесе әскери кафедраға дәрігерлік картасын тапсырмаған студенттер конкурстың I кезеңінен өтпеген болып саналады.
81. Іріктеу комиссиясының құрамы Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің бұйрығымен анықталады:
1) төрағасы – ҚР ҚМ өкілі;
2) төрағасының орынбасары – жоғары оқу орны әскери кафедрасының бастығы;
комиссия мүшелері:
3) жоғары оқу орынның оқу (оқу-әдістемелік) бөлімшесінің өкілі;
4) ЦСКА өкілі немесе әскери кафедрасы тіркелген дене шынықтыру мен спорт дайындықтарына жауапты әскери бөлімінің (мекеме) өкілі; олар болмаған жағдайда ЖОО дене шынықтыру және спорт кафедрасының өкілі;
5) ЖОО әскери кафедрасының оқытушысы;
6) комиссия хатшысы – жоғары оқу орны әскери кафедрасының өкілі.
82. Комиссия құрамы жөніндегі ұсыныстар БҒД қабылдау жылының 20 сәуірден кеш емес тапсырылады.
83. Кәсіби-психологиялық тестілеуге дәлелдемелік, стресске қарсылық, сынды және логигалық ойлау қабілеттерін тексеру жұмыстары кіреді, және таңдау комиссиясымен жоғары оқу орныкомьютерлік класстарында өткізіледі.
Кәсіби-психологиялық тестілеумен ұсынылмаған студенттер, конкурсының II кезеңінен өтпеген болып саналады.
84. Студенттердің денешынықтыру дайындақтырын тексеруіне физикалық дайындығы бойынша нормативтерді қабылдауы кіреді
(16 қосымша ).
Үш нормативтердің сомасы бойынша 8 балл жинай алмаған студенттер (қанағаттанарлықсыз баға нөл сияқты есептелінеді)конкурстың III кезеңінен өтпеген болып саналады.
85. Кәсіби-психологиялық тестілеу және дене шынықтыру дайындықтары нәтижелерінің мәліметтері, комиссия мүшелері қол қоятын ведомостьтарына енгізіледі.
86. Жоғары оқу орнының кеңсе — тіркеушісі таңдау комиссиясына өткен оқу кезеңі бойынша оқу үлгерімінің орта балын (GPA) іріктеу комиссиясының жұмысының аяқталуына үш күнге дейін ұсынады.
87. Конкурстық таңдау БҒД іріктеу комиссиясы жұмысының басталуына дейін жіберген рейтингінің балынан шығарылады.
88. Таңдау комиссииясы отырысының жұмыс жоспары іріктеу комиссиясының төрағасымен бекітілген және келесі шешімдері бар хаттамаларымен әзірленеді: «әскери қызметке шақырылсын», «ақылы оқу негізінде қабылдансын», «қабылдамау» (17 қосымша).
Шешімдер дауыстың көпшілігімен шешіледі. Дауыстарың тең болу жағдайда, комиссия төрағасының дауысы нәтижелі болып есептеледі.
89. Әскери кафедрада бюджеттік оқу негізінде рейтинг нәтижелерінің бірінші орындарында және таңдау жоспарына сәйкес санына байланысты студенттер шақырылады.
Оларға байланысты іріктеу комиссиясы «әскери қызметке шақырылсын» деген шешімін шығарады.
90. Студенттерді әскери дайындыққа шақыру, оларды қарулар, әскери техника, әдебиет және «қызметтік қолданыс үшін» жазуы бар құжаттармен жұмыс істеуге рұқсат беру, жоғары оқу орны басшысымен хаттаматүрінде келесі мерзімде шығарылады:
Бюджеттік оқу негізінде оқу үшін – таңдау комиссиясы жұмысының аяқталуына дейін үш күн ішінде;
Ақылы оқу негізінде оқу үшін – студенттің ақылы негізінде оқу туралы өтінішінің жазғаннан кейін, жылдың басынан 10 жұмыс күннің ішінде
(18 қосымша).
91. Хаттама үш данада жсалынады. Бірінші дана – атқарылған жұмыс туралы БҒД, екіншісі –қарамағында орналасқан Министрлігіне, үшіншісі – жоғары оқу орынға.
92. Студенттердің кәсіби-психологиялық және денешынықтыру дайындығының өту нәтижесімен келіспеген жағдайда, сол күні өзінің өтінішін таңдау комиссиясының төрағасына тапсырады.
Өтініш бойынша іріктеу комиссиясының шешімі, хаттама түрінде әзірленіп, өтініш түскен 1 күнтізбелік мерзім ішінде шығарылады.
93. Іріктеу комиссиясының нәтижелері, қабылдау жылының әскери кафедрасының ақпараттық стендтте келесі күні сағат 17.00-ге дейін шығарылады.
3 Бөлім. Оқу үдерісін ұйымдастыру
94. Әскери кафедрадаға басшылық ету ҚР ҚМ мен ЖОО басшысымен бірлесе отырып іске асырылады.Әскери кафедраға тікелей басшылықты босатылатын әскери кафедра бастығы жүзеге асырады.
95. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әскери кафедраларға қатысты келесі құзыретті жүзеге асырады:
1) ЖОО әскери кафедралары туралы қағидаларды бекіту;
2) әскери кафедралардың штаттық кестелерімен келісу;
3) әскери даярлық бағдарламаларын бекіту;
4) әскери даярлыққа қатыстырылатын студенттер санын анықтау;
5) әскери кафедрада оқытуға студенттерді іріктеу бойынша комиссия тағайындау;
6) оқу-жаттығу жиыны және кәсіби іс-тәжірибеден өту тәртібін анықтау;
7) бітіру аттестациялық комиссия құрамын тағайындау;
8) алғашқы офицерлік шенді беру;
9) Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жалпы тізбесінен алынбаған келесі пайдаланылмаған әскери мүлікпен қамтамасыз ету: оқу қарулары мен әскери техниканың, қару-жарақтар, құралдар, құрылғылар, құралдардың оқытылатын үлгілерімен, әскери техниканың қосалқы бөлшектері, жалпы әскери жарғылар және басқа да ведомстволық нормативті және құқықтық актілермен, әскери даярлық бойынша оқу әдебиеттерімен, жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету;
10) әскери кафедрада оқуға және оқу-жаттығу жиынына (кәсіби іс-тәжірибеге(қатыстырылатын студенттердің әскери-дәрігерлік сараптаудан өткізу Ережесіне сәйкес тұрақты жұмыс атқаратын дәрігерлеі комиссиядан дәрігерлік тексеруден өтуін ұйымдастыру;
11) қару-жарақ, әскери техниканың орташа және толық жөндеуді, монтаж (демонтаж) және жөндеуді (жөнге салу) кәсіпорны;
12) оқу-жаттығу жиыны кезеңінде кафедраларға уақытша ақысыз пайдалануға келесі мүкәмалдық мүлікті: плащ-палатка, далалық белбеу, шалбар белбеуі, далалық сөмке, орташа және күрделі жөндеу өндірісі, қару-жарақтар, әскери техниканы, құрастыру (бөлшектеу) мен реттеу;
13) әскери даярлықты бақылау, әскери кафедралардағы құпиялық тәртіптемелер мен мемлекеттік және әскери құпиялардың сақталуын қадағалау;
14) әскери кафедраға оқу үрдісі, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік істер сұрақтары бойынша басшылық ету және оқытушылардың кәсіби біліктіліген арттыру;
15) әскери кафедра бастығын лауазымға тағайындау және босату;
16) әскери кафедралардың штаттық әскери лауазымдарына әскери қызметшілерді іріктеу және тағайындау және оларды әскери қызметті өткеру тәртібінде ауыстыру бастығын лауазымға тағайындау және босату;
17) запастағы офицерлер қатарынан әскери кафедраның штаттық әскери лауазымдарына кандидатураларды келісу.
18) әскери кафедралар бекітілген ҚМ әскери бөлімдермен киім мүлігі мен азық-түлікпен қамтамасыз ету;
19) әскери кафедраларда оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша басшылықты дайындау және бекіту.
96. Әскери даярлықты ұйымдастыруға, қажетті оқу материалдық-техникалық базаны құру, қару-жарақтар мен әскери техниканы сақтау, құпиялық тәріптемені қадағалауға тікелей жауапкершілік ЖОО басшысына жүктеледі.
97. Әскери даярлықты жүзеге асыру үшін ЖОО келесі жағдайлармен қамтамасыз етеді:
1) оқшауланған аудиториялық қор бөлу;
2) арнайы кітапханалық қор құру;
3) жабдықталған саптық алаң жасақтау;
4) қару-жарақ сақтау бөлмесін жабдықтау;
5) әскери-есептік мамандықтар бойынша даярлау ерекшеліктерін ескере отырып басқа да құралдар, ғимараттар мен құрылыстармен қамтамасыз ету;
6) Қазақстан Респуликасы Қорғаныс министрлігі келісімімен әскери кафедра штаттық кестесін бекіту;
7) әскери кафедраның әскери лауазымдарына тағайындалған әскери қызметшілерді қамтамасыздандырудың барлық түрлерімен, соның ішінде лауазымдық жалақы, әскери шені бойынша жалақы, жылына сауықтыруға екі лауазымдық жалақы мөлшеріндегі жәрдемақы, Қазақстан Республикасы заңнамаларында қарастырылған өтемақылармен, қызметтік орын ауыстыруда көтерме жәрдемақы және әскери қызметтен босату кезінде бір жолғы жәрдемақымен, сыйақымен, материалдық көмекпен, іссапарлық шығындармен қамтамасыз ету;
8) ғимараттар мен құрылыстарды ұстау және жөндеу;
9) әскери кафедрада әзірленетін оқу-әдістемелік әдебиеттерді басып шығару;
10) әскери даярлыққа қажетті оқу сағатын және студенттердің демалыс уақытында оқу-жаттығу жиынына (іс-тәжірибеге) уақыт бөлу;
11) әскери кафедраның оқу жылына жұмыс жоспарын, әскери кафедраның оқу материалдық базасын дамыту мен жақсартудың перспективалық жоспары, сонымен қатар тәрбие және әскери – патриоттық жұмыстар жоспарын бекіту;
12) әскери кафедра оқытушыларының біліктілігін арттыру және тағылымдамалар курстарынан өтуін жоспарларға сәйкес қамтамасыз ету;
13) қару-жарақтар, әскери техника және ЖОО әскери даярлыққа бөлінген мүліктер, сонымен қатар құпия бөлімдерінің қызметтік бөлмелерін және әскери кафедраның кітапханасын күзетуді ұйымдастыру ЖОО есебінен;
14) оқу-жаттығу жиыны студенттерін тамақтандыруды ұйымдастыру;
15) азаматтарды запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлауға мемлекеттік білім беруге тапсырыс аясында бөлінген бюджеттік қаржы және студенттерді әскери дарлыққа тегін оқытуға ЖОО бөлінген ақшалай қаржыны мақсатқа сәйкес және тиімді пайдалану;
ЖОО басшысының 97 тармағының 1) – 15) тарауларда көрсетілген талаптарды орындамау жағдайында ҚР ҚМ аталған ЖОО әскери кафедрасындағы әскери даярлықты тоқтату жөнінде мәселе көтеруге құқылы.
98. ЖОО басшысы әскери кафедра бастығының ұсынысы бойынша әскери кафедра қызметкерлерін оқу үрдісіндегі, оқу-әдістемелік қызметі, студенттерге әскери-патриоттық тәрбие беру және қоғамдық жұмыстардағы жоғары жетістіктері үшін марапаттай алады.
99. Әскери кафедраның штаттық кестесін БҒД-мен келісу бойынша ЖОО-ның жетекшілерімен бекітіледі және ҚР ҚМ бекітетін студенттерге іріктеу жүргізетін жоспар есебімен, жартыжылдық оқытушылардың оқу жүктемесімен және жұмыс көлеміне сүйене отырып анықталады.
100. Штаттық кестені есептеуоқу взводтың құрамы 15 адам есебінен алынады.
Әскери кафедраның штаттық кестесіне әскери кафедраның жанындағы ғылыми және басқа да құрылымдық бөлімшелер, сонымен қатар әскери кафедраның ерекше жұмысына сүйенетін лауазымдар кіре алады.
101. Әскери кафедраның штаттық әскери лауазымына әскери қызметкерлерді тағайындау және олардың ауысуы ҚР ҚМ жүзеге асырылады.
Тиісті құрамның әскери қызметкері әскери лауазымына тағайындалуы мүмкін емес болса, оған ҚР ҚМ бірінші жетекшісімен анықталатын тиісті құрамның әскери міндетті, құрамның төменгі әскери қызметкерлері немесе кезекте тұрған азаматтық құрамнан (соның ішінде уақытша) тағайындалуы мүмкін.
102. Білім алушылардың әскери даярлығы «әскери күн» әдісімен ұйымдастырылады және іске асырылады. Нақты ЖОО оқыту бейінін ескере отырып, әскери даярлықты ұйымдастырудың басқа үлгісі белгіленуі мүмкін.
103. Оқу үрдісі әскери кафедраның негізгі әрекетінің бірі болып саналады және студенттердің оқу материалдарын меңгерулерін, аралық және қорытынды аттестацияны, ағымдағы бақылауларды, жаттығу сабақтарының барлық түрін жүргізуді және оған ұйымдастыруды, жоспарлауды енгізеді.
104. Әскери кафедрада студенттердің білім жетістігі балдық-рейтингілік жүйемен бағаланады. Студенттердің білім жетістігін балдық-рейтингілік жүйемен бағалау ережесі әскери кафедрада әзірленеді және әскери кафедраның бастығымен бекітіледі.
105. Оқу үрдісіне басшылық етуші және ұйымдастырушы болып әскери кафедра бастығы табылады.
106. Әскери кафедрадағы оқу үрдісін ұйымдастыру оның барлық элементтерін толық және тиімді жүргізуді және запастағы офицерлер даярлау бойынша міндеттерді сапалы орындауды қамтамасыз етеді.
107. Оқу үрдісін жоспарлау әскери кафедраның қызметін белгілейтін құжаттарды әзірлеу бойынша іс-шаралар кешенін көрсетеді.
108. Оқу үрдісін жоспарлау басшылыққа алынатын құжаттармен айқындаған міндеттер бойынша, оқу-материалдық база көлемін, әскери кафедраның орналасу ерекшелігі және басқа да оны жоспарлауға қатысы бар жағдайларын ескере отырып жүзеге асырылады.
Оқу үрдісін жоспарлау оқу жылы басталардан екі апта бұрын аяқталуы тиіс.
Әскери даярлық бойынша оқу жылының және оқу-жаттығу жиыны басталуы және аяқталуын скери кафедра бастығы анықтайды.
109. Әскери даярлықтың типтік оқу жоспары және типтік оқу бағдарламасы БҒД әзірленеді және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі бұйрығымен бекітіледі.
110. Жыл сайын 1 наурызға дейін БҒД әскери кафедраға ҚР ҚМ бекітілген студенттерді әскери даярлыққа қатыстыруға іріктеу жоспарын ұсынады.
111. Әскери кафедралардың әскери-есептік мамандықтар бойынша запастағы офицерлер үшін біліктілік мінездемесі БҒД анықталған тәртіпте әзірленеді, тапсырыс берушімен мақұлданады және 1 сәуірге дейінгі мерзімде БҒД бастығымен бекітіледі.
112.Әскери кафедраның әрбір әскери-есептік мамандығына жұмыс оқу жоспары (19 қосымша) БҒД анықтаған тәртіпте әзірленеді және 1 сәуірге дейін БҒД бастығымен бекітіледі. Жұмыс оқу жоспары қажеттілікке қарай жаңартылады, бірақ бір мәрте үш жылда.
113. Әскери-есептік мамандықтың төлқұжаты БҒД анықтаған тәртіпте әзірленеді және 1 сәуірге дейін БҒД бастығымен бекітледі.
Әскери-есептік мамандықтың төлқұжаты:
1) әскери-есептік мамандықтар бойынша оқу сабақтарын өткізуге қажетті оқу-материалдық базаны есептеу;
2) оқу корпусындағы аудиториялардың орналасу схемасы және олардың ауданы;
3) аудиториялардың атаулары мен бөлу;
4) оқу сабақтарын өткізуге қажетті аудиториялардың жихаздармен, стендтермен, зертханалық қондырғылармен, оргтехника, тренажерлармен жабдықталуы;
5) әскери-есептік мамандықтарға сәйкес мамандарды сапалы даярлауға қажетті оқу-материалдық базаның атауы және мөлшері;
Әскери-есептік мамандықтың төлқұжаты негізінде әскери кафедра бастығы ЖОО, әскери кафедра қамтамасыздандыруға бекітілген ҚР ҚМ сәйкес әскери бөлімнің бөлімдері және қызметтеріне немесе мекемелеріне әскери кафедраның оқу-материалдық базасын толық жабдықтауға тапсырыстар береді.
Әскери-есептік мамандықтың төлқұжаты қажеттілікке қарай үш жылда бір мәрте жаңартылады.
114. Әскери кафедра оқытушыларының оқу жылына арналған оқыту жүктеме сағаттарын есептеу академиялық сағатпен (20 қосымша) саналады.
Оқыту жүктемесі белгіленеді:
1) әскери кафедра бастығына – 100-150 академиялық сағат;
2) әскери кафедра бастығының орынбасарына – 100-300 академиялық сағат;
3) цикл бастығына – 450-500 академиялық сағат;
4) аға оқытушыға, оқытушыға, ассистентке, профессорға, доцентке – 750-1000 академиялық сағат.
115. Әскери кафедра оқытушыларынң саны 25 адамнан көп болған жағдайда әскери кафедра бастығына оқыту жүктемесі есептелмейді.
Оқытушылардың оқу жылына оқыту жүктемесі ЖОО басшысымен бекітіледі.
Оқытушылардың оқу жылына орташа оқыту жүктемесі 725 сағатты құрауы тиіс.
116. Силлабус БҒД анықтаған тәртіпте әзірленеді және 15 маусымға дейін Білім және ғылым департаменті бастығымен бекітледі. Силлабус қажеттілікке қарай, үш жылда бір мәрте жаңартылады.
117. Пәндердің оқу-әдістемелік кешені осы пәнді жүргізуші оқытушымен (оқытушылар ұжымымен) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің нормативті құқықтық актілеріне сәйкес (ары қарай – ҚР ҚМ НҚА) әзірленеді және 15 маусымға дейін әскери кафедра бастығымен бекітіледі. Пәндердің оқу-әдістемелік кешені қажеттілікке қарай, үш жылда бір мәрте жаңартылып отырады.
118. Әскери кафедра бастығының жаңа оқу жылына әзірлігі жөніндегі мәлімдемесі БҒД 1 тамызға дейін баяндалады.
119. Оқу үрдісін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметтерді ұйымдастыру және іске асыру жөніндегі әскери кафедра бастығының шешімі бұйрық түрінде оқу жылының басталуына екі апта қалған мерзімде ресімделеді.
Бұйрықта белгіленеді:
1) оқу жылындағы әскери кафедраның негізгі бағыттарына басты назар аудару;
2) әскери кафедраның жеке құрамы арасында міндеттерді бөлу;
3) әскери кафедрадағы ішкі қызмет пен ішкі тәртіпті ұйымдастыру;
4) офицерлік құраммен кәсіби даярлық жүйесіндегі оқу-әдістемелік жиындар және сабақтар өткізудің мақсатты нұсқаулары, мерзімі және тәртібі;
5) оқу үрдісін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметтерді ұйымдастыру мен жүзеге асыруға қатысты мәселелер.
120. Әскери кафедраның оқу жылына арналған жұмыс жоспары ЖОО басшысымен, кафедраның айлық жұмыс жоспары – әскери кафедра бастығымен бекітеледі
121. Оқу жылына арналған оқытушының жеке жұмыс жоспары (21 қосымша) оқу жылының басталуынан ек апта бұрын бекітіледі:
1) әскери кафедра бастығы – оқу үрдісіне жетекшілік етуші ЖОО басшысының орынбасарымен;
2) әскери кафедра оқытушылары – әскери кафедра бастығымен.
122. Сабақтар, тәрбие және әскери-патриоттық жұмыстарды тіркеу журналдары әр взводқа жеке жүргізіледі. Мұнда оқытушының басшылығымен сабақтар кестесіне сәйкес өткізілетін оқу сабақтары, студенттердің өзіндік жұмыстары және олардың сабақтарға қатысуы ескеріледі, студенттердің алған барлық бағалары қойылады.
123. Сабақтар кестесі академиялық кезеңге немесе бір айға жасалады, әскери кафедра бастығымен бекітіледі және циклдарға сабақтар басталардан 10 күн бұрын жеткізіледі. Әскери кафедра бастығының шешімі бойынша академиялық кезең барысында оқу сабақтарының кестесіне өзгерістер енгізуге рұқсат етіледі.
Сабақтар кестесінде: мерзім, оқу взводы, пәндер, студенттердің өзіндік жұмыстары, оларды өткізу уақыты және орны, сабақтарды жүргізуші оқытушылардың аты-жөні белгіленеді.
124. Емтихандар кестесі әскери кафедра бастығымен бекітіледі және оқытушылар мен студенттерге аралық аттестациялаудан екі апта бұрын жеткізіледі.
Сабақтар және емтихандар кестесі оқу корпусында арнайы орындарда ілінеді.
Сабақтар және емтихандар кестесінің көшірмесі циклдарға беріледі.
125. Әскери кафедраның ғылыми-әдістемелік қызметіне осыларды қосады:
1) оқу шығарылымдарды, оқу-әдістемелік комплекстер пәндерді өңдеу және шығару;
2) оқу шығарылымдарды бақылау;
3) оқу процесіне инновация енгізу үшін білім саласына жетекші мамандар тарту.
4 Бөлім. Оқу жиынын өткеруді ұйымдастыру (кәсіби практикасын)
126. Студенттер үшін оқу-жаттығу жиыны (профессионалды практика) әскери дайындықты аяқтайтын соңғы кезең болып есептеледі. Оны ЖОО мен әскери бөлімдердің (мекемелер), әскери оқу ғимараттарының материалды-техникалық оқу базаларын прайдалану арқылы жүргізеді. Бұл оқу жаттығу жиынының мақсаты, студенттер әскери дайындық курстарын оқу кезінде алған әдістемелік дағдыларын орындауға мүмкіндік береді, яғни машинаны жүргізу, оқу атыс, ұрыс жаттығулары және т.б.
127. Оқу жиыны (кәсіби практикасы) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша білім алатын студенттер үшін 2 кезеңде өткізіледі:
1 кезең – әскери кафедра базасында 90 академиялық сағат;
2 – кезең ҚР ҚМ бұйрығына сәйкес әскери бөлімдердің , әскери оқу орындарының оқу материалдық-техникалық базасын қолдануменен 138 академиялық сағат.
128. Студент-қыздар оқу-жаттығу жиынына қатыстырылмайды, олар үшін әскери-есептік мамандықтарға арналған профессионалды практика ұйымдастырылады. Студент-қыздар профессионалды практиканы өту кезінде оқу ату жаттығуларын орындайды және әскери ант қабылдайды.
129. Оқу-жаттығу жиыны (профессионалды практика) ЖОО бітіруге бір жыл қалғанда өткізіледі. Егерде оқу жаттығу жиынын (профессионалды практиканы) өту кезінде кедергілер болса, яғни дәлелді себеттермен (ауырған жағдайда, отбасылы және қызметтік себептерде), тағы да әскери кафедраға колледжден кейін түскен студенттер болса, онда ЖОО бітіретін жылында өтуге рұқсат етіледі.
130. Оқу-жаттығу жиыны (кәсіби практика)запастағы офицер дайындау бағдарламасы бойынша оқытын студенттер үшін 34 күнтізбелік күн беріледі.
131. Оқу-жаттығу жиыны (кәсіби практиканы) өтетін жері мен нақты уақыты әр жылы Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің бұйрығымен анықталады.
132. Оқу-жаттығу жиыны (профессионалды практика) алдында студенттерді медициналық куәландыру нақты қолданыстағы бар аумақтағы медициналық комиссияларымен әскери дәрігерлік сараптамма жүргізу Ережелерімен өткізіледі.
133. Әскери дайындықтан толық курс және бақылаудың барлық түрінен өткен, дәрігерлік комиссия медициналық куәландыруда денсаулығы бойынша жарамды деген студенттер оқу жаттығу жиынына(профессионалды практикаға) жіберіледі. Студенттердің оқу жаттығу жиынына (профессионалды практикаға) берілетін жолдамасы әскери кафедра берген тізім бойынша әскери басқару жергілікті органдары арқылы жүргізіледі. Денсаулығы бойынша әскери қызметке жарамсыз деген студент оқу жаттығу жиынына(профессионалды практикаға) жіберілмейді.
134. Оқу жаттығу жиынының жеке құрамын орналастыру Қазақстан Республикасының әскери ұйымдастыру мен Қарулы Күштердің ішкі қызметтерінің Жарлығының талаптарына сәйкес жабдықталағанказарма немесе жорық лагерлерінде ұйымдастырылады.
135. Оқу жаттығу жиынында (профессионалды практикасында) студенттер ішкі нарядта қызмет атқаруға тартылады. Тәрбие және әскери патриоттық жұмыстар, ішкі қызметті практикалық атқарған студенттерге сабақты тіркеу журналына баға қойылады
136. Оқу жаттығу жиыны (профессионалды практикасы) болып жатқан студенттерді оқу процессін қамтамасыз етуге қатысы жоқ тұрмыстық және басқа жұмыстарға жұмылдыруға рұқсат етілмейді, тек қана төтенше жағдай болса ғана.
137. Оқу жаттығу жиыны (профессионалды практикасы) кезінде студенттерді әскери ант қабылдауға дайындық жұмыстары жүргізіледі. Оқу жаттығу жиынының (профессионалды практикасының) II этапының бірінші жартысында әскери ант қабылдамаған студенттер қабылдайды.
Әскери ант қабылдаған студенттерді бөлімше шақырылған куәлігіне (тіркеу куәлігіне): «Әскери антты қабылдады (күн, ай, жыл, әскери бөлімнің аталуы» деп жазылып, мөрмен куәландырылады.
Әскери ант қабылдаған студент-қыздарға жеке іс құжатында жазу жазылады.
138. Оқу жаттығу жиыны (профессионалды практикасы)өту кезінде оқытушылардың студенттерді марапаттау мен жаза таңуды қолдану, Қазақстан Республикасының әскери ұйымдастыру мен Қарулы Күштердің ішкі қызметтерінің тәртіп жарлығына сәйкес іске асады.
139. Оқу жаттығу жиыны (профессионалды практикасы) өту кезінде студенттердің жүйелі түрде тәртіпті бұзуы, оқу жаттығу жиынынан(профессионалды практикасынан)бас тартуы кезінде әскери кафедраның бастығының ұсынысы бойынша, жоғарғы оқу мекемесінің бастығының бұйрығы бойынша әскери дайындықтыөтуден шектеледі.
140. Оқу жаттығу жиыны (профессионалды практикасы) өту кезінде Қазақстан Республикасының мекемелерімен әскери бөлімдерде, әскери кафедраның үлесімен бекітілген әскери дайындық жоспарына қосу үшін 1 қазанға дейін қару жарақпен қаматамасыздандыру, әскери техникамен, оқ дәрі, автомобильді транспортпен, оқу жаттығу кешендер мен құралдар, жалпы әскери полигондар, аспаптар, аппаратуралар, құрал-саймандар, әскери техниканың қосалқы бөліктері, жанар жағармай материалдары, мүлікті заттар, жабдықтар және басқада материалды техникалық қамтамасыздандыру түрлерінтапсырыспен жіберіледі.Оқу жаттығу жиынының(профессионалды практикасының) басталуына бір ай қалғанда тапсырыс анықталады.
141. Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің бұйрығы бойынша кімнің базасында оқу жаттығу жиыны (профессионалды практикасы)өтуіне байланысты әскери оқу мекемелерінің бастықтары, әскери бөлімдердің (мекемелерінің)командирлері, ЖООжетекшілері оқу жаттығу жиынын(профессионалды практикасын) қамтамасыз ету, ұйымдастыру, сапалы өтуіне,оқу жаттығу жиынының(профессионалды практикасының) өту барысын бақылауды іске асыру, ұйымдастыру мен бітіру емтихандарын өткізуіне жауапты болады.
142. Оқу жаттығу жиынының(профессионалды практикасының) бастығы болып, әскери кафедраның (циклдың бастығы) бастығының орынбасары немесе студенттердің оқу жаттығу жиынын өту менұйымдастыру базасының бөлім командирінің орынбасарлары тағайындалады.
Оқу жұмысы бойынша оқу жаттығу жиынының(профессионалды практикасының) бастығының орынбасары болып, әскери кафедраның цикл бастықтарының (аға оқытушылар)арасынан тағайындалады.
Тәрбие және патриотты жұмыстар бойынша оқу жаттығу жиынының(профессионалды практикасының) бастығының орынбасары болып, әскери кафедраның цикл бастықтары (аға оқытушылар) тағайындалуы мүмкін.
Құралдандыру мен тыл бойынша оқу жаттығу жиынының(профессионалды практикасының) бастығының орынбасары болып, оқытушылар құрамының арасынан, инженерлі-техникалық персоналы немесе әскери бөлімнің офицерлері тағайындалуы мүмкін. Рота (батарей) командирлері болып, әскери кафедрасының оқытушылары немесе әскери бөлімнің офицерлері тағайындалады.
143. Оқу жаттығу жиыныныңәкімшілігі ҚР ҚМ бұйрығы негізінде тағайындалады:
1) әскери кафедраның қызметкерлері –ЖООжетекшілерінің бұйрығымен;
2) әскери оқу мекемесінің, әскери бөлімінің өкілдері болып — командирдің (бастықтың) бұйрығына сәйкес.
144. Профессионалды практиканың ұйымдастырушысы болып, әскери кафедраның бастығының ұсынысы бойынша ЖООжетекшілерінің бұйрығымен әскери кафедраның оқытушыларының арасынан тағайындалады.
145. Білім алушылардың арасынан бөлімшелер (топтар, экипаждар),взводтар мен роталар (батареялар) құралады. Оқу жаттығу жиынының басталуынан бұрын оқу бөлімшелерін ұйымдастыру әскери кафедраның бастығының жүзеге асыруымен жасалады. Оқу жаттығу жиынының өтуіне келген студенттер бөлімшелерге (топтарға, экипаждарға) таратылып, содан оқу взводтары мен роталар (батареялар) құралады. Оқу взводтың саны 25-30 студенттен аспау керек.
Взвод командирі мен бөлімше (топтар, экипаждар)командирінің орынбасарлары осы студенттер арасынан тағайындалады.
146.Оқу жаттығу жиынының бастығы оқу жаттығу жиынының ішкі қызметтін ұйымдастыру және жеке құрамымен әскери дайындықтың, тәрбие мен әскери-патриотты жұмыстың ұйымдастырылуына жауапты болады. Ол оқу жаттығу жиынының барлық жеке құрамының түра бастығы болады.
147. Әскери кафедрадан берілген оқытушылар оқу жаттығу жиынының(профессионалды практикасының) барлық өту мезгіліне бөлінеді. Оларға жүктеледі: сабақты өту мен ұйымдастыру, кеңес беру; тәрбие және әскери-патриотты жұмыстар, студенттер мен спорты-массалы жұмыстар; бітіру емтихандарын өткізуге қатысу мен ішкі жасақта қызмет етуді тексеру.
148. Оқу жаттығу жиынының бітуі кезінде бөлімше командирі әр студентке белгіленген формада қызметті сипаттама құрастырылады.
149. Оқытушының жетекшілігімен өтетін оқу сабақтарының барлық түрінің ұзақтығы жаттығу жиынында (кәсіптік практика) болатын күндерден басқа 6 академиялық сағат. Студенттердің оқытушы жетекшілігімен өз бетінше жұмыстары — 2 академиялық сағат. ЖОО-дағы өтетін жаттығу жиынына(кәсіптік практика) бір академиялық сағатқа – 40 минут бөлінеді. Хабарлама мен жаттығуға – 40 минут бөлінеді
Екі академиялық сағатты үзіліссіз бірге өткізуге рұқсат етіледі.
150. Оқу аптасында жаттығу жиынына(кәсіптік практика) алты күн белгіленеді. Оқу күні — 8 академиялық сағат, демалыс алдындағы (мейрамдар алдындағы) күндер – 6 академиялық сағатты құрайды. Бұдан басқа тәрбие және әскери –патриоттық жұмыстарға, жаттығуға және ақпараттар беруге сағат бөлінеді.
Жаттығу жиынын(кәсіптік практика) өткізу кезінде оқытушылар мен инженерлік-техникалық қызметкерлер күнделікті тұрақты тұрғылықты жеріне қайта алмаған жағдайда қызметтік іссапар рәсімделеді.
151.Тактикалық (тактикалық-арнайы), (тактикалық-саптық) және арнайы сабақтар, ұрыстық жұмыстар, ұрыстық атыс, жұмыс тәртібін өткізу бойынша сабақтар, ұрыстық машиналарды жүргізу кезінде оқыту уақытының тәртібі сақталмайды.
Екі академиялық сағатты үзіліссіз бірге өткізуге рұқсат етіледі.
152. Әскери кафедраның қызметкерлерін, сонымен қатар әскери дайындықтағы студенттерді әскери кафедрада оқу сағатын өткізу кезеңі кезінде қандай да болса іс-шараларға қызметтік міндеттер және қызметтік тапсырмалармен байланысты болмаса, тартуға рұқсат етілмейді.