Азаматтарды әскери қызметке даярлау
қағидалары

Азаматтарды әскери қызметке даярлау
қағидалары

1. Осы Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Әскери қызмет және әскери қызметшінің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылы 16 ақпандағы Заңына сәйкес әзірленді және азаматтарды әскери қызметке даярлау тәртібін айқындайды.
2. Азаматтарды әскери қызметке даярлау: қосымша білім беру бағдарламалары, әскери-техникалық және басқа да мамандықтар бойынша әскери даярлауды, әскери кафедрада оқыту үшін студенттерді іріктеуді және оларды запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша даярлауды қамтиды.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) академиялық кезең –білім беру ұйымы дербес белгілейтін үш нысанның біреуінде: семестр, триместр, тоқсан түрінде белгілейтін теориялық оқыту кезеңі;
2) оқу құралдарын және оқу-әдістемелік кешендерді апробациялау – оқу процесінде оқулық басылымдары мен оқу-ідістемелік кешендерді практикалық пайдалануды кешенді зерделеу;
3) оқудағы жетістіктерді бағалаудың балдық-рейтингілік жүйесі – халықаралық тәжірибеде қабылданған әріптік жүйеге сәйкес келетін білім алушының рейтингісін белгілеуге мүмкіндік беретін білім деңгейін балмен бағалау жүйесі;
4) әскери кафедра – запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша азаматтарды әскери даярлауды қамтамасыз ететін жоғары оқу орнының кафедрасы;
5) «әскери күн» әдісі – әскери кафедраның күн тәртібіне сәйкес әскери даярлауды ұйымдастыру және іске асыру үшін қажетті сағат санын ЖОО бөлу;
6) тапсырыс беруші – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімнің (бұдан әрі – ҚР ҚМ), Бас штабы және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басқа әскерлері мен әскери құралымдардың және тапсырысына қарай запастағы офицерлерді және әскери-техникалық мамандарды даярлауды жүзеге асыру;
7) қорғаныс – бұл студенттердің лабораториялық жұмыстарды, есептік-кестелік тапсырмаларды, курстық жұмыстарды (жобаларды) және кәсіби практика кезінде орындайтын бақылау түрі;
8) білім алушыларды қорытынды аттестаттау – олардың тиісті білім беру деңгейінің үлгілік оқу жоспарларында, мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
9) білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау – білім алушылардың білім деңгейін ӘОО айқындайтын бақылаудың (ағымдағы, аралық және қорытынды) және аттестаттаудың түрлі нысандарымен тексеру;
10) сындық ойлау – бұл өз шешіміне жауап беруге, идеясын еркін жеткізуге дағдылану қабілеттілігін шыңдау;
11) оқу құралы мен оқу-әдістемелік кешендерге мониторинг – бұл заманауи оқу құралдардың және оқу-әдістемелік кешендердің оқу үрдісінің жан-жақты барлық талаптарына сай, толық алынған рәсім;
12) ғылыми-әдістемелік қызмет – бұл оқу үрдісін перспективті дамыту, оның әдістемесінің және мазмұнының жетістігі, оқу үрдісіне жаңалық енгізу;
13) әскери дайындық бағдарламасы – жоспарлау құжаттардың кешені(типтік оқу жоспары, типтік оқу бағдарламасы, жұмыс оқу жоспары, жұмыс оқу бағдарламасы, пәндердің оқу-әдістемелік кешені, біліктілік сипаттамасы және басқалар) бұл құжаттар негізінде запастағы офицерлерді, әскери-техникалық мамандарды және әскери оқытылған резервті даярлауды жүзеге асыру;
14) білім алушыларды аралық аттестаттау – білім алушылардың бір оқу пәнін зерделеуді аяқтағаннан кейін оның бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында емтихан сессиясы кезеңінде жүргізілетін рәсім;
15) кәсіби практика – бұл студенттердің теориялық алған білімдерін, дағдыларын, әскери-есептік мамандыққа байланысты белгілі бір жұмыстарын орындау рәсімі;
16) жұмыс оқу жоспары –әскери дайындық бойынша типтік оқу жоспары негізінде құрастырылған оқу жоспары, онда әскери –есептік мамандығының оқу тәртібі, академиялық сағаты, бақылау түрлері қамтылады;
17) жұмыс оқу бағдарламасы (силлабус) – бұл пәнді сипаттайтын, оның мақсаты мен міндетін, тақырыптарын және оның өз бетінше жұмыстың қысқаша сипаттамасын, бағалау критериі, негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі берілетін құжат.
18) күн тәртібі – әскери кафедраның және әскери-техникалық мектептердің қызметкерлері және студенттердің оқу үрдісі, күнделікті іс-шараларының тәртібі бойынша уақытты белгілейтін құжат;
19) әскери кафедралардың аймақтық оқу-әдістемелік кеңесі – әскери кафедралардың ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік әрекеттерінен туындаған сұрақтар бойынша кеңес беретін орган;
20) қызметтік уақыт тәртібі – негізгі шараларды орындау мақсатында қызметкерлердің жұмысқа келу және кету уақыттары белгіленген, әскери кафедрада орнатылған күн тәртібін толықтыратын құжат;
21) оқу басылымдарына рецензия беру – әскери дайындық мамандығына сәйкес пән бойынша шыққан басылымдарды, сонымен қатар берілген барлық тақырыптардағы сұрақтардың өзектілігін, толықтығын және деңгейін анықтайтын рецензиялау құжаты;
22) оқытушының жетекшілігімен өтетін студенттердің өз бетінше дайындығы – оқу-әдістемелік әдебиеттермен және нұсқаулармен қамтамасыз етілген белгілі бір тақырыппен жұмыс;
23) қызметкер – әскери кафедраның негізгі құрамының өкілі;
24) үлгерімнің орташа балы – студенттің ЖОО-дан білім алу кезеңіндегі орташа балы;
25) әскери дайындық бойынша үлгерімнің орташа балы — студенттің әскери кафедрада үйрену кезеңіндегі орташа балы;
26) үлгерімнің ағымдағы бақылауы – студенттерді оқытушылардың академиялық кезең бойынша аудиторияда және аудиториядан тыс оқу бағдарламасы бойынша үнемі тексеру мақсатында алынып отыратын бақылау түрі;
27) типтік оқу жоспары – әскери-есептік мамандығының запастағы офицерлерді және әскери-техникалық мамандарды даярлау бағдарламасы бойынша құрастырылған оқу жоспары;
28) типтік оқу бағдарламасы – әскери-есептік мамандықтың типтік оқу жоспарының үйренетін материалдардың және ұсынылған әдебиеттердің мазмұнын, көлемін анықтайтын пәннің міндетті оқу бағдарламасы;
29) оқулық – ҚР Білім министрлігі ресми бекіткен, басылым немесе электронды түрдегі және жүйелі мазмұндалған оқулық басылымы;
30) оқу-әдістемелік әрекет – бұл пәнді оқытуда жетік әдістемелер пайдалануға, оқу үрдісін әдістемелермен қамтамасыз етуге және ұйымдастыруға, оқытушылардың біліктілігін және шеберлігін арттыруға бағытталған;
31) оқулық басылымы – бұл ғылыми-практикалық білім беру саласына сәйкес келетін жүйеленген материалдары бар, студенттердің білімді белсенді және творчестволықалуларын, осы саланы ептілікпен және дағдылармен қамтамасыз ететін, оқытуға ыңғайлы басылым;
32) оқу құралы – бұл кейбір оқыту кезінде оқулықтың орнына пайдаланылатын және ЖОО – да, ал әскери-техникалық мектептер үшін әскери-техникалық мектептерінің басқармасымен ресми бекітілген басылым, осы басылым немесе электронды түрде болады;
33) оқу-әдістемелік кешен – бұл пәндерді оқыту әдістемесінің кешені, студенттердің оқу үрдісінде алатын білімдерін меңгеруді қамтамасыз етуге бағытталған, әдістемелік материалдар мен жеке оқулықтардың жиынтығы;
34) оқу үрдісі – бұл жоспарлы оқу жұмыстарының жүйесі, оқытушылар мен студенттердің оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік әрекеттерін командалық құрамы;
35) студенттердің үйренудегі жетістіктері – олардың білім дамыту үрдісіндегі жеткен жетістіктері және студенттердің құзыреттілігі мен алған дағдылары, ептілігі, білімі;
36) жаттығу жиыны – бұл студентердің практикада берген сұрақтарына жауап ретінде жүргізілетін әскери кафедраның әскери дайындығының қорытынды кезеңі және қорытынды аттестация болып саналатын әскери жиындарының бірі;
37) емтихан сессиясы –студенттердің әскери кафедрада аралық аттестация тапсыру кезеңі;
38) емтихан — белгілі бір пәнді немесе оның бір бөлігін зерделеудің қорытынды кезеңін іске асыратын және білім алушылардың теориялық білімін тексеру және іс жүзіндегі міндеттерді шешу кезінде алған білімді қолданудағдыларын, сондай-ақ осы пән бойынша оқу және ғылыми әдебиетпен өз бетінше жұмыс істей білуді анықтаумақсаты бар оқу сабақтарының ерекше түрі;
39) оқулық басылымдарын зерделеу – сарапшылардың әскери кафедрада өтетін пәндердің оқулық басылымдары бағдарламаға сәйкес келетініне беретін бағасы.
4. Осы Қағидалар азаматтарды әскери қызметке даярлауда ұйымдастыру тәртібін айқындайды:
1) қосымша білім беру бағдарламасы бойынша әскери даярлық – мектеп оқушыларын бастапқы әскери даярлыққа оқыту;
2) азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау – әскерге шақырушылар (әскери міндеттілер) өтеусіз, өтеулі негізе және азаматтар шаруашылық қызмет негізінде және кәсіби-техникалық оқыту шеңберінде автокөлік құралдарымен басқару үшін оқыту;
3) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау – Қазақстан Республикасының жұмылдыру резервін даярлау мақсатында, әскери кафедраларда өтеулі және өтеусіз негізде ЖОО студенттерді оқыту және бейбіт уақытта Қарулы Күштерді, басқа әскерлерді және әскери құралымдарды жасақтау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *