Инфекциялық – қабыну аурулардың үнемді антибактериалды терапиясының негізгі принциптері
2. Мақсаты: Студенттерді инфекциялық – қабыну аурулардың үнемді антибактериалды терапиясының негізгі принциптерімен таныстыру.
3. Дәріс тезистері. Микробқа қарсы қасиеттерге ие дәрілік құралдарды екі топқа бөледі. Бірінші топқа таңдамалы микробқа қарсы әсерге ие емес препараттар жатады. Оларға антисептиктермен дезинфекциялық заттар жатады.
Антисептиктерді негізінен беттік ұлпаларға сыртқа жағады. Концентрациясына байланысты олар бактериостатикалық әсер етеді. Дезинфекциялық құралдар медициналық құралдарды, аппаратураларды, бөлмелерді, ыдыстарды, науқастардың бөлінулерін залалсыздандыру қолданады. Олар бактерицидті концентрацияда қолданады.
Антисептиктермен дезинфекциялық құралдар микроорганизмдер, қарапайымдылар және саңырау-құлақтар қатынасында кең спектрлі әсерге, жоғары белсенділікке ие болуы керек.
Антисептиктерге қойылатын негізгі талап: ұлпаларға жергілікті теріс әсерінің жоқтығы, енгізген жерден сіңірілудің аздығы, аллергиялық әсерінің жоқтығы және уыттылықтың төмен болуы болып табылады.
Дезинфекциялық заттар өңделетін заттарды зақымдамау керек. Антисептиктер белсенділігін бағалаудың критериі фенолды коэффициент болып табылады.
Әртүрлі антисептиктермен дезинфекциялық заттардың әсер ету механизмі бірдей емес және ақзаттардың денатурациясымен, плазматикалық мембрананың өткізгіштігінің бұзылысымен, микроорганизмдердің өмір сүруіне маңызды ферменттердің тежелуімен байланысты.
Химиялық түрде препараттар келесі топтарға жатады: 1) детергенттер: церигель 2) бигуанидтер: хлоргексидин 3) нитрофуран туындылары: фурацилин 4) фенолмен оның туындыларының топтары: таза фенол, резорцин, қайын қара майы 5) бояғыштар: бриллиант жасылы, метилен көгі, этакридин лактаты 6) галлогенқұрамды қосылыстар: Б хлорамині, йодтың спиртті ерітіндісі 7) метал қосылыстары: сынап дихлориді, күміс нитраты, мырыш тотығы, сары сынап тотығы, мыс сульфаты, мырыш сульфаты 8) тотықтырғыштар: сутек асқын тотығының ерітіндісі, калий перманганаты 9) Альдегидтермен спирттер: формальдегид ерітіндісі, этил спирті 10) қышқылдармен негіздер: бор қышқылы, аммиак ерітіндісі.
Инфекциялық және паразиттік ауруларды химиотерапевтикалық дәрілермен емдеуі “химиотерапия” терминімен белгіленеді.
Антибактериалды химиотерапевтикалық дәрілерге келесі топтар жатады: 1) антибиотиктер 2) сульфаниламидті препараттар 3) химиялық құрылысы әртүрлі синтетикалық антибактериалды дәрілер 4) мерезге қарсы дәрілер 5) туберкулезге және лепраға қарсы дәрілер.
Антибиотиктер деп – микроорганизмдерге таңдамалы зақым келтіретін немесе жоятын биологиялық текті химиялық құралдарды айтады. Медициналық практикада қолданатын антибиотиктер микроорганизмдерден және саңырауқұлақтардан алынады. Кейбір препараттар синтетикалық және жартылай синтетикалық жолмен алынады.
Антибиотиктердің жіктелуінде әртүрлі принциптер қолданылады. Біріншіден антибиотиктерді химиялық құрылысына және қасиеттеріне байланысты жіктейді: 1) пенициллиндер 2) цефалоспориндер 3) макролидтер 4) тетрациклиндер 5) аминогликозидтер 6) хлорамфеникол тобы 7) полимиксиндер 8) линкозаминдер.
Микробтарға қарсы спектрі бойынша келесі топтарға бөлінуі мүмкін: 1) грам оң микрофлораға әсер ететін антибиотиктер (бензилпенициллиндер, эритромицин тобының препараттары) 2) әсер ету спектрі кең антибиотиктер (цефалоспориндер, тетрациклиндер, левомицетин препараттары, аминогликозидтер) 3) грам теріс микрофлораға әсер ететін антибиотиктер (полимиксиндер).
Антибиотиктер әсеріне байланысты бактериостатикалық (микроорганизмдердің өсіп дамуын тежейтін) немесе бактерицидті (микроорганизмдердің өлімін пайда ететін) эффект көрсетеді.
Антибиотиктер әсер ету механизмдеріне байланысты да бөлінеді: 1) бактериялардың клетка қабырғасының синтезін бұзады (пенициллиндер, цефалоспориндер) 2) цитоплазмалық мембрананың өткізгіштігін бұзады (полимиксиндер) 3) клеткаішілік белок синтезін тежейді (тетрациклиндер, левомицетин тобы, аминогликозидтер, макролидтер) 4) РНК синтезін бұзады (рифампицин).
Пенициллиндер. Олар бөлінеді: 1) табиғи пенициллиндер 2) изоксазолилпенициллиндер 3) аминопенициллиндер 4) карбоксипенициллиндер 5) уреидопенициллиндер. Барлық пенициллиндердің фармакодинамикасы бірдей. Олар микробтардың қабырғасының түзілуін митоз кезінде бұзады. Бактерицидті әсер көрсетеді.
Табиғи пенициллиндер (бензилпенициллин калий, натрий, новокаин тұзы, бициллин-1, бициллин-5, феноксиметилпенициллин). Фармакокинетикасы. Барлық бензилпенициллиндер қышқылға тұрақсыз болып табылады, сондықтан асқазанда тұз қышқылының әсерінен бұзылады. Сонымен бірге олар ішек микрофлорасымен өндірілетін бета-лактамаза әсерінен инактивацияланады. Бензилпенициллиндерді тері астына, бұлшық етке, ал бензилпенициллин натрий тұзын, сонымен бірге күре тамырға, эндолюмбальды және қуысқа енгізеді.
Жағымсыз әсерлері: табиғи пенициллиндердің уыттылығы аз, бірақ жиі және кең таралған жанама әсерлерінің бірі тез және баяу типті аллергиялық реакциялар болып табылады.
Қарсы көрсеткіштері: пенициллин және цефалоспорин тобының антибиотиктеріне гиперсезімталдық..
Изоксазолилпенициллиндер (клоксацилин, оксацилин, флуоксациллин).
Бір-бірімен әсерлесу: пенициллин тобының дәрілері аминогликозидтер, монобактамдар, цефалоспориндер секілді антибиотиктердің синергистері болып табылады. Пенициллин тобының антибиотиктері келесі антибиотиктермен сыйымсыз: макролидтермен, М полимиксинімен, тетрациклинмен, сонымен бірге түйінді диуретик фуросемидпен, бутадионмен, глюкокортикоидтарымен.
Цефалоспориндер (1буын цефалоспориндері: цефалексин, цефрадин, цефалотин, цефазолин; 2 буын цефалоспориндері: цефаклор, цеуроксим-аксетш, цефуросим, цефамандол, цефотетан; 3 буын цефалоспориндері: цефиксим, цефлодоксим, цефотаксим, цефтриаксон, цефтазидим; 4 буын цефалоспориндері: цефпиром, цефитим).
Жанама әсерлері: аз уытты болып 1 буын цефалоспориндері болып табылады, сондықтан оларды жиі амбулаторлық практикада қолданады (цефалотин және цефалоридиннен басқа). 2, 3, 4 буын цефалоспориндері жоғары уытты және ереже бойынша негізінен клиникалық жағдайларда қолданады. Одним из наиболее опасных побочных эффектов цефалоспоринов является их способность вызывать суперинфекцию.
Қарсы көрсеткіштері: цефалосориндер және пенициллиндер тобының антибиотиктеріне гиперсезімталдық, аллергиялық реакциялар.
Бір-бірімен әсерлесу: 1 буын цефалоспориндерін нефроуытты әсерге ие дәрілермен қиыстырмайды. Подаграны емдейтін пробенецид несеппен бірге цефадроксил, цефуроксим, цефамандол, цефотаксим секілді препараттардың бөлінуін азайтады, сөйтіп ағзада олардың кумуляциясын қамтамасыз етеді.
Бір шприцте цефалоспориндерді антибиотик-аминогликозидтермен және фосфодиэстераза ингибиторы эуфиллинмен бірге енгізуге болмайды.
Карбапенемдер. Оның 2 буыны бар. 1-ші буынына: имипенем, тиенам, примаксин; 2-ші буынына: меропенем жатады.
Бір-бірімен әсерлесу: карбапенемдерді басқа бэтта-лактамды антибиотиктермен бірге енгізуге болмайды (антагонизм пайда болады).
Жанама әсерлері: аллергиялық реакциялар, суперинфекция, нефротоксикалық
Монобактамдар. Оларға азтреонам жатады.
Бір-бірімен әсерлесу: азтреонамды бір шприцпен басқа дәрілермен енгізуге болмайды (химиялық әсерлесу).
Аминогликозидтерге (1-ші буын: стрептомицин, неомицин, мономицин, канамицин; 2-ші буын: гентамицин, сизомицин, тобрамицин; 3-ші буын: амикацин, нетилмицин; 4-ші буын: изепамицин) жатады.
Жанама әсерлері: аллергиялық реакциялар, ототоксикалық, нефротоксикалық.
Бір-бірімен әсерлесу: аминогликозидтермен бірге келесі топ дәрілерін енгізуге болмайды: миорелаксанттар, антидепрессанттар, линкомицин, клиндамицин антибиотиктерімен, құрамында магний бар дәрілермен (жүйке бұлшық ет бөгетінің дамуына байланысты), оттотоксикалық дәрілермен бірге, нефротоксикалық дәрілермен бірге.
Тетрациклиндер. Оларға жатады: тетрациклин, окситетрциклин, доксициклин, метациклин, миноциклин.
Жанама әсерлері: қан жасушаларына тежегіш әсер, сперматогенезді бұзады, диспипсия, ағзадағы синтезын бұзады, сүйекпен тістің дамуын бұзады, гепато және нефротоксикалық әсері.
Бір-бірімен әсерлесу: тетрациклиндер келесі дәрілермен тиімсіз: аминогликозидтермен, левомицетин тобының антибиотиктерімен, тікелей емес антикоагулянтормен, миорелаксанттармен, диабетке қарсы дәрілермен.
Макролидтермен азалидтерге (эритромицин, олеандомицин, рокситромицин, диритромицин, азитромицин, спирамицин, мидекамицин) жатады.
Жанама әсерлері:аз уытты дәрілер болып табылады, кей кезде диспепсиялық әсерлер, холестаз, стоматит, гингивит пайда болуы мүмкін.
Бір-бірімен әсерлесу: макролидтерді кұрамында алюминий және магний бар антацидті дәрілермен бірге беруге болмайды, себебі антибиотиктердің сіңірілуін азайтады.
Линкозамидтерге (линкомицин және клиндамицин) жатады.
Жанама әсерлері: диспепсия, аллергия, гепатотоксикалық, гематотоксикалық, псевдомембранозды колит.
Бір-бірімен әсерлесу: линкозамидтерді жүйке бұлшық ет берілуді бұзатын препараттармен, антигипертензивті дәрілермен бірге беругі болмайды, себебі тыныс бұлшық еттердің тежелуі және артериялық қысым күрт жоғарылауы мүмкін.
Антибактериалды дәрілердің қолдануының тиімділігімен қауіпсіздігін науқас жағдайының динами-касын және препаратқа жағымсыз реакцияларын ескеру арқылы бағалайды.
4. Иллюстрациялы материалдар
5. Әдебиет:
Негізгі:
1. Орманов Н.Ж., Орманова Л.Н.Фармакотерапия 1 и 2 том. Шымкент,2012 г.
2. Орманов Н.Ж., Егизбаев М.К. Фармакотерапия в кардиологии, Шымкент, 2012г.
3. Орманов Н.Ж., Садырханова Г.Ж., Орманова Л.Н., Мусахова М.О., Фармакотерапия в пульмонологии, Шымкент, 2012г.
4. Орманов Н.Ж., Егизбаев М.К., Орманова Л.Н., Сарманова Н.М., Фармакотерапия в ревматологии, Шымкент, 2013г.
5. Орманов Н.Ж., Орманов Т.Н., Садырханова Г.Ж., Фармакотерапия болезней органов пищеварения, Шымкент, 2013г.
6. Гузева В.И., Михайлов И.Б. Фармакотерапия нервных болезней у взрослых и детей. – М. Медицина 2002.
7. Шток В. Фармакотерапия в неврологии. – М. Медицина, 2005.
8. Клиническая фармакология / Под ред. В.Г. Кукеса. – М.: Изд-во Моск. Мед. академия, 2008.
9. Клиническая фармакология . Национальное руководство + СД / под ред. Ю.Б. Белоусова, В.Г. Кукеса, В.И. Петрова, В.К. Лепахина, Л.Е. Зиганшиной. – М., «Геотар – Медиа», 2008.- 1000 с. Электронные ресурсы.
10. Клиническая фармакология. Консультант врача. Электронная информационно –образовательная система на СД.- М., «Геотар – Медиа», 2008.
11. Белоусов Ю.Б. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002.
12. Белоусов Ю.Б., с соавт Клиническая фармакология и фармакотерапия. – М.: Медицина, 2001.
Қосымша:
1. Орманов Н.Ж., Орманова Л.Н. Фармакология кесте мен сызбада, Шымкент,2011 жыл.
2. Орманов Т.Н. Дәрілердің өзара әсерлесуінің белсенділіктері,Шымкент, 2013 жыл.
3. Федюкович Н.И. Справочник по лекарственным препаратам. Минск, 2001.
4. Лепахин В.К. с соавт. Клиническая фармакология с международной номенклатурой лекарств. – М.: ГОЭТАР, 2002
5. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. Клиническая фармакология. – пер с англ. В 2-х т., М.: Медицина, 2002.
6. Середенин С.Б. Лекции по фармакогенетике. Учебное пособие. М., 2004.
7. Филипенко Н.Г., Поветкин С.В. Клиническая фармакология и фармакотерапия в таблицах, схемах и алгоритмах.- М., «Медицина», 2004-116 с.
8. Машковский М.Д. Лекарственные средства . пособие для врачей. М., 2005.
9. Крылова Ю.Ф. Взаимодействие лекарственных средств.М., 2005.
10. Волошин П.В., Тайцин В.И. Лечение сосудистых заболеваний головного и спинного мозга. – М., «МЕД-пресс-информ», 2005.
11. Дополнительное лекарственное обеспечение ( ДЛО) . Консультант врача. Электронно – информационная образовательная система для практикующих врачей на СД. Версия 2. – М., «Геотар – Медиа», 2007
12. Перевод с английского Левина О. Фармакотерапия в неврологии и психиатрии. М., 2007.
13. Левин О.С. Современные подходы к диагностике и лечению боли в спине. – Москва, 2008.
14. Клиническая фармакогенетика : уч. пособие / под ред. Н. П. Бочкова, В.Г. Кукеса – М, «Геотар-Медиа», 2007 – 248 с.
15. Ф.Леманн-Хокрн, А.Лудольф. Лечение заболеваний нервной системы. – Москва. МЕДпресс-информ. – М., 2004.
16. Штрибель Х.В. Терапия хронической боли. Практическое руководство. «ГЭО-ТАР — Медиа», 2006.
17. Эни С.Д., Койл Дж.Т. Фармакотерапия в неврологии и психиатрии. – М.: МИА, 2007.
18. Михайлов И.Б. Основы фармакотерапии детей и взрослых, руководство для врачей. М.: АСТ, СПб.: Сова, 2005.
19. Гудман Г., Гилман Г. Клдиническая фармакология по Гудману и Гилману. Перевод 10-го издания. – М.? «Практика», 2006г. – 1648с.
20. Клиническая фармакология / Под ред. В.Г.Кукеса, А.К. Стародубцева /- М.: Изд.дом «ГЭОТАР-МЕД», 2006.-640с.
21. Белоусов Ю.Б., Гуревич К.Г. Клиническая фармакокинетика. – М.: Изд.дом «ГЭОТАР-МЕД», 2005.-288с.
22. Мартынов А.И., Мухин Н.А. Внутренние болезни.- М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2005.
23. Мухин Н.А., Моисеев В.С. Пропедевтика внутренних болезней. – М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2004.
6. Қорытынды сұрақтары:
1. Келесі терминдерге анықтама беру:
a. дезинфекция және дезинфекциялық құрал;
b. антисептика және антисептикалық құрал.
2. Антисептиктермен дезинфекциялық құралдарға қойылатын талаптар.
3. «антибиотик» терминіне анықтама.
1. «таңдамалы антибиотик», «резервтегі антибиотик» түсініктемелердің анықтамасы.
2. Инфекцияның әсерінен пайда болатын ауруларды атау.