БАПАН БИДІҢ РАҚЫМҒА АЙТҚАН КӨҢІЛІ

БАПАН БИДІҢ РАҚЫМҒА АЙТҚАН КӨҢІЛІ

Ауырлыққа сабыр қып,
Артын тілей сұраса,
Қайыры болсын қазаның,
Ием солай санаса.
Ешбір пенде өкінбес,
Бір тәңірісін ойласа.
Тағдырға тоқтау кім салар,
Ақылға терең бойласа.
Қарсылық еткен болады,
Болмасқа жанын қинаса,
Өткен қайтып келер ме?
Бар қайғыны жинаса.
Өлмей адам жүрмек қой,
Ажал аяп сыйласа.
Шүкіршілік ету міндет қой,
Әр тәсілді ойласа.
Қайғыны қалай жеңеді?
Ақыл-есін жимаса.
Жүректі билеп, у ішер,
Тұла бойды қуаласа.
Адамдықтан қалдырар,
Ақылды қайғы ұрласа.
Өлген қайтып келу жоқ,
Ел-жұрт болып шуласа.
Разылық еткен бола ма?
Көздің жасын тыймаса.
Жылаудың да орны бар,
Артыңда ұрпақ қалмаса.
Сабырлық еткен жарасар,
Ағайын, халқы қайғырып,
Көңіл айтып сыйласа.
Шерлі көңілін тия алмас,
Сөзі жөнге сыймаса,
Қайғы деген бір теңіз,
Түбіне жетпес, бойласа [4].

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *