КІМДІ ҚАЛАЙ ТАНИСЫЗ?
Ауыл адамдары Бапан биді алқа-қотан ортаға алып, өткен-кеткен әңгімесін тыңдайды екен. Сонда «Кімді қалай танисыз?» дегенде ол былай термелепті:
Кісі болар кісіні – кескінінен танимын.
Кісі болмас кісіні – мүшесінен танимын.
Жомарт болар кісіні – табағынан танимын.
Сараң болар кісіні – қабағынан танимын.
Дауы жөнсіз кісіні – сөзінен- ақ танимын.
Өзі тұйық жігітті – жүрісінен танимын.
Іші сұйық әйелді – күлкісінен танимын.
Палуан болар жігітті – шалысынан танимын.
Мерген болар жігітті – атысынан танимын.
Батыр болар жігітті – сапысынан танимын.
Бай болатын жігітті – пейілінен танимын [3].