БАПАН БИДІҢ БАЛАСЫНА АЙТҚАН ЖАУАБЫ
Бапан би жиында жастарға, оның ішінде өзінің баласы Саққұлақтың: «Ел дегенің немене?, Ер дегенің немене?»- деген сұрағына былай деп термелей жауап беріпті:
Суы тұщы болмаса,
Мал-жанның бәрі сусындап,
Суы тұщы болмаса,
Мал-жанның бәрі сусындап,
Мейірі оның қанбаса,
Көл дегенің немене?
Ынтымақ, бірлік болмаса,
Елдікке мойын бұрмаса,
Үлкеннің айтқан сөздерін,
Кішісі қолдап тұрмаса,
Ел дегенің немене?
Еліне құрбан болмаса,
Абырой-бедел қонбаса,
Ағайын-туыс, ел-жұрты,
Шатырым-ау деп тұрмаса,
Ер дегенің немене?
Түлігің жайлап тоймаса,
Қатар өсіп мал мен бас,
Қуанып елің қонбаса,
Жер дегенің немене?
Желден пана болмаса,
Қырды бөгеп тұрмаса,
Аңдары қойдай өрмейтін,
Қызығын адам көрмейтін,
Қадірі жоқ қырқалы,
Бел легенің немене?
Адал жүрек болмаса,
Сөзіне опа қылмаса,
Түзулікті бұрмалап,
Өтірікті бұрмалап,
Өтірікті шындаса,
Кең дегенің немене?
Атантүйе атамай,
Ат айғырды матамай,
Шын икемге келмесе,
Түзу-жөнді білмесе,
Төл дегенің немене? –
деген екен