БАПАН БИДІҢ ТҰРЛЫБЕК КӨШЕНОВКЕ АЙТҚАНЫ
Қоржынкөлдегі бір жер дауына тілмаш Тұрлыбек Көшеновке Бапан былай депті:
Саған бір уыс топырақты ұлық берген,
Маған бір уыс топырақты халық берген.
Саған берген топырақ көзіңе түсер,
Маған берген топырақ көріме түсер.
Сен шеніңе мәзсің,
Мен еліме мәзбін!
Сенің қоқайыңнан қорықпан,
Халқым барда мен тарықпан!
Тұрлыбек бастаған, бай-шенеуніктер бастаған топ:
— Қой бұл Бапанмен айтысып болмас, жайылым жерін өзіне қалдырайық, — деп тарқасыпты [3,177-б].