ТОҚСАН МЕН БАЙ
Тоқсан би жас кезінде тазша жетім болыпты. Балалармен бәкпай ойнап тонған соң, ойынынан қайтып келе жатса керек. Сонда Тоқсан:
Күздігүні болғанда,
Түлкі киген тоңбайды.
Қыстыгүні болғанда,
Дала қонған оңбайды.
Тоқсан құлын саусаң да,
Тоғыз мая биедей болмайды.
Тоқсан тоқал алсаң да,
Бәйбішеңдей болмайды, —
деген екен [6].