ТОҚСАННЫҢ ЕКІНШІ ЖЕҢІЛУІ
Жесір қалған бір жеңгесімен некелесу ойында болып Тоқсан би оның аулына барып, үйіне қонады. Кешке жатар алдында жеңгесі төсек салғанда: «Төсегіңді кең сал, ағаның іні мұрасы, ағамның орнына жатамын»,- депті. Бұдан бұрын арада еш сөз болмаған екен. Сонда жеңгесі:
Бір ауыл болады,
Боз төбелі үйі болады.
Ол ауылдың,
Қадірлі ақсақалы болады.
Сөзге тоқтайтын,
Байсалды биі болады.
Енді бір ауыл болады,
Шоштаңдаған биі болады.
Шошырайған үйі болады.
Байсалды бидің ақылы басыңда болады.
Шолтаңдаған бидің ақылы,
Астында болады.
Оның қайсысына жатасың,
Ендігісін өзің біл, —
деген екен [1,113-114-б].