СЕКСЕН МЕН ТОҚСАННЫҢ КИІКБАЙ БИГЕ БАРҒАНЫ

СЕКСЕН МЕН ТОҚСАННЫҢ КИІКБАЙ
БИГЕ БАРҒАНЫ

Сексен мен Тоқсан әкесі өлген соң ақыл-кеңес сұрап Киікбай шешенге барыпты.
Жөн сұрасып, жағдайға қаныққаннан кейін Киікбай:
— Ел бастап – би, қол бастап – батыр болғалы тұрған ұл екенсіңдер, бір-екі ауыз сұрағым бар, соған жауап беріңдер, — дейді.

Күнде не парыз?
Айда не парыз?
Жылда не парыз?
Қарашыға не парыз?,-

деп жоғарырақ отырған сексенге қарапты. Ол жауап бере алмаған соң Тоқсанға бұрылыпты. Тоқсан:

Күнде бес уақыт намаз парыз,
Айда отыз күн ораза парыз.
Жылда құрбан шалу парыз,
Ханға халықты тең ұстау парыз, —

депті. Сонда Киікбай шешен Тоқсанға былай деген екен:

Шырағым, тым жоғарылама,
Аспанға асыларсың.
Тым төмендеме,
Аяққа басыларсың.
Орта бол, орта болсаң,
Әлі-ақ санатқа қосыларсың.
Тоймасқа құймасын бітер,
Болмысты болдырам деме,
Жасың бітіп болдырарсың, —

деген екен [7].

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *