ҚҰНАНБАЙ МЕН ТОҚСАН
Құнанбаймен бірге Омбыға айдалып барған Тоқсан бидің туысы Торқан деген кісі екі жылдан кейін Құнанбайды паналап қашып келіпті. Құнанбай Абайды шақырып алып, «мына Торқанды тәрбиелеп, бақ»,-депті. Абай: «тәте, бұл адам кіміңіз еді?» дегенде Құнанбай:
Қажымас, қате баспас хан бола ма?
Таусылмас, табан таймас жан бола ма?
Бәйгіден қосқан сайын келсе дағы,
Тұлпарда арықтаса сән бола ма?, —
деп, бұл кісі қиын жағдайдағы жолдасым депті[10,225-б].